0 дауыс
731 көрілді
Курметты елбасы. Менин сизге жазып отырған хатым алгаш рет. сөзден отинип сураймын. Мен жалғыз басты анамын. 4балам бар. Патер маселеси болып тур. Поляда турамын казирги кезде.свет жок. Соған балалар ым үшін көмек сураймын.бари Әли кишкентай. Менин баска еш амалым жоқ. Еш жер ден уй кезегине тура алмадым. Баринин сурайтыны тек кассаға осынша толесениз тиркеймин уйгедеп шыгарып салады. Менин ондай толейтин акшам жоқ.

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақстанда балалы отбасыларын қолдаудың кешенді моделі құрылған. Оның ішінде мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамту шаралары, салық салу жеңілдіктері бар. 

Бүгінгі күні әлеуметтік көмек отбасылардың 5 санаты бойынша беріледі:

1. 1 жасқа дейінгі баласы бар аналар мен отбасыларға;  

2. көпбалалы отбасыларға;

3.мүгедек баласы бар отбасыларға;

4.аз қамтылған отбасыларға;

5.асыраушысынан айырылған және бала асырап алған немесе қамқорына алған отбасыларға.

Қазақстандық жүйе азаматтың өмірінің барлық кезеңінде қолдау көрсетуді қарастырған. Жүйе әртүрлі әлеуметтік дәрежені және өмірлік жағдайда нақты қамтыған. Барлық әлеуметтік төлемдер жыл сайын инфляция деңгейінде белгіленеді. Бала туған кезде бір реттік жәрдемақы қарастырылған. Оның көлемі бала туу санына қарай бекітілген. 2019 жылы бірінші, екінші, үшінші баланы туғанда берілетін жәрдемақы көлемі – 95 мың 950 теңгені құрайды, ал төртінші және одан көп бала туғанда – 159 мың 75 теңге беріледі. Соңғы үш жылда жәрдемақының көлемі 38 пайызға өсті. 2018 жылдың қортындысы бойынша, осы санаттағы отбасыларын қолдауға берілетін жәрдемақыға 40,7 млрд теңге бөлінді. Осы жәрдемақыны барлығы 395 мың адам алды.

Онымен қоса, біздің елде 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік қолдау қарастырылған. Мұндай қолдауға жұмыс істейтін де, жұмыс істемейтін де аналар ие.

Егер баланың анасы жұмыс істемейтін болса, бала туғаннан кейін оған 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы беріледі. Ол бір жыл бойы ай сайын беріледі. Ай сайын алатын жәрдемақы көлемі 14 544 теңгеден 22 473 теңгеге дейін жетеді.

2018 жылы бұл жәрдемақыны 125 мыңға жуық адам алды. Жалпы сомасы 30 млрд теңге.  Соңғы 3 жылда аталған жәрдемақының көлемі 19 пайызға артты. 

Егер баланың анасы жұмыс істеген болса, оған да әлеуметтік төлемдер беріліп тұрады. Оған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік жәрдемақы беріледі.

Біріншіден, жүктілік және бала туу кезінде берілетін төлем. Оның көлемі әйелдің соңғы 12 айдағы орташа айлық табысына қарай белгіленеді. Өткен жылдың қортындысы бойынша осындай төлемнің орташа көлемі  391 170 теңгені құрады;

Екіншіден, 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақы соңғы 2 жылдағы орташа айлық табысының 40 пайызын құрайды. 2018 жылы аталған жәрдемақының орташа көлемі  32  мың 361 теңгені құрады.

2018 жылы барлығы 400 мың ата-ана Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жалпы сомасы 165 млрд. Теңге болатын жәрдемақы алды. 

Одан бөлек, мемлекет жүкті әйелдердің декреттік демалысында орташа айлық табысынан 10 пайыз көлемінде міндетті зейнетақы жарнасын субсидиялайды.  Бұл бала күтімімен демалыста отырған әйелдердің зейнетақы жинағы тоқтап қалмау үшін жасалып отыр. 

Жұмыс істейтін әйелдердің құқығы мен кепілі еңбек заңнамасымен қорғалған. Мысалы, экономикалық себептермен штатты қысқарту негізінде, жұмыс көлемін төмендетуде еңбек келісім-шарты бұзылмайды:

- жүктілігі туралы анықтамасы бар жүкті әйелдермен;

- 3 жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен;

- 14 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған (18 жас дейінгі мүгедек-баласы бар) жалғыз басты аналармен.

Өз кәсібін ашықысы келетін әйелдер үшін, біздің елде әйелдер кәсіпкерлігін қолдайтын әртүрлі  бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр.  2018 жылы  нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша   3033 әйел микрокредит және  1243 әйел жаңа бизнес идеяларын дамытуға 100 АЕК көлемінде грант алды.

Мемлекет көпбалалы аналарға ерекше көңіл бөледі,онда бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.

