0 дауыс
858 көрілді

Наурыз - ұлттық киім, құрт-бауырсақ мейрамы. Есеп үшін міндеттелген іс-шаралар, киіз үйлер, концерттер, тақия-шапан, қамзол.

7 мамыр - әскерге жұмысқа тұру үшін баратындардың мейрамы, халықтың әскерге бармауға себебі мол қалған бөлігі демалады.

Конституция күні - ??? Ешкімге түсініксіз, тіпті алаңдағы есептік концерттерге де ешкім бармайтын, үйлерінде жатып демалатын күн.

Тәуелсіздік күні - есептік іс-шаралар, митингтерден қорқу, бірнеше күн демалысқа жіберілетін күндер.

Айт - дін ұстанатындардың мейрамы. Қалғандарына демалыс.

Жаңа Жыл - бұқаралық жалғыз мейрам. Адамдар ешқандай есепсіз, өздері тойлайтын күн.

8 наурыз - әйелдер күні... Бұл жалпы мейрам ба? Мейрамды адамдар қуанып тойлауы керек қой? Негізгі мақсаты сексизмге қарсы болғанымен, уақыт өте келе сексист мейрам болған күн. Әйелдер қалай тойлауы мүмкін бұл күнді? Айлығы мен пособиемен балаларын әзер асырап отырған жалғызбасты аналар, күйеуге шыға алмай осы мейрамды кафеде өзі сияқты қыздармен "тойлайтын" кәрі қыздар, жыныстық сауаты жоқ жас аналар немесе "көкек" аналар, тұрмыста, жұмыста, өмірде зорлық-зомбылық көретін әйелдер, жыныстық дискриминация құрбандары...

Мейрамды бақытты адамдар тойлайды. Ал 8 наурызға әйел проблемаларына назар аударту сияқты жаңа сипат беру керек. Бір құттықтау, шамалы премия, гүл-шоколад, бір күндік назар шешпейді ештеңені. 8 наурыз - Халықаралық Әйелдер күнінің бұрынғы мағынасын қайтару керек. Оған қосымша Аналар күні, Әкелер күні сияқты тамаша мейрамдар енгізілсе қуанар едім

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...