Туберкулезді науқастық тамақтану тәртібі
Туберкулезді науқастың тағам құрамында дене мүқтажын өтеуге керекті белок, май, углевод, витаминдер жеткілікті болсын. Бірақ бұл заттарды организмнің мұқтажьша қарай, орнымен пайдалану керек. Бұл тәртіпті сақтау, асіресс, туберкулез науқас үшін өте қажет. Мөлшердегіі артық тағам туберкулез адам үшін пайдасыз. Әсіресе, өзі семіз, қарт және жүрек, қан тамыр, бауыр қызметі нашарлаған, ішегі ауыру адамдарға тамақты көп беру қате. Өкпесі ойылған және туберкулезі өршіп, қатты жығылған адамға да тағамды шамадан көп берудің қажеті жоқ, себебі ауру орган ішкен тамақтың бәрін бірдей ұқсата бермейді. Астың бойға сіңуі негізінде ішек-қарын қызметіне байланысты. Ал шамадан тыс ішкен асты бұлар баптай алмай қалады, тіпті қалыпты қызметі бұзылады. Туберкулезді адамның кейде іші өтіп қалуы осындайдан болады. Сау асқазан – туберкулез адамның қорғаны. Себебі астың бойға сініп, пайдасын көрсетуі үшін асқазан алқабында уыттағыш шырындар жеткілікті болуға тиіс. Ішек-қарын қызметі бұзылғанда бұл шырындардың бөлінуі де берекетсізденеді. Астың бойға дұрыс сіңбейтіні де осыдан. Есте болсын, тым семіріп кету өте зиянды. Артық май жүрек қызметін бұзады, ондай адамның жүріп-тұруы қыйындайды, тез ентігеді, жалпы халі нашарлайды.
Туберкулездін қай түрінде болса да астын жөні бөлек. Бірақ ауру адамдардың бәрі бірдей күшті тамақ тілемейді. Ауырған адам организмінің өзгешелігіне, оның жасына, бойына және атқаратын қызметіне қарап, кімге қандай тағамды қанша беру керектігін тек емдеп жүрген дәрігер ғана белгілеп береді. Мысалы, ас тапшылығынан, ауыр жұмыстан, түрліше қатаң аурулардан және босанғаннан кейін адам жүдеп-жадаса, ондайлардың тамағын күшейтуге тура келеді. Оның өзінде де тамақ мөлшері табиғи нормасынан 15-25 проценттен аспауға тиіс, яғни тәулігіне ішілетін тамақтың жалпы қуаты 2800-4500 калориядан аспауы керек. Мұнымен қатар Туберкулезді адамның күнделікті тағамында алдымен белоктар жеткі¬лікті болуға тиіс. Ауру өршіген сайын белоктың кажеті арта береді. Басқаша айтқанда, мұндай кезде тағамда ет, балық, сыр, сүзбе, сүт жеткілікті болғаны жөн.
Өкпе туберкулезін емдеуде қымыздың шипалық қасиеті күшті. Бие сүті туберкулезді емдеуде ертеден бері пайдаланылып келеді. Зерттеу нәтижесіне қарағанда қымыздың қасиеті оның химиялық құрамына байланысты. Қымыз белогы ішекке жетіп бойға сінімді келеді. Қымыздың адамды аздап желпінтетіні, көңіл көтергіштігі оның құрамында этил спирті, сүттік қышқыл және таза көмір қышқылы болуына байланысты. Қымыз кұрамында бұлардан басқа түрлі ферменттер мен А, В, С витаминдер де бар.
Қазақ халқының өмірінде қымыз бен бірдей орын алған шұбатты, ғылымға белгісіз болғанымен, айтпай кетуге болмайды. Өкпе туберкулезіне шалдығып, қан қақырған талай адамдардың шұбатпен емделіп, жазылғанын көп кездестіріп жүрміз. Біздің арнаулы зерттеуіміздің нәтижесінде шұбат құрамы мен емдік қасиеті жағынан қымыздан артық екен.
Туберкулезді адамға майлы тамақты көбірек беру жайындағы ертедегі көзқарас та өзгерді. Бұдан бірнеше жыл бұрын шипа болады деп ауру адамға борсық шошқа және күзен майлары және басқа да майлы тамақтар беріле берсін дейтін еді. Бұл ұсыныстың соңғы кезде қате екені анықталды, себебі ауру асқынған сайын майдың сіңуі нашарлайды. Май мөлшерден артық қабылданса ол бауыр қызметін және басқа қоректік заттардың ағзада алмасуын бұзады. Сондықтан науқастың күнделікті асындағы май тәулігіне 90-100 грамнан, ал қатал аурудікінде 70-80 грамнан аспауы керек. Майдың әр түрлі және ішінде өсімдік майлары да болғаны жөн. Ауру адамға минералды тұзы мол капуста, сүт, жаңа сүзбе (творог), помидор, инжер, балық майы және с. с. азықтар аралас берілуге тиіс.
