0 дауыс
Өткенде бір танысымның пойызы 3 сағатқа кешігіп, 7500 теңге өтемақы алыпты. Ақшаны қалай алса болады?
24.01.2019 851 қаралым

2 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Дұрыс айтасыз. Пойыз кешіксе, өтемақы талап етуге құқығыңыз бар!

Пойыздың әр кешіккен сағаты үшін билет бағасының 3%-ы жолаушыға қайтарылады. Мысалы, пойыз 2 сағат кешіксе, билет бағасының 6%-ын өтемақы ретінде талап ете аласыз. 

Ол үшін пойыздан түскен сәтте теміржол вокзалының сол күнгі кезекшісіне барыңыз. Ол сіз мінген пойыздың кешіккенін тіркеп, нақты қанша уақыт жоғалтқаныңызды билетіңізді жазып, растайды. Ол билетті вокзалдағы кассаға апарасыз.

Мына сілтемеге өтіп, толығырақ біле аласыз.  

25.01.2019
үздік деді
0 дауыс
сол танысыңнан сұрасашы
24.01.2019
127,962Сұрақ
322,896Жауап
153,169Пікір
73,019Қолданушы