Ағылшын тілінің грамматикасында етістіктің белгісіздік формасының үш түрі бар, олар инфинитив (the Infinitive), герундий (Gerund) және көсемше (Participle II).
Инфинитив – етістіктік жүйенің негізі емес, оның элементі болып табылады. Инфинитив және оның грамматикадағы рөлі туралы мәселе ғалымдардың назарында көптеген жылдар бойы болған. Осылайша, А.А.Потебня инфинитивті сөз табының ерекше бөлігі деп айтқан. Потебняға сәйкес, «Белгісіздік етісітіктің белгілі етістіктен (verbum finitum) айырмашылығы – белгілі етістіктің жақ категориясы болады, белгісіздік етістікте жақ категориясы болмайды. Бірақ тілдесім кезінде жақты белгілі бір әдістермен анықтауға болады» [2, 67].
Сөйлемде инфинитив бастауыштың, баяндауыштың бөлшегінің, күрделі баяндауыштың бөлшегінің, толықтауыштың, анықтауыштың және пысықтауыштың қызметін атқарады.
Инфинитивтің етістіктік ерекшеліктері:
-сабақты етістік болады, яғни тура толықтауышты қажет етеді:
- сын есім емес, үстеумен анықталады:
Сонымен қатар ағылшын тілінде инфинитивтің етіс категориясы (Active, Passive) бар, бірақ ырықсыз етіс формасындағы етістіктің екі түрі (Indefinite Infinitive және Perfect infinitive) ғана бар [4, 240]:
Инфинитивтің етіс формалары
|
Active |
Passive |
Indefinite |
To ask |
To be asked |
Continuous |
To be asking |
- |
Perfect |
To have asked |
To have been asked |
Perfect Continuous |
To have been asking |
- |
Ағылшын тілінің дәстүрлі грамматикасында инфинитив – to бөлшегі қосыла алатын етістіктің бастапқы формасы.