Заң | 181 қаралды
181 қаралды
Алимент ала алмай жүргеніме 4 жыл қалай алсам болады?

1 жауап

Алименттік міндеттемелердің өзіне тән белгілері болады. Алимент төлеуге міндетті адам ол міндетін орындауды басқа біреуге тапсыруға қақысы жоқ. Екінші жағынан, алимент алуға құқықты адам, бұл құқығын өзге біреуге бере алмайды. Алимент алу құқығы және алимент төлеу міндеті мұрагерлік тәртіппен басқа адамға көшпейді.

 Алименттер сот тәртібімен өндіріліп алынған кезде кәмелетке толмаған балаларға өндіріліп алынатын алименттер мөлшерін заң төлеуші жалақысына үлесті қатынаста айқындайды. Кәмелетке толмаған бір балаға ата-анасының айлық жалақысының не өзге де табыстарының төрттен бір бөлігі, екі балаға –үштен бір бөлігі, үш және одан да көп бала үшін – тең жартысы мөлшерінде.

 Заңда жалақының немесе табысының үлестері ретінде алимент өндіріп алудан басқа ай сайын төленуге тиісті тұрақты ақша сомасын өндіріп алу сияқты алимент төлеудің өзге де тәсілі қарастырылған. Сот бұл соманың мөлшерін тараптардың материалдық  және отбасылық жағдайларына орай әрбір нақты жағдайды жеке айқындайды.

 Алимент төлеуші суретші болса, сома мөлшері оның сататын картиналарының санына және бағасына байланыста болады. Егер алимент төлеуші ата-ананын жалақысы не өзге де табыстарын мүлде болмаса, алимент мүлік түрінде өндіріліп алынады. Ата-аналардың табыстары және мүліктері болып, оны олар жасырған жағдайда күшпен мәжбүрлеп өндіріп алу қолданылуы немесе алимент төлеуден қасақана жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

 Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларға қатысты алименттік міндеті балалар кәмелетке толғанда аяқталады. Алайда заң кәмелетке толған балаларға қатысты, олар еңбекке жарамсыз және көмекке мұқтаж болған жағдайда алименттерді сақтау мүмкіндігін де қарастырады.

 Алименттік міндеттемелер сот тәртібімен өндіріліп алынған болса, онда ол баланың кәмелетке толуына байланысты, сондай-ақ асырап-бағу үшін сот тәртібімен алименттер өндіріліп алынған, бала асырап алынған жағдайда, міндетті адамның қайтыс болуына байланысты алименттік қатынастар тоқтатылады.
118,322 сұрақ
305,132 жауап
153,297 пікір
67,471 қолданушы