0 дауыс
2.0k көрілді
16. Үлкен бөлменің төбесіне ілінген люстра Жерге тартылады, бірақ құламайды, себебі A) сымның серпімділік күші модулі бойынша ауырлық күшіне тең B) сымның серпімділік күші ауырлық күшіне қарағанда артық C) сымның серпімділік күші және ауырлық күші нөлге тең D) сымның серпімділік күші артық, ал ауырлық күші нөлге тең E) сымның серпімділік күші нөлге тең

17. Егер электр зарядын екі есе кемітіп, ток күшін екі есе арттырсақ, онда ток

жүретін уақыт

A) Өзгермейді.

B) 2 есе азаяды.

C) 4 есе артады.

D) 4 есе азаяды.

E) 2 есе артады.

18. Жинағыш линзада шын, үлкейтілген, төңкерілген кескін алу үшін, нәрсені

қоюдың дұрыстығы

A) фокус пен линзаның арасында

B) линзаның фокусы

C) фокус пен 2F фокус арасында

D) линзаның 2F фокусы

E) линзаның 2F фокусының арты

19. Тәрелке, стакан және бөтелкеге массалары бірдей су құйылды. Барлығына

бірдей жағдайда, судың кебуі

A) тарелкеден тезірек

B) барлығында булану уақыты бірдей

C) бөтелкеден тезірек

D) стаканнан тезірек

E) тарелке мен стаканнан бірдей уақытта, ал бөтелкеден ұзағырақ

20. Суық суға толтырылған екі бірдей ыдысқа, қыздырылған алюминий және

қорғасын денелер батырылды. Денелердің массалары да,

температуралары да бірдей. Жылулық тепе – теңдік орнаған кезде

температурасы жоғарылау болатыны,

(

,

,

,

)

A) алюминий салынған ыдыс, өйткені оның тығыздығы азырақ

B) алюминий салынған ыдыс, өйткені оның көлемі көбірек

C) қорғасын салынған ыдыс, өйткені оның тығыздығы көбірек

D) алюминий салынған ыдыс, өйткені оның жылусыйымдылығы көбірек

E) қорғасын салынған ыдыс, өйткені оның жылусыйымдылығы азырақ

Нұсқау: «Сізге 5 тест тапсырмасы бар бір контекст беріледі. Тест тапсырмалары бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған. Таңдаған жауапты жауап парағындағы сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеңіз».

Белгісіз планета

Белгісіз планетаға ұшып келген ғарышкерлер осы планетадағы еркін түсу үдеуінің мәнін анықтау үшін төмендегідей тәжірибе өткізді. Олар белгілі бір биіктіктен шарды еркін тастап, оның құлауын белгіленген уақыт мерзімі өткен сайын қайталап суретке түсіріп отырды. Көрсетілген торының 1 бөлігі – 10 см және стробоскоптың жарық шығару периоды 0,2 с

21. Егер осы планетада дене 10 м биіктіктен құласа, оның құлау уақыты

A) 2,5 с

B) 0,5 с

C) 1 с

D) 1,5 с

E) 2 с

22. Берілген планета шар тәріздес және оның орташа тығыздығы 5000 кг/м3.

Планетаның радиусын бағалаңыз (

,

)

A) 6670 км

B) 5420 км

C) 1750 км

D) 3580 км

E) 2840 км

23. Бұл планетада денені 40 м биіктікке лақтыру үшін оған қажет болатын

бастапқы жылдамдық

A) 40 м/с

B) 20 м/с

C) 50 м/с

D) 30 м/с

E) 60 м/с

24. Суреттен белгілі болған шамаларды пайдаланып, осы белгісіз планета үшін еркін түсу үдеуінің мәні A) 20 м/с2 B) 15 м/с2 C) 10 м/с2 D) 5 м/с2 E) 1 м/с2

25. Жер жағдайында биіктікке секіру бойынша әлемдік рекорд екі метрден

сәл көбірек, яғни секіру кезіндегі адамның бастапқы жылдамдығы оған

2 м биіктікке секіруге мүмкіндік береді. Берілген планетада адам секіре

алатын биіктік

A) 4 м

B) 6 м

C) 3 м

D) 2 м

E) 5 м

Нұсқау: «Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар беріледі.

Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға,

дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».

26. Серіппе 240 Н күш әрекетінен 8 мм созылды. Серіппенің қатандығы

A) 3000 Н/см

B) 30000 Н/см

C) 30000 Н/м

D) 3 кН/м

E) 30 кН/м

F) 30 Н/мм

G) 30 кН/мм

H) 300 Н/м

27. Жерден 30 м/с жылдамдықпен лақтырылған массасы 200 г дененің

көтерілудің ең жоғары нүктесіндегі потенциалдық энергиясы

A) 30 Дж

B) 0,09 кДж

C) 45 Дж

D) 0,6 кДж

E) 300 Дж

F) 60 Дж

G) 90 Дж

H) 600 Дж

28. Түзу сызықты қозғалыстағы дененің қозғалыс теңдеуі түрінде берілген. Қозғалыс теңдеуі бойынша денелердің қозғалыс сипаты A) бірқалыпты B) теңкемімелі C) қисықсызықты D) бірқалыпты айналмалы E) теңүдемелі F) еркін түсу G) тербелмелі H) шеңбер бойымен бірқалыпты

