+1 дауыс
426 көрілді
Біз Рахатова Мариямен 1972-1975 жылдары Қызылорда қаласында педучилищеде бірге оқыдық. Маншук Маметова атындағы педучилищенің бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын бөлімінде оқыған біздер  оқуды бітірген соң жан-жаққа тарап кеттік. Мария Жаңаөзен жақтан болатын. Оқу бітірген соң еліне кеткенін немесе басқа жаққа кеткенін білмейміз. Ол 1952 жылы туылған. Ол Асқарова Күлатай, Ақкөзеева Рая, Махамбеталина Айкүміс төртеуі №62 бөлмеде жатақханада жатқан. Кейіннен үшінші курста осы бөлмеде алты қыз жаттық. Олар: Досмағамбетова Патима, Рахметова Айбалта, Рахатова Мария, Асқарова Күлатай, Ақкөзеева Рая, Махамбеталина Айкүміс. Группаластар қырық үш жылдан бері елдің баласын оқытамыз деп бір-бірімізді іздемеппіз. Биыл,ы қыркүйектің отызы күні хабарласа алған жиырма шақтымыз Қызылорда қаласында бас қосып кездесу өткіздік. Бірақ Рахатова Мария мен Махамбеталина Айкүміспен кездесе алмадық. Рахатова Марияны ізестіреміз. Әлеуметтік желілердің ешңайсысынан оны таба алмадық Бар-жоғын анықтап мына телефонға хабарласаңыздар екен: 8 701 401 12 80 Мен Досмағамбетова Патиманың күйеуі болам. Аты-жөнім Сайлаухан Жартыбаев.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...