Туберкулезде дененің витаминдерге тарықпауы шарт. Есте болсын, туберкулезбен ауырғанда, кесел қозғанда денедегі витаминдер кеми бастайды. Сондықтан бұл аурудан емделгенде витамин ұмытылмай, қайта оның мол болу жары қарастырылсын. Мәселен, денеде А витамин жетімді болуы үшін сары май, сыр, жұмыртқа, бауыр, сүт, балық майы, томат, бұршақ, сәбіз, абрикос және басқа жеміс-жидектерден жасалған тарамдар дастарханда күнде болуы шарт. Ал В витамині кемімеу үшін сыра ашытқысы, бидайдың қоңыр наны, асбұршақ және овощтар күнделікті тағамнан үзілмеуге тиіс. Егер осыларға қоса жұмыртқаның ақ уызын, етті, балықты, бауырды және сүтті тағамға күнде араластырып отырса, онда денеге В2 (рибофлавин) және В6 (пиродоксин) витаминдері жеткілікті барады.
Туберкулезді емдеуде С витаминнін маңызы күшті. Әсіресе ол туберкулез қозып ұлғайғанда, қабырға астары қабынғанда (плеврит), іш астары қабынғанда (пе¬ритонит), ми қабы туберкулезінде пайдалы әсерін тигізеді. Сондықтан С витамині мол қарақат және қызыл қарақат шырындарын, итмұрын тұндырмасын, жидек, помидор, апельсин сығындыларын, керек болса, оларға аскорбин қышқылын да қосып, ауру адамға күнде беруге болады. Бірақ витамині бар асты пісіру әдісін де білу керек. Қөп қайнатып пісірілген сүт пен овощта ви¬таминдер қалмайтыны есте болсын.
Туберкулезді науқас адам тамақты күніге негізінен төрт-бес рет ішуі керек. Бірақ асты бірден өте тойып ішіп-жегеннен гөрі мөлшерлеп жиі тамақтанғанда тағам сіңімді келетіні есте болсын. Адамның әрқашан да белгілі бір мезгілде тамақтануға дағдыланғаны жөн. Осы тәртіп мықты сақталса асқазан жүйесі күн сайын тамақтанатын сағатты күтетін болады, Оның асты баптап сіңіретін шырыны дайындалып тұрады. Бұл — адамның асқа тәбеті шауып тұр деген сөз.
Астың бойға сіңімді болуына оның түрі мен баптап ішу тәртібі де әсер етеді. Айталық, ас жете шайналған сайын ол қарында оңай бапталады, бойға сіңімді келедә. Сондықтан тамақты асықпай ішіп, әбден шайнап жұтудың зор маңызы бар,
Туберкулезді дәрі-дәрмекпен емдеу. Денеге ұялаған туберкулез микробтарының өсіп-өнуін тоқтататын дәрі-дәрмектерді науқастың жалпы деңсаулығын қүшейтетін шараларға қоса жұмсасақ, нәтижесі ойдағыдай болмақ. Бұл жөнінде ғылымның соңғы кезде ие болған біраз жетістіктері бар. Солардың бірі нашарларан ішкі секрециялы без қызметін түзейтін және асқынған Туберкулезді басатын дәрілер. Бұған соңғы кезде кейбір гормондық дәрілер пайдаланылып келеді. Гормондық дәрілер практикада антибиотиктермен қоса жұмсалады. Қабынуға қарсы қолданатын бутадиен, аминазин, туберкулин тәрізді дәрілер де антибиотикпен бірге пайдаланса дәрінің емдік қасиетін көтереді, тұрақты нәтиже береді.
Соңғы кезде туберкулезді емдеуде антибактериалдық дәрілер көп жұмысалып жүр. Тәжірибеде стрептомицин, фтивазид, ПАСК, циклосерин, кейде тибон секілді дәрі¬лер сенімді жақсы актады. Әсіресе фтивазид, ларусан тағы сол секілді дәрілер туберкулез микробына қырғидай тиеді.
