0 дауыс
667 көрілді
10 миллион? 10 миллион деген не?
Тек Мәскеудің өзінде 20 миллион адам тұрады. Күйіндіретіні: сол ат төбеліндей аз қазақтың ымырашыл болмауы, ендігі жерде оларды жүзге, руға бөлгенді қойып әлеуметтік жағдайына, тіліне, кімнің қанында қалалық, кімнің қанында ауылдық лейкоциттер көп екеніне, кредит алып алып той жасайтындар мен сол кредит алып той жасағандарды жек көретіндерге, Бас дастарханға жақын отырғандар мен сол дастархандағы мол асқа алыстан жұтына қарағандарға, мәстек-Мазда мінетіндер мен бесті-Бентлимен шайқалтып жүретіндерге, т.б. бөліп тастағандары. Сондықтан біреу бірдеңе айта бастаса екінші адам одан асырып, қаттырақ сөйлеп дауласа жөнеледі. Сондықтан біздің пікірталас үшін Ақиқат маңызды болмай қалды. Бізге бір минутқа ғана өзіміздікі дұрыс екенін дәлелдесек болғаны. Бұл пікірталас емес, бұл – көкезулік. Бұл да зиялылардын бір қырын танытса керек. Әңгіме деңгейі, талқыланған мәселелердің маңыздылығы, пікірталас деңгейі сол жерге жиналғандардың да деңгейін көрсетеді. Енді біз не үшін қызылкеңірдек болып жүргенімізге тоқталайық? Мемлекетті қалай атау керек? Бүгінгінің ең басты сұрағы осы ма? Немесе шет-шегі көрінбейтін әліпби дауы? Әйелдер орамал таға ма жоқ па? Қазақ құдайды Алла деп атай ма, әлде Тәңірі ме? Енді шілтерлі ішкиімнің әңгімесі қосылыпты. Түсінемін, әліпби, тіл, дін, мемлекет атауы дегендер өте маңызды. Бірақ дәл осы күні маңыздылығы олардан әлдеқайда басым мәселе бар. Біз мемлекетімізден айырылғалы тұрмыз. Осының алдын алу керекпіз. Кезінде кеңестік биліктің зымияндығына құрық бойламады, қанқұйылған көзі алыстағыны шалып алашордалықтардың бәрін қырып салды. Өйткені ол азаматтарда халықтың сана-сезіміне ықпал ететін білік, өрлік бар еді. Олар оқытты, ағарту жұмыстарымен айналысты, олар халыққа ақыл-кеңес берді, дұрыс бағыт сілтеді. Ал қазір кімнің ықпалы бар? Кім соны жол ұсынды? Ондайлар жоқ. Билік өз білгенін істеп жүр. Өзімен тең сөйлесе алатындар жоқ болғандықтан тарс бүркеніп алып, тілдесу керектігін мүлдем ұмытты. Билік өзіне керек, ұрымтал тұста өзін қолдап «әндете» жөнелетін зиялыларды тәрбиелеп алды. Сондықтан ол ойына келгенін, қолынан келгенін істеп, былығуда.

Ермек Тұрсынов

Ал сіз қалай ойлайсыз?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Сұрақтың туындауына себеп: "туғанды ма әлде иманды ма?" болып отырған сияқты.

...