0 дауыс
980 көрілді
Саламатсызба! Мен кызымның тегін екінші күйеуімнің атына ауыстырайын деп едім, маған толық мағлұмат берсеңіздер? Бұрынғы күйеуімнің рұқсатынсыз қалай ауыстыруға болады және кімге барамын? Рахмет!

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

36. Бастапқы туу туралы куәлік жоғалған, пайдалануға жарамсыз болған және осы Қағидалардың 29-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көрсетілген деректерді сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ енгізілген өзгерістерге, толықтыруларға және түзетулерге байланысты мұрағат актісі жазбасының негізінде тіркеуші орган өтініш берушілердің тұрғылықты жері бойынша туу туралы қайталама куәлік береді.
      37. Туу туралы қайталама куәлік алу үшін оларға қатысты азаматтық хал актілерін тіркеу туралы жазба жасалған тұлғалар немесе олардың уәкілетті өкілдері мынадай құжаттарды:
      1) туу туралы қайталама куәлік беру туралы өтінішті;
      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      3) бюджетке мемлекеттік баж төлегенін растайтын құжатты, мынадай тұлғаларды қоспағанда:
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар – тууы туралы куәлiктердің тiркелгенi және қайталап берілгенi үшін;
      жеке тұлғалар – азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты туу, қайтыс болу туралы, әке болуды белгілеу, бала асырап алу туралы актiлер жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетiлген кезде өздеріне куәлiктер берілгенi үшiн;
      жеке тұлғалар – туыстарының қайтыс болуы туралы өздеріне қайталап немесе бұрын берiлген куәлiктер алмастырылып берiлгенi үшiн;
      жеке тұлғалар – бала асырап алуға және әке болуды белгілеуге байланысты тууы туралы куәлік қайталап берілгені үшін.
      3) тармақшаның екінші абзацында көрсетілген тұлғалар мемлекеттік баж төлеуден босатуға негіз болатын құжатты;
      4) өкілдің уәкілеттігін растайтын құжатты ұсынады.
      38. Туу туралы қайталама куәлік тіркеуші органға қажетті құжаттар түскен сәттен бастап күнтізбелік бес күн ішінде беріледі.
      Бастапқы туу туралы куәлік берілген басқа тіркеуші органға сұраныс жіберілген кезде туу туралы қайталама куәлікті беру мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылады. Өтініш беруші өтінішті қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы екі жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
      39. Туу туралы қайталама куәлік актілік жазбалармен дәлме-дәл сәйкестендіріліп жазылады. Жергілікті жерлердің атауы сол кезде болған әкімшілік-аумақтық бөлініске дәлме-дәл сәйкестендіріліп көрсетіледі, ал мемлекеттік тіркеу орны – сол кезде болған әкімшілік бөлініс бойынша осы жерде қызмет көрсеткен тіркеуші орган көрсетіледі.
      Қайталап берілетін туу туралы куәліктердің бірінші бетінің жоғарғы жағында «Қайталап» деп көрсетіледі.
      40. Он алты жасқа дейінгі балалардың туу туралы қайталама куәліктері ата-аналарына, қорғаншыларына, бала асырап алушыларға, қамқоршыларына және балаларды тәрбиелеп отырған балалар мекемелерінің әкімшіліктеріне беріледі.
      Он алты жастан асқан, бiрақ он сегіз жасқа толмаған және жеке басын куәландыратын құжат алмаған балаларға ата-аналарының бiреуiнiң не қорғаншысының, бала асырап алушының қатысуымен олар жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде қайталама куәлiктер берiледi.
      41. Өздеріне қатысты ата-аналық құқықтарынан айрылған ата-аналарға, оны қалпына келтіргенге дейін балалардың тууы туралы қайталама куәліктері берілмейді.
      42. Ата-аналық құқықтарынан айырылу фактісін тіркеуші орган мұрағатта сақтауда тұрған туу туралы актісінің жазбасын тексеру жолымен жүргізеді.
      43. Туу туралы қайталама куәлік берілген жағдайда алдында берілген куәлік жарамсыз болып табылады, ол туралы жеке тұлғалар туралы деректер базасында белгі соғылады.
      44. Туу туралы куәлік пайдалануға жарамсыз болған және осы Қағидалардың 29-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көрсетілген деректерді сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайда туу туралы куәлік жарамсыз болып табылады және тіркеуші органға тапсырылуға және ауыстырылуға жатады.
      45. Туу туралы куәліктерді жою туралы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес акті жасалады, онда жойылған туу туралы куәліктердің сериясы, нөмірі мен күні және осы куәлікті берген тіркеуші органның атауы көрсетіледі.
      46. Туу туралы куәліктерді жою үшін туу туралы куәліктер жойылатын тіркеуші орган басшысының бұйрығына сәйкес комиссия құрылады. Тіркеуші органның қызметкерлері қатарынан құрамында кемінде үш адамы бар комиссия қалыптастырылады.
      47. Актіге комиссия мүшелері қол қояды және оны туу туралы куәліктер жойылатын тіркеуші органның басшысы бекітеді.
      48. Туу туралы куәлікті алып қоюды алдын ала тергеу, анықтау органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ әкімшілік іс жүргізу және азаматтықты жоғалтуды ресімдеу барысында лауазымды адамдар жүзеге асырады.

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1300000929

0 дауыс

Неке және отбасы туралы кодексінің 64-бабына сәйкес мынандай жағдайлар жүзеге асырылады. Баланың атын және (немесе) тегін өзгерту

      1. Ата-аналарының екеуi де тегiн өзгерткен кезде кәмелетке толмаған балалардың тегi өзгередi.

      Бала он алты жасқа толғанға дейiн ата-аналарының бiрлескен өтiнiшi бойынша тіркеуші орган баланың мүдделерiн негiзге ала отырып, баланың атын, сондай-ақ оған берiлген тектi ата-анасының екіншісінің тегiне өзгертуге рұқсат береді.

      2. Неке (ерлі-зайыптылық) тоқтатылған немесе неке (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп танылған жағдайда бала өзiне туған кезде берiлген тегін сақтайды.

      3. Егер ата-аналары некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын тіркеуші органда ресімдеместен бөлек тұрса не балаға қатысты әке болу анықталса және бала өзімен бiрге тұратын ата-анасы оған өзiнiң тегiн бергiсi келсе, тіркеуші орган бұл мәселенi баланың мүдделерiне қарай және нотариатта ресімделген басқа ата-ананың пiкiрiн ескере отырып шешедi. Ата-ананың тұратын жерiн анықтау мүмкiн болмаған, ол ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген, әрекетке қабiлетсiз деп танылған кезде, сондай-ақ ата-ана баланы күтіп-бағудан және тәрбиелеуден дәлелсіз себептермен жалтарған жағдайларда, ата-ананың пiкiрiн ескеру мiндеттi емес.

      4. Егер ата-аналары некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын тіркеуші органда ресімдей отырып, бөлек тұрса және бала өзімен бірге тұратын ата-анасы оған өзінің тегін бергісі келсе, тіркеуші орган бұл мәселені ата-аналарының екіншісінің пікірін ескерместен, баланың мүдделеріне орай шешеді.

      5. Егер бала бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) адамдардан туса және әкесi заңды тәртiппен анықталмаса, тіркеуші орган баланың мүдделерiн негiзге ала отырып, оның тегiн анасының осындай өтiнiш жасаған кезде болған тегiне өзгертуге рұқсат етеді.

      6. Он жасқа толған баланың аты және (немесе) тегi заңды өкілдердің қатысуымен алынған оның келiсiмiмен ғана өзгертіледі.

...