Мен сенемін! Егер қос ғашықтың сезімдері шынайы, сенімдері берік болса, ара қашықтық махаббатқа еш әсер етпейді деп ойлаймын, қайта ғашықтар бір - бірінің қадірін түсінетін болар. Өзімнің басымнан ондай өткен жоқ, дегенмен группалас құрбымның басындағы жағдайға куәмін. Оның жігіті Астанада жұмыс жасады, ал өзі Алматыда білім алды. Екеуі екі жыл жүріп, отбасын құрды. Бүгінде шаңырақтары шаттыққа толы жас отбасылардың бірі.