+1 дауыс
18.4k көрілді
Шашым 3-4 күнде тез майланып кетеді. Қандай пайдалы сусабындар немесе тұнбалар қолдануға болады?

4 жауап

+1 дауыс
Шаштың жылдам майлануы оның хи­мия­лық құрамының бұзылуынан. Бұл әсіресе күз-қыс айларындағы суық пен баскиімнің әсерінен болады. Мұндай шашты бір шай қасық ас содасы немесе бор қосылған жылы сумен жуған дұрыс. Сонымен бірге басты аптасына екі-ақ рет жууға дағдылану керек. Егер бұл әдіс­тер көмектеспесе, яғни шаш құра­мын­дағы бөлшектердің жұмысы әбден бұзылған жағдайда бас терісін бес пайыздық бор қышқылы ерітіндісіне салынған мақта там­понымен ысқылап жуған жөн. Бор қыш­қы­лы табылмаса, оны лимон шырынымен алмастыруға болады. Ал халық меди­ци­насы майлы шашты сусабын тигізбестен бұ­рын жарты сағаттай айран жағу ке­рек­тігін ұсынады.

Тым майлы шаш

Бас терісіндегі май бездерінің тым белсенді жұмысы сіздің шашыңыздың тез майлануының себебі болуы мүмкін. Сол себепті мынандай құрамдас бөліктерге назар аударғаныңыз жөн:

Эвкалипт пен гамамелим экстракттары май бездерінің жұмысын реттейді.
Емдік саз қосылған сусабын бас терісін терең тазартады.
Ментол бас терісіндегі қан айналымын реттеп, шаш тамырларын қоректендіреді.
Жожоба майы шашты жақсы тазартады.
Зәйтүн майы бас терісін өте жақсы ылғалдандырады.

Шашыңыз одан әрі майланбас үшін сусабынның құрамында майлы қосылыстар жоқ екендігіне көз жеткізіңіз.
0 дауыс
ОЛ ЖАҒЫН БІЛМЕЙМІН.БІРАҚ МАҒАН ШАШЫҢДЫ КӨП ЖУА БЕРМЕ ТЕЗ  МАЙЛАНАДЫ ДЕП АЙТАТЫН(ҮЛКЕН КІСІЛЕР)
Жауапты біркелкі бас əріппен жазбаңыз.
НЕГЕ?)))
https://surak.baribar.kz/faq#faq7 7.4 сайт ережесіне қарсы
+1 дауыс
3 4 күнде майланса тез майлануға жатпайды. Сізге айтарым майды шашқа арналған сусабындарды қолданбаңыз. Ол бас терісін зақымдап, қайызғақты көбейтеді.
0 дауыс
майлы шаштарга арналған    шампуньдар бар солармен жуыңыз
...