0 дауыс
12.5k көрілді
Маған Мұқағали оқуларына оның қысқа өлеңдері керек еді. Егер білсеңіз айта аласыз ба? Өте қатты керек?

4 жауап

0 дауыс
Махаббат диалогы
0 дауыс

Мына қасқа...

Қор болған жылдарым-ай, күндерім-ай!

Асауға ауыздықсыз мінгенім-ай!

Мына қасқа бәрін де біле тұрып,

Мына қасқа бірін де білмеуін-ай!

Шынымен түсінбей ме мына қасқа,

Мына - көз, мына - жүрек, мына - басқа

Мына қасқа шынымен түсінбей ме,

Бұлбұлдың қонбайтынын қу ағашқа?!

Мына - жүрек, мына - көз, мына баста,

Ненің барын біледі мына қасқаң...

Сезгіштігін білдіріп алам ба деп,

Тас жүрегін жасырар қына басқан.

Аламын деп қасқаның тас қамалын,

Тас жүрекпен қашанғы тас боламын.

Тас жүрекке табынтып, тастамағын,

Жүрегін бер, тәңірім, жас баланың!

Сағындым сені, сәби кездерім-ай,

Сандалтып, мені тастап безгенің-ай.

..Мына қасқа бәрін де сезіп тұрып,

Мына қасқа бірін де сезбеуін-ай!

Сал-сал жырым

Сал-сал жырым, сал жырым,

Ағытыл, алтын сандығым.

Сен бар жерде баймын да,

Сен жоқ жерде жарлымын.

Сал-сал жырым, сал жырым.

Тыпыршушы едің кермеде,

Тындың да қалдың сен неге?

Тымырсып барын біткенше,

Өртеніп кеткін, өр неме!

Өртеніп кеткін кеудеде!

Қаршығам едің қағынды,

Қағынбай қалдың нағылды?

Тояттап тұрсаң ұша алмай,

Жабулы ңазан жабулы,

Бықсытпа менің жанымды.

He болды саған, жолдасым?

Қарайсың әзер, болмашы.

Қарусыз сенсіз қалдым мен,

Тұтқынға түскен қолбасы,

He болды бізге, жолдасым?!

0 дауыс
Әкем қысқа өлендердің бірі
0 дауыс
1.Махаббат
2.өміріме сеніне өкпеледім.
3.Анам маған «Үлкенді сыйла »деген
4 Сен маған шарфыңды бер.
5 Әке
...