29. Деформацияланған серіппенің ұзаруын 2 есе арттырады. Осы кездегі

серіппенің потенциялдық энергиясы

A) 4 есе артады

B) 2 есе артады

C) серіппенің қатаңдығына байланысты артуы да, кемуі де мүмкін

D) 4 есе кемиді

E) 8 есе кемиді

F) 2 есе кемиді

G) 8 есе артады

H) өзгеріссіз қалады

30. Ауада әтір иісінің таралуын түсіндіретін құбылыс

A) балқу

B) атмосфералық қысым

C) броундық қозғалыс

D) диффузия

E) зат молекулаларының қозғалысы

F) жел

G) кебу

H) булану

31. Броундық қозғалыстың анықтамасына сәйкес келетін тұжырым A) әлемдегі сан жетпейтін неше түрлі денелер мен заттардың барлығы тек 92 химиялық элементтің атомдарынан тұрады B) ұсақ бөлшектердің (шаң-тозаңның, т.б) ауа мен сұйықтардағы ретсіз әрі үздіксіз қозғалуы C) денелерді құрайтын бөлшектер бір-бірінен белгілі қашықтықта орналасады және үздіксіз қозғалады D) табиғатта сирек кездесетін қымбат бағалы асыл тастарды жасанды жолмен алуға болады E) әр элементтің атомы – сол заттың химиялық қасиеттерін сипаттайтын ең ұсақ бөлшегі F) бір зат молекулаларының екінші заттың молекулаларының арасындағы бос орындарға өтіп таралуы G) дене молекуласының қозғалыс жылдамдығы неғұрлым үлкен болса, оның температурасы да соғұрлым жоғары болады H) әр заттың молекуласы – сол заттың ерекшелігін сипаттайтын ең ұсақ бөлшегі

32. Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын

анықтауға болатын ереже

A) моменттер ережесі

B) Ленц ережесі

C) оң қол ережесі

D) әрқашан солтүстіктен оңтүстікке бағытталады

E) сол қол ережесі

F) бұрғы ережесі

G) ток бағытының өзгеруіне қарай, магнит өрісі күш сызықтарының

бағыты да өзгеріп отырады

H) механиканың «Алтын ережесі»

33. Дененің қозғалыс теңдеуі мына түрде x=-3t2. Дененің 2 с-тан кейінгі

жылдамдығы мен орын ауыстыруы

A)

=-12 м/с; s=-12 м

B)

=0,0012 км/с; s=6 м

C)

=0,06 км/с; s=-12 м

D)

=-6 м/с; s=-6км

E)

=12 м/с; s=12 м

F)

=-6 м/с; s=-12 м

G)

=-0,012 км/с; s=-12 м

H)

=-6 м/с; s=-6 м

34. Массасы 2 кг дене тік жоғары 36 км/сағ жылдамдықпен лақтырылады. Дененің 3 м биіктіктегі кинетикалық энергиясы A) 1356 Дж B) 0,04 кДж C) 60 Дж D) 13,56 Дж E) 40 Дж F) 1,356 кДж G) 4 кДж H) 600 Дж

35. Стакандағы су бағанының биіктігі 8 см.Судың стакан түбіне түсіретін

қысымы (

;

)

A) 800 Па

B) 400 Па

C) 0,8 кПа

D) 20 кПа

E) 0,2 кПа

F) 40 Па

G) 200 Па

H) 0,4 кПа

36. Егер

10 Ом,

2 Ом болса, амперметрдің көрсетуі мен электр

тізбегінің жалпы кедергісі

A) 1,2 А, 12 Ом

B) 12 А, 12 Ом

C) 1А, 12 Ом

D) 24 А, 48 Ом

E) 7,2 А, 12 Ом

F) 14,4 А, 12 Ом

G) 144 А, 1,6 Ом

H) 0,72 А, 6 Ом

37. Жарықтың түзу сызықты таралу заңымен түсіндірілетін құбылыстар 1. Айдың тұтылуы 2. көлеңкенің пайда болуы 3. жарық әсерінен денелердің қызуы 4. Күннің тұтылуы A) 1,2,4 B) 2,3 C) 1,2,3 D) 2,4 E) 2,3,4 F) 1,2 G) 1,3 H) 3,4

38. Материялық нүктенің қозғалыс теңдеуі х=-0,2t2. Нүктенің жылдамдық

теңдеуі және 5с-та жүрген жолы

A) υх=-0,4t; 10 м

B) υх=-0,2t; 10 м

C) υх=-0,4t; 5 м

D) υх=-0,4t; 0,5 км

E) υх=-0,5t; 0,4 км

F) υх=-0,4t; 0,005 км

G) υх=-0,2t; 5 м

H) υх=-0,4t; 5 км

39. Температурасы 8ºС, массасы 50 г суды температурасы 50ºС, массасы 20 г,

температурасы 70ºС, массасы 10 г сумен араластырады да, үстіне 20 г

қайнаған су қосады. Қоспаның температурасы

A) 45,5 ºС

B) 314 К

C) 329 К

D) 57 ºС

E) 72,5 ºС

F) 330 К

G) 41 ºС

H) 56 ºС

40. Радиолокатор өзінен 30 км қашықтықтағы нысананы барлау үшін () A) бір импульстің ұзақтығы 0,0002 с болуы тиіс B) екі импульс арасындағы минимал уақыт интервалы болуы тиіс C) бір секундта максимум 1000 импульс жібере алады D) екі импульс арасындағы минимал уақыт интервалы болуы тиіс E) екі импульс арасындағы минимал уақыт интервалы болуы тиіс F) бір секундта максимум 100 импульс жібере алады G) бір импульстің ұзақтығы 0,0001 с болуы тиіс H) бір секундта максимум 5000 импульс жібере алады

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...