Ораза сұрақтар | 279k қаралды
279k қаралды
Агентке кіруге, махаббат жайлы айтуға, телефонмен көп сөйлесуге болмай ма не?



47 жауап

1.Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?

Рамазан айында сәресіне тұрмаған кісі сол күнгі оразасына ниет етіп, ештеңе жеместен ауыз бекітеді. Себебі, Пайғамбарымыз (с.а.у) «ашура күні»[1] жаршыға былай жария етуді бұйырды: «Кім бір нәрсе жеп қойған болса, аузын күннің соңына дейін берік етіп тәмәмдасын. Ал ештеме жемеген адам, сол күйінше жемесін (ораза ұстасын)!»[2]. Бұл хадистен түсінетіміз, ораза кезінде сәресіге тұрмай таң атырған кісі де сол күнгі оразасын ұстайды.   

2.Сәресі уақытын күн шығысымен тоқтату керек пе?

Сәресінің аяқталу уақыты күннің шығуымен емес, таң намазының кіруімен есептеледі. Ендеше, аймағыңыздағы кесте бойынша таң намазы кіргенге дейін ауыз бекітіп үлгеруіңіз керек. Яғни, таң намазының уақыты кірісімен ішіп-жеуді тоқтату керек.

Құран Кәрімде ауыз бекіту уақыты жайында былай делінген: «...Таңға дейін, (яғни) «қара жіп» «ақ жіптен» айрылғанға дейін ішіңдер, жеңдер, содан соң оразаны кешке дейін толық орындаңдар...»[3]. Бұл аяттағы «қара жіп» – түнді, ал «ақ жіп» таңды білдіреді. Яғни, қараңғылық кетіп, таң анықтала бастаған уақытта ішіп-жеуді тоқтату керек деген сөз.

Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) кезінде сәресі уақытында екі азан айтылатын: бірі сахаба Біләлдің азаны, екіншісі сахаба Умму Мәктумның азаны.

Хз.Біләлдің азаны таң намазының уақыты кірмей тұрып айтылатын, ал Хз.Умму Мәктүмның азаны таң намазы кірісімен айтылады.  Пайғамбарымыздың (с.а.ғ) осы екі азан арасында сәресі ішкендігі, екінші азанда намазға тұрғандығы сахаба Зәид ибн Сәбиттен риуаят етілді[4]    

3. Науқас адам оразада не істейді?

Алла тағала құлына тек күші жететін нәрсесін ғана міндеттейді[5]. Өйткені Ұлы Жаратушы иеміз бізге ауырлық емес, жеңілдік қалайды. Сондықтан Алла ауырған адамға ораза тұтпауына рұқсат берген.

Бұл жайында Құранда  былай делінген: «Рамазан айы туғанын көрсеңдер ауыздарыңды бекітіңдер. Ал кім де кім, сырқаттанса немесе жолға шықса (аузын ашуына рұқсат) басқа күндері қаза етсