0 дауыс
1.2k көрілді

Мен Айти саласына сұраныстың жоғары болуына байланысты сол сала бойынша мамандық таңдау үстіндемін. Колледжді аяқтағаннан кейін Турцияда ЖОО оқу орнын оқығым келеді.

1/  Турцияда күндізгі қысқартылған түрде оқу мүмкіндігі болады ма / очное сокращенное обучение/ . Және де оқу ұзақтығы неше жылға созылынады.(түрік. ағылшын тілдерін еркін  білгенде)  Нақты жауап таба алмай жүрмін.

2/IT- сферасында қандай мамандықтар сұранысқа ие. 

3/ сұраңым программист мамандығына байланысты .  Java, Javascript, Python, Ruby, PHP, C#, C++ и Objective-C осы программалау тілдерін жеке - жеке мамандық ретінде таңдаймыз ба .

4// айтишник деген сала ма әлде мамандық па/ Вакансияда  IT-спецалист қажет деген--- Униведе Айти спецалист деген мамандық бар ма

1 жауап

0 дауыс

Түркияда бакалавриат  – 4 жыл, Магистратура – 1,5-2 жыл, докторантура – 3-5 жыл. Медицина – 6-7 жыл. Түркияда 108 мемлекеттік және 71 жекеменшік университет бар. ЖОО-ларда оқу Қазақстандағыдай кредиттік жүйемен жүргізіледі. Мемлекеттік ЖОО-да студенттер өз қалауындағы пәндерді таңдай алады. Шәкірт дипломын алу үшін белгілі мөлшерде балл жинауға міндетті. Мысалы, Ыстамбұл Техникалық Университетінде міндетті диплом балы – 151. Студент 151 балды жинаса, 3 жарым жылда-ақ университет бітіріп шығады. Мемлекеттік жоғары білім орындарында оқуға ақша төленбейді. Шәкірттерден жыл сайынғы қағаз жұмыстарына қажетті 30 мың теңге шамасындағы ақшадан басқа төлем алынбайды. Ал жекеменшік университеттер талапкерлерді өздері белгілеген бағалармен  қабылдайды.

Студенттің шәкіртақысы 250 доллар

Түркияның оқу грантын жеңіп алғандар тегін оқып, шәкіртақыға ие болады. Бакалавриат студенттеріне 250 АҚШ доллары, магистранттарға 360 доллар, докторанттарға 500 доллар, ғылыми зерттеумен айналысушыларға 2000 доллар шәкіртақы беріледі. Университеттердің шәкіртақысы әртүрлі болуы мүмкін.

Талапкер жасы

Бакалавриат (лицензия) студенті атану үшін талапкердің туған жылы 1993 жылдан, магистратура үшін 1984 жылдан, доктарантура үшін 1979 жылдан жоғары болмауы тиіс.

Оқуға түсудің басты шарты

Сертификатта ҰБТ-ның балы, магис-тратураға түсу үшін диплом балының жоғары болуы маңызды. Ал жекеменшік университеттерге түсудің аса қиындығы жоқ. Оқу ақысын төлеп, оқи беруге болады. Әйтсе де, бұл жерде де ҰБТ мен диплом балы біраз ескерілуі мүмкін.

Қазіргі таңда кез келген Қазақстан азаматының Түркияда оқуға мүмкіндігі бар. ҰБТ жауабы белгілі болған соң, интернет арқылы www.turkiyeburslari.gov.tr сайты арқылы құжаттарын тапсыра алады. О баста «Түрік Республикасының Сынағы (TCS)» деген бағдарлама болатын. 2012 жылдан бастап бағдарлама өзгерді. Енді «Түркия шәкіртақысы» деп аталады. Егер талапкерді үздік деп тапса, сұхбаттасуға шақырады. Егер жобалары, ойы қазыларға ұнаса, оқуға қабылданады. Әңгімелесуге барғанда «Неге Түркияда оқығың келеді?», «Қандай мамандық таңдадың? Не себепті?», «Таңдаған мамандығыңа қосар үлесің қандай?» деген тәрізді сұрақтар қойылады. Бұдан бөлек емтихан алынбайды.

● Оқудың барлық шығынын Түркия республикасы өзі көтереді. Мұның ішіне ең алғаш рет ұшып барғандағы билет ақысы мен оқу бітіріп кетердегі билет ақысы, жатақхана, шәкіртақы, ауырып қалған жағдайда ем-дом ақысы кіреді. Түрік тілін жете білмейтіндерге алдымен бір жыл тегін тіл үйретеді. Одан соң сынақтан өткендер университетке қабыл-данады.

...