Университет | 184 қаралды
184 қаралды
Магистратурага тускенде, агылшынды билмей тапсыргандар бар ма, Кандай кыр сырлары бар ?

1 жауап

Біріншіден, магистратураға гранттар келесі жылдан бастап үміткерлердің бірыңғай емтиханының қорытындысы бойынша бөлінеді. Егер осыған дейін магистратураға грантты ЖОО берсе және олар өздері тапсырма дайындап, өздері емтихан өткізіп, түсу туралы шешімді де өздері қабылдаса, енді GMAT форматы бойынша бірыңғай емтихан болады, яғни үміткерлерге Ұлттық тестілеу орталығы ұйымдастыратын кешендік тестілеуден өту керек. Осы тестілеудің нәтижесі бойынша білім беру бағдарламалары тұрғысында жиналған балл бойынша саралау жүргізіліп, жоғары балл жинаған талапкерлер грант алады, сәйкесінше ЖОО-ны ерікті түрде өзі таңдайды, – деп жазды Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасына. 

Оқуға түсуші докторантураның салалық пәні бойынша қай ЖОО-ға түссе, сол жерде, сол университетте емтихан тапсырады, сонымен қатар шет тілін білетінін растайтын сертификат ұсынады. Мұндағы басты өзгеріс – енді докторантураға түсу үшін халықаралық сертификат (IELTS, TOEFL және тағы басқалар) талап етілетінінде. Шет тілінен тестілеу докторантура бойынша енді Ұлттық тестілеу орталығы арқылы өткізілмейді. Сондықтан докторантураға түсемін деп ниет білдірушілер осы бағыт бойынша дайындалуы тиіс, – дейді вице-министр.

Ұқсас сұрақтар

118,323 сұрақ
305,126 жауап
153,293 пікір
67,476 қолданушы