Төмендегі жағдайлар оразаны бұзып, тек қазасын өтеуді қажет етеді:
– азық ретінде жеуге дағдыланбаған нәрселерді ішіп жеу. Мысалы, тас, топырақ, піспеген күріш, шикі қамыр, ұн секілді нәрселерді жеу;
– әлі іші толмаған жаңғақ пен кепкен пістені қабығымен жұтып жіберу;
– артқы жыныс мүшесіне свеча қою, дәрі ағызу;
– ауызға алып ішке қабылдайтын дәрі-дәрмектің барлығы;
– мұрынға дәрі тамызу;
– тамаққа май құйғышпен сұйықтық өткізу;
– бастағы немесе қарындағы жараға жағылған дәрінің денеге (асқазан мен миға) енуі;
– жаңбыр, қар мен бұршақты байқаусызда жұтып қою;
– дәрет алу барысында мұрын мен тамағын шайғанда байқаусызда кеңсіріктен судың өтіп кетуі;
– өз қалауымен, біле тұра мұрнымен немесе аузымен түтін жұту;
– ұйықтап жатқан кісінің аузына су құйып жіберу;
– ораза екенін ұмытып тамақ жеп қойған кісінің оразам бұзылды деп ойлап тамақ ішуі;
– тістерінің арасында қалып кеткен ноқаттай нәрсені жеу;
– өз қалауымен құсу (еркінен тыс);
– ауыз толтыратындай мөлшерде еріксіз келген қақырықты жұту;
– сәресі уақыты өтіп кеткенін білмей тамақ жеп қою;
– күн батты деп уақыт болмай тұрып ішіп – жеу;
– әйелін сүю, құшақтау нәтижесінде мәнидің келуі;
– Рамазан айында ораза ұстауға ниет етпей тамақ ішіп-жеу. Бірақ жоғарыда ескерткеніміздей себепсізден-себепсіз ораза ұстамау үлкен күнә;
– қан жұту. Ауыздағы қанның көлемі түкіріктен көп болса ораза бұзылады;
– (мастурбация истимна). Қолмен (мәни) ұрық шығару.