Әрбір көпбалалы анаға,  «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алғандарға немесе бұрын «Батыр Ана», 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен наградталғандарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы беріледі.  Бұл жәрдемақы өмірбақи беріледі және ана зейнеткерлікке шыққан күнде де тоқтатылмайды, сондай-ақ ол оның табысынан тыс беріледі.

Жәрдемақының көлемі 16 160 теңгені (6,4 АЕК)  құрайды және жыл сайын инфляция деңгейінде белгіленеді.  Бұл жәрдемақы құрметті  атаққа ие болған аналарға беріледі. Сондықтан ол төменгі күн көріс деңгейіне байланыстырылмайды. Бүгінде Қазақстанда мұндай құрметті  атақ 237 мың анаға берілді. Жыл сайын осы төлемге бюджеттен 45 млрд теңге бөлінеді.

 «Алтын алқа» және «Күміс алқа» атағын алған көпбалалы аналар жекелеген салық түрлерінен және мемлекеттік баждан босатылған:

-көлік құрадары салығынан және жер салығынан;

-тұрғылықты жерін тіркеу барысында, төлқұжат және жеке куәлік алуда нотариалдық және заңгерлік маңызы бар  қызмет түрлері үшін мемлекеттік баждан;

4 және одан көп кәмелет жасқа толмаған баласы бар көпбалалы отбасыларына арнайы мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Өткен жылы 271 мың отбасы осындай жәрдемақы алды. Жалпы сомасы 32,8 млрд теңгені құрайды. 

Зейнетақымен қамтамасыз ету  мәселесінде 5 және одан да көп бала туған аналар 53 жасында зейнеткерлікке шығуға құқылы.

Табысы төмен отбасыларын мемлекеттік қолдаудың жекелеген шаралары қарастырылған. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап аз қамтылған отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі енгізілді. Оны тағайындау үшін кедейлік шегінің мөлшері күн көріс деңгейінен 40 пайыздан 50 пайызға дейін ұлғайтылды. Осылайша 2017 жылмен салыстырғанда Атаулы әлеуметтік көмектің орташа көлемін 2 есеге арттыруға мүмкіндік туды. 

АӘК жаңа форматта  беріліп жатыр  және тек ақшалай төлеммен ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік қызмет түрлері ұсынылуда. Соның ішінде жұмысқа тұруға қолдау көрсету, оқыту, микрокредит беру және т.б.

Сондай-ақ, біздің елде мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларын, асыраушысынан айырылған отбасыларын  және тағы басқаларды қолдау үшін  жекелеген әлеуметтік шаралар  қарастырылған.

16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаға берілетін ай сайынғы әлеуметтік көмектің көлемі 41 578 теңгені құрайды. 16 жастан 18 жасқа дейінгілерге мүгедектік тобына қарай беріледі: бірінші топтағы мүгедек балаға – 57 021 теңге, екінші топтағыға- 47 220 теңге, үшінші топтағы балаға – 35 638 теңге.

Осы төлемге қоса, кәмелет жасқа толғанға дейінгі мүгедек-бала тәрбиелеп отырған тұлғаларға жәрдемақы беріледі. 2018 жылдың қортындысы бойынша 80,6 мың адам осындай жәрдемақы алды. 2019 жылы жәрдемақы көлемі 31 183 теңгені құрап отыр.

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша,  18 жастан асқан бала күнінен бірінші топтағы мүгедек жанға күтімі бойынша жәрдемақы беру енгізілді. Өткен жылы оны 11,5 мың адам алды. 2019 жылы жәрдемақы көлемі 31 183 теңгені құрады.  

Сондай-ақ, техникалық құрал-жабдықпен қамтамасыз етуді қажет ететін балалар (жасанды–ортопедиялық көмек, сурдо, тифло-құрал), жүріп-тұруы үшін қажетті құралмен (арба), шипажайда емделу және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіледі.

Асыраушысынан айырылған отбасыларына, бюджеттен 25 541 теңге көлеміндегі мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған,бұл  асырауындағы бір бала үшін, ал асырауында  алты және одан да көп бала  болса 62 663 теңге беріледі.

Халық үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамту мақсатында, өткен жылдан бері қызметтің 4 түрі бойынша проактивті режим енгізілді. Бұл дегеніміз – азаматтар мемлекеттік органдарға барып жатпай-ақ, қызмет түрін ала алады. Жаңа туған баланы тіркеу,  балабақшаға кезекке қою, бала туғанда берілетін жәрдемақыны және 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша берілетін төлемді рәсімдеу бір проактивті режимде беріледі.  

                                                                        ***

Жалпы ана мен баланы қорғау аясында қабылданған шаралар оң нәтижесін көрсетіп,  демографиялық ахуалды жақсартты. Соңғы 10 жылда бала туу  10 пайызға артты (2008 жылы 356,6 бала туса,  2018 жылы – 391 мың бала өмірге келді).

Толық ақпарат: https://www.enbek.gov.kz/kk/node/358151

...