Ал антибиотиктік және химиялық дәрі-дәрмектер табылып, іс жүзінде қолданыла бастағаннаи бері туберку¬лез науқастардың 85-90 проценті жазылатын дәрежеге жеттік. Бұл – ғылымның адам өмірін созу жолындағы ірі табысы. Химиялық дәрілерден жақсы нәтиже күткен науқас оларды белгілі бір тәртіппен ішқені жөн. Мысалы, тәжірибеде екі дәріні бірден ұзақ уақыт ішуге қосады. Әриие, оның қайсысын қалай, қанша мөлшерде ішуді тек дәрігер белгілейді. Сол секілді гормондық дәрілерді, внтаминдерді қай дәрімен қосып ішуді де дәрігер көрсетеді, Өйткені мұның өзі туберкулездің түріне, өршу сатысына, науқастың антибиотикке және басқа дәрілерге төзімділігіне байланысты. Сондықтан дәрі-дәрмек ішуде дәрігер белгілеген тәртіптен титтей де ауытқымау керек.
Практикада науқасты нақ сауықтыру үшін антибак¬териалдық дәрілерді аурудың түріне, сатысына қарай
9-12-18 айға дейін ішуге тиіс. Тек ауру адам қуаттанып, қақырығы микробтан тазарып, өкпедегі және басқа органдардағы туберкулез ошағы әбден бітеліп, өкпе ойығы жабылған соң ғана науқасты әбден жазылды дейміз, сонда ғана дәрі ішуді тоқтатуға болады. Әрине мұндай нәтижеге тез жету ушін ауруды асқындырмай, кезінде емдеу керек. Ресми мәліметтерге қарағанда өкпе туберкулезі білінісімен 12-15 ай үзбей емдесе, аурулардың 85 процентіне дейіні дақсыз жазылып кететіні анықталып отыр.
Амал қанша, кейбіреулер салақтық істейді. Берген дәріні біраз күн ішеді де, қойып кетеді немесе бірде ішіп, бірде ішпей жүріп, артынан қайта бастайды. Олардың ішінде арақ ішіп қоятындар да бар. «Ауру батпандап кіреді, мысқалдап шығады» дейді. Кейбір дәйексіз адамдар осы өмірден алынған талассыз сөзге де құлақ аспайды, 12-18 аи бойы үзбей дәрі ішуді үлкен жүк көреді. Әрине, олардың ақыры жақсылыққа соқпайды, өмірге қауіп туғызады.
Туберкулезді хирургиялық әдіспен емдеу. Туберкулезден адамды емдеудің үшінші жолы – хирургиялық әдіс. Мұндағы мақсат – микроб ұясын денедсн аластау. Хи¬рургиялық шара да басқа емдік әдістермен ұштастьтрыла жүргізіледі.
Туберкулезі асқынып, өкпесі ойылған ауру жеке басына ғана емес, оның төңірегіндегі, әсіресе сол, семьядағы сау адамдар үшін өте қауіпті. Себебі науқас жөтелген, кақырған сайын және басқа да тұтынған заттармен туберкулез микробтарын жан-жағына таратып, жұқтырып отырады. Сондықтан өкпе ойылғанын қалай да жабу шарасы көптен бері іздестіріліп келді.
Өкпедегі туберкулез ойған жараны (каверно) жаппайынша науқасты сауықтыру және оны төңірегіндегі кісілерге қауіпсіз ету мүмкін еместігі айқындалды. Сондықтан қазіргі күнде өкпеге әр түрлі операция жасалып, ашылған қуысты жабу шаралары істеліп келеді.
Кейде науқасты түнгі тер қатты қажытады. Бірақ кейбір қолдан келетін әдісті қолданын, терді тыюға неме¬се азайтуға болады. Тершең науқас тым қалық киінуге, әсіресе, түнде қалық оранып жатуға болмайды. Бөлмені ысытып жібермей, оны қоқыр салқын (12-13 градус) жылылықта ұстаған жөн. Жатар алдында денені жылымшы сулы орамалмен ысып ішкі киімді жиі өзгертіп тұру да пайдалы.
Өкпе туберкулезінің кейбір түрінде қан қақыру жиі кездеседі, тіпті өкпеден қан да ағады. Қақырықта аздап қан тамшысы, қан ізі көрінісімен адам кідірмей дәрігерге көрінуге тиіс. Әрине, дәрігерге қан араласқан қақырықты ала барған жөн. Қақырыққа араласқан қанның түрін көріп дәрігер оның қайдан шыққанын айтады.