Біз өткен жолы ер адам мен әйел адамның жаратылысы мен табиғатының әртүрлі болатынын, соған сәйкес ер адамда тестостерон деп аталатын гормонның, ал әйел адамда эстроген, окситоцин гормонының көп болатынын айттық.
Бұл гормондардың көбеюі не азаюы адамның өмір сүру салтына, күнделікті жасайтын іс-әрекеттеріне тікелей байланысты болады екен.
Эндокринолог ғалымдардың айтуынша, егер әйел адам мәжбүрлікпен емес, өзі қалағаннан немесе өзіне ұнайтындықтан, үнемі ер адамның істерін атқаратын болса, үйдегі барлық жауапкершілікті мойнына алып, басқарушылыққа, шешім шығаруға араласатын болса, бірте-бірте оның мінезінің, дене бітімі мен даусының ер адамға ұқсай бастағанын байқап жатамыз. Мұның себебі, оның ағзасында еркекке тән гормондардың көбейіп кетуінен болады екен.
Және мұндай әйелдің күйеуі автоматты түрде өз жауапкершілігін азайтып, әйелге тән гормондарының көбейіп кеткенін байқамай жатады.
Әлемде, отбасында үйлесім, тепе-теңдік, тыныштық орын алуы үшін, әрине ең алдымен, әркім өз орнын біліп, өз ісімен шұғылдануы керек. Сондықтан ер адам өзіне тән гормондарды және энергияны сол секілді әйел де өзіне тән әйелдік сипаттарды әйелдік қасиеттерді көбейтуі керек.
Ал бұл қай кезде көбейеді десеңіз:
✔️БІРІНШІ, ер адамның ағзасында оның өзіне тән тестостерон гормоны мына істерді жасағанда көбейеді:
*қиын бір тапсырманы, үйдегі, жұмыстағы кейбір мәселелерді шешкенде;
*бәсекеге қабілетті болғанда (дүние табу, білім мен ақыл және бір істі атқаруда бөтен еркектермен бәсекелесу кезінде)
*кейбір кедергілерді еңсергенде, *қиындықтың шешімін тапқанда;
*ойлау жүйесі жақсы жұмыс істеген кезде;
*физикалық күшті талап ететін жұмыстарды істегенде. (мысалы, спортпен шұғылдану, жаттығу, ауыр жұмыстарды атқару)
*оқыс оқиға кезінде;
*жақындарына қамқорлық танытқанда, оларды қорғағанда;
Міне, бұл әрекеттердің барлығы ер адамның табиғатына тән болғандықтан, ол мұндай істерден ләззат алады, өзіне күш жинайды, серпіледі, алға қарай талпынады.
✔️ЕКІНШІ, әйел адамның ағзасына тән гормон мына істерді жасағанда көбейеді:
*жақындарымен байланыста болғанда; олармен араласқанда;
*еш нәрсеге алаңдамай, тыныштық тапқанда;
*жақсы көретін адамымен шер тарқатып, сырласқанда;
*өзгелермен қосылып, бір істі жасағанда;
*жақындарынан қамқорлық көргенде, жылы сөз естігенде;
*өзгелерге мейірім танытқанда; басқаларға көмектескенде;
*жақсы көретін құрбыларымен сөйлескенде.
Міне, бұл әрекеттер әйелдерге өте пайдалы.
Біз бұл ақпаратты не үшін айтып отырмыз? Себебі, ер адам мен әйел адамға тән гормонның ауытқымай өз орнымен болуы – аса маңызды. Бұл ер адамның еркектің қуатының қалыпты болуына, ал әйелдің өз табиғатына сай нәзіктігін жоғалтпауына, олардың мінез-құлықтарының да тұрақты болуына жағдай жасайды. Ал гормондардағы ауытқу адамды стреске ұрынғыш, күйзеліске ұшырағыш етеді.
Ер адамға тән қасиеттер – жеңу, қол жеткізу, жаулап алу, таң қалдыру, қамқорлық таныту, қорғау болса,
әйел адамның табиғатына тән қасиеттер – сақтау, үйлестіру, мейірімділік таныту, әдемілеу, сұлулық пен жайлылық орнату, еркелеу, өзгелерден тек жақсы сөз естіп, қамқорлықтарын көру.
Бұл бір жазылмаған заңдылық, өзгертуге болмайтын өмірдің схемасы. Сондықтан әрқайсысымыз өзімізді жөндеуден, өзімізге мән беріп, өз кемшіліктерімізді түзетуден бастайық. Сонда ғана айналадағылардың барлығы бір-бірімен жарасып, жайнап, үйлесім табады!
https://t.me/s/asylarnatelegram?q=%23%D0%B5%D1%80&before=3381