+1 дауыс
593 көрілді

Айтайын. Себебі, бұрын адамдар "Бақыт" деген ұғымның төркініне көп ешкім мән берген жоқ. Ол кезде "барлығы бірдей" түсінігімен өмір сүрді. Сәйкесінше, адамдардың "мен" деп кеуде соғатындай өзіндік бағасы болмады. Ал ең бастысы Кеңес үкіметі кезінде бар отбасын қызметтік, уақытша баспанамен қамтамасыз етіп, ерлі-зайыптылардың арасында материалдық проблема болмайтындай етті.

Бұл мәселеге қатысты тағы бір маңызды сұрақ. Ажырасу кезінде балалар қандай зардап шегеді?Білесіздер ме, ата-ана дұрыс ажырасса, екеудің ортасындағы бала бұл шешімнен айтарлықтай қиындық көрмейді. Маған шетелдік киноларындағы салмақты ажырасу көрінісі ұнайды. Ата-ана келіп баласына өздерінің шешімін сабырлы, қалыпты күйде келіп xабарлайды. "Біз әкең екеуміз келісе алмадық. Сол себепті, енді бөлек тұрғанды жөн көреміз. Бұл шешімге сенің ешқандай қатысың, кінәң жоқ. Біз екеуміз де өмір бойы сенің жаныңда боламыз. Сен үлкен сезімнен дүниеге келдің. Сондықтан, біз сені жақсы көреміз.." деп түсіндіреді. Ажырасып кетсе де екеуі бала тәрбиесіндегі міндеттерін адал орындайды. Балаға ешқашан бірін-бірін жамандамайды. Бұрынғы ерлі-зайыптылар балаға қатысты кездесе қалса да бір-біріне қабақ шытпай, оқыған, көреген адам ретінде әрекет етеді. 

Әрине, ажыраспаған дұрыс. Бақытты отбасыға жететін ешнәрсе жоқ. Бірақ, ажырасудан басқа шешімі жоқ болса, ерлі-зайыптылар өз көкіректерін басып, бала үшін жоғарыда жазылғандай әрекет еткендері дұрыс. Біздің қоғамда ажырасу кезінде баланың псиxологиялық күйі емес, екі ақымақтың Эголары маңызды боп тұр. Салдарынан ортада ең көп қиналатын бала. Ересек адам ересектігін жасау керек. Иә, мен баланы әкесіне қарсы қоймау туралы посттарды көп жазам. Арасында "Айтуға оңай", "Басыңыздан өтпеген соң псиxолог болсаңыз да сіз қайдан түсінесіз?" деген айыптаулар болды.

Динара Болат

2 жауап

0 дауыс
Көкейдегі жауаптар сұрақ ішінде...
0 дауыс
Ата ене себеп болып отыр менин жагдайымда.Келин болып тускеннен кабылдамаган мени.6жыл жасап ажырасып жатырмыз.Алла ози реттесин
...