Сайт туралы сұрақ қойды | 35 қаралды
35 қаралды
Ағылшын  тіліндегі   инфинитив ,  Герунди  ,  кондишнал  деген  не  екенін түсіндіріп  берсеңіздер.   Өз   сөздеріңізбен.

1 жауап

жауап берді
Жақсы жауап таңдады

Ағылшын тілінің грамматикасында етістіктің белгісіздік формасының үш түрі бар, олар инфинитив (the Infinitive), герундий (Gerund) және көсемше (Participle II).

Инфинитив – етістіктік жүйенің негізі емес, оның элементі болып табылады. Инфинитив және оның грамматикадағы рөлі туралы мәселе ғалымдардың назарында көптеген жылдар бойы болған. Осылайша, А.А.Потебня инфинитивті сөз табының ерекше бөлігі деп айтқан. Потебняға сәйкес, «Белгісіздік етісітіктің белгілі етістіктен (verbum finitum) айырмашылығы – белгілі етістіктің жақ категориясы болады, белгісіздік етістікте жақ категориясы болмайды. Бірақ тілдесім кезінде жақты белгілі бір әдістермен анықтауға болады» [2, 67].

Сөйлемде инфинитив бастауыштың, баяндауыштың бөлшегінің, күрделі баяндауыштың бөлшегінің, толықтауыштың, анықтауыштың және пысықтауыштың қызметін атқарады.

Инфинитивтің етістіктік ерекшеліктері:

-сабақты етістік болады, яғни тура толықтауышты қажет етеді:
- сын есім емес, үстеумен анықталады:

Сонымен қатар ағылшын тілінде инфинитивтің етіс категориясы (Active, Passive) бар, бірақ ырықсыз етіс формасындағы етістіктің екі түрі (Indefinite Infinitive және Perfect infinitive) ғана бар [4, 240]:

Инфинитивтің етіс формалары 



 

Active 

Passive 

Indefinite 

To ask 

To be asked 

Continuous 

To be asking 


Perfect 

To have asked 

To have been asked 

Perfect Continuous 

To have been asking 


Ағылшын тілінің дәстүрлі грамматикасында инфинитив – to бөлшегі қосыла алатын етістіктің бастапқы формасы.

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Он бірге бесті қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
117,626 сұрақ
301,963 жауап
153,340 пікір
64,786 қолданушы