0 дауыс
379 көрілді

Сәлеметсіз бе? Мен 2007 - 2010 жж аралығында жд колледж бітірдім, қолыма дипломымды алдым да, қосымша сырттай математика мамандығына документ тапсырып ол оқуымды 2013 жылы бітіріп шықтым. Сырттай оқып жүріп бірінші дипломыммен жұмыссыздыққа  жұмыс іздеуші ретінде тіркелдім де, өз мамандығым бойынша жұмыс табыла қоймаған соң ауылда әкімшілікке уақытша декреттік демалысқа шыққан іс - жүргізушінің орнына 2012 ж 18 - маусым күні қабылданып, 2013 жылдың 2 мамыр күні 10 ай жұмыс жасап орнымдағы апай жұмысқа қосылатын болғасын жұмыстан босатылдым. Содан кейін 2014 жылдың 1 - наурызынан бастап - 2017 жылдың 4 - қыркүйегіне дейін сол ауылдағы білім ордасына яғни,  мектепке уақытша ЭЕМ оператор болып жұмысқа қабылданып, сол мектептен зейнеткерлікке шыққан апайдың орнына қыркүйектің 4 - нен бастап тұрақты түрде химия - биология - физика пәндерінің лаборанты болып жұмысқа қабылдандым.

Ауылдық жерлерге жұмысқа тұрған жас мамандарға дипломмен ауылға  бағдарламасы бойынша бір жолғы көтерме ақша мен үй алуға көмек бар дегенді естіп документ тапсырғанмен бірақ, маған уақытша жұмыс жасаған орнымды және казір жұмыс жасап жатқан жерімдегі жылдарымды көрсетіп, сізге берілмейді деп жауап қайтарды. Сонда барлық адам мүмкін емес ғой бірден тұрақты жұмысқа қабылданып, үкіметтін беретін көмегін бірден алып жатыр ма деген ой келді. Менің ойымша бастапқы әкімшілікте жұмыс жасағанда  тұрақты болып қабылданып, кейін басқа жұмыс орнына ауысып кетсем екен онда дұрыс ойланатын, уақытша жұмыс жасап тұрақты жұмысқа қабылданған жас маманға қалайша берілмейді. Осы сұрағыма түсінікті әрі нақты жауап берілсе екен.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...