0 дауыс
1.4k көрілді
Түсімде 4 жыл бұрын қайтыс болған досымды көрдім. Тағы да қайтыс болды деп xабар естіппіз. Бәріміз айтып жатырмыз үнемі тек осы балаға бірдеңе бола берді ғо деп. Ненің белгісі ол?

1 жауап

0 дауыс
Өлім. Түсінде өлім не себеті болады?

Миллер түс жоруы бойынша – өлім немесе қайтыс болған адам

Түсінде жақын адамыңыздың өлімін көру – ескерту. Басыңызға түскен сынақты қаймықпай қарсы алуымыз керек, бәлкім біреуді жоғалтуыңыз мүмкін.

Өлі досыңыздың дауысын есту- жаман белгі. Бұл түс ескертулердің қатарына жатады.

Түсінде өлі əкесімен сөйлесу – бастағалы жатқан істі және оған қатысты жайттарды жан-жақты ойластырудың қажеттігін көрсетеді. Бұл түс сізге қарсы ым-жымы бір адамдардың қитұрқы əрекеті барын, өз ісіңізге мұқият болып, абыройыңызды қорғау керектігін ескертеді.

Ал марқұм анаңызбен тілдессеңіз, өз еліктеушіліктеріңізді бақылап, денсаулығыңызға басты назар аударыңыз.

Дүниеден озған ағаңызбен сөйлесуіңіз сіздің көмегіңізге біреудің мұқтаж екендігін көрсетеді.

Өлі адамдардың бірі түсіңізге бақытты болып келсе, қалған өміріңізге əсер ететіндей қателіктер жасап, өміріңізді қате жоспарлағаныңызды білдіреді. Оларды орнына келтіру үшін күш-қуатыңызды іске қосу қажет.

Түсіңізде өлі туысыңыз сізден қандай да бір уәде беруді талап етсе, алда келе жатқан күйзеліске төтеп беру жəне ақылды кеңестерге мұқият болуыңыз туралы ескерту.

Ванга түс жоруы бойынша- өлім  немесе қайтыс болу

Түсіңізде өз өліміңізді көру – сүйікті адамыңызбен бақытты өмір сүресіз.

Науқас адам қайтса, алдағы уақытта зұлмат əділетсіздікке кезігесіз. Сізге нәтижесінде адамдар зардап шегетін оңтайлы ұсыныс түсетін болады.

Өлім алдындағы адамды түсіңізде көрсеңіз, ұзақ уақыт бойы ескі таныстарыңыздың жоспары туралы хабарсыз боласыз. Өкінішке орай, олардың жоспары іске асып, сіз қатты зардап шегесіз.
...