0 дауыс
983 көрілді
Мен билогия география тандаган едим брак кай мамандык жаксы екенин блмим комектесип жбересиздерма кадастр жаксы ма алде жерге орналастыру жаксы кайсысына жумыс табылады ?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

«Біздің көзіміз бірдей болғанмен көз жасымыз əртүрлі» дегендей, бір сыныпта, бір партада отырсақ та, арманымыз əртүрлі. Аз уақыттан соң бөлек-бөлек маман иесі болып кете барамыз. Тіпті таңдау пəніміз бір болса да, мамандығымыз əртүрлі болып шығады ертең. Бір пəннің өзі жоғары оқу орындарында бірнеше салаға бөлініп, өз ағысымен кете барады екен. Бүгін біз география пəнін таңдаған талапкерлерге мамандықтардың легін ұсынбақпыз. «Ғалымға азық берер қайнар көз кітап бетімен, лаборатория аумағымен ғана шектелмейді, өмірді танумен, еңбек адамының жасампаз ісін танумен кең өрісін табады»,  –  дейді Қаныш Сəтбаев аталарың. Географияны таңдаған түлектер үшін бұл салада қандай мамандықтар барын білмекке əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «геофагына» қарай жол тарттық… Қанат ЗҰЛПЫХАРОВ, əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  География жəне табиғатты пайдалану факультеті, «География, жерге орналастыру жəне кадастр» кафедрасының аға оқытушысы: География мамандықтарының аясы үлкен География жəне табиғатты пайдалану факультетінің тарихы терең. Мұнда мүмкіндіктер де көп. Ғылыми география, гидрология, метеорология, геодезия жəне картография, туризм, жерге орналастыру жəне кадастр кафедралары бар. География мамандықтарының аясы өте үлкен. Бұл жерде географияның бірнеше мамандығы біріктірілген. Оның ішінде «Физикалық география», «Экономикалық география», «Топырақтану», «Халықтар географиясы», «Биогеография»мамандықтары оқытылады. Сонымен қатар, осы мамандықтар аясында іс-тəжірибелер қарастырылған. 1-2 курсты тəмамдаған студенттер зоналық практикада Алматы, Балқаш, Қарағанды, Астана, Көкшетау қалаларының бағыты бойынша өтеді. Екінші бағыт бойынша Алматы қаласы, Түрген, Шарын шатқалдары, Шонжы, Сөгеті жазығы, Алтын-Емел ұлттық саябағы мен Ш.Уəлихановтың музейінде болып, Алматыға оралады. Жоғарыда айтқан мамандықты тəмамдаған студенттер География институтында, түрлі ғылыми-зерттеу институттары мен экология департаменттерінде жұмыс істей алады. «Жерге орналастыру  – бүгінде сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Мамандықтың атқаратын міндеті жерді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған. Бұл мамандық иелері жерді аймаққа бөлудің облыстық, республикалық жобаларын жасайды. Жер ресурстарын пайдалану, жақсарту, қорғау бағдарламаларын əзірлейді. Жер бөлімшесіне меншік құқығына жəне жерді пайдалану құқығынақұжаттарды дайындаумен, елдімекендердің шекарасын анықтаумен айналысады. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың жəне жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше жағдайлары бар басқа да жер   бөлімшелерінің шекараларын белгілеу, бөлінген жерлерді жаңғырту жəне қалпына келтіру сияқты негізгі жұмыстарды оқып-үйренеді. «Гидрология» мамандығын бітірген студенттер су шаруашылықтарында, су бөлімдерінде, оқу орындардың «Гидрология» бөлімдерінде қызмет атқаруға мүмкіндігі бар. «Метеорология» мамандығына түскісі келетін талапкерлер географиямен қатар математика, физика пəндеріне алғыр болуы тиіс. Бұл мамандық көбіне қоршаған ортада боп жатқан физикалық құбылыстармен байланысты. Яғни, ауа райын зерттеу, бағалауды оқып-үйренеді. Бітіргеннен кейін метеостанцияларда жұмыс істей алады. «Туризмді» қазіргі кезде «ХХІ ғасыр мамандығы» деп атайды. Себебі, туризмнің дамуы əлемде қарқынды жүріп жатыр. Бұл мамандықтың дипломымен еліміздің əртүрлі қонақүйлеріне, ерекше қорғалатын аймақтарға, қорықтарға, ұлттық саябақтарға, туристік орталықтарға жұмыс іздеп баруға болады. «Геодезия жəне картография» да өте қажетті мамандықтардың бірі деуге болады. Себебі, жерді өлшеу, зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Мысалы, қалаларда ғимараттардың көптеп бой көтеруі, айналма жолдардың салынуы да осы мамандықпен байланысты. Бұл мамандықты игерген түлектерге жұмыс көп. Өйткені, осы салаға байланысты барлық жерде картамен жұмыс жүреді. Бакалаврды бітіргеннен кейін оқуды əрі қарай магистратурада жалғастыруға болады жəне түрлі бағдарламалар бойынша шетелде де білім алуға мүмкіндік зор. Мысалы, Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университеті, Ресей Ғылым академиясының География институты, Австрияның Зальцбург университеті, Германияның Лейбниц жəне Лейпциг университеттері, Ұлыбританияның Ноттингем жəне Редланд университеттері, АҚШ-тың Канзас университеті, университеті жəне Орал федералдық университетімен қосдипломды бағдарлама бар. Яғни, студент магистр атанған соң бір жылды елде, бір жылды шетелде оқып, екі бірдей дипломға ие бола алады. «Есеп жəне аудит» мамандығын таңдай алады. Менеджмент жəне маркетинг кафедрасының мамандықтары – Менеджмент, Маркетинг, Мемлекеттік жəне жергілікті басқару, Логистика. Бізде көп таралғаны – Логистика мамандығы. Себебі, фирмалар мен түрлі ұйымдар осы маман иелеріне жүк артады. «Қаржы» мамандығы да сұранысқа ие. Бұл кафедра болашақ банк қызметкерлерін дайындайды. Яғни, қаржы, салық бағытында жұмыс атқарғысы келсе, талапкер осы мамандықты таңдағаны жөн. Экономика саласына түсушілер саны көп емес. Себебі, бір компанияның өзінде ары кетсе екі-ақ экономист болады. Бірақ, экономистің жұмысы оңай емес. Бұл маман қаржыны, бухгалтерлік есептерді жинақтайды. Сосын болашаққа жоспар жасайды. Сонымен қатар, ғылыммен де айналысады. Ең көп ғылыми жобалар да осы оқу орнына, осы кафедраға тиесілі. Ол жобалар шетелмен тығыз байланысты. Оған тек белсенді деген студенттерді ғана ұсынып, даярлаймыз.

Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/jogargyi_syinyip/40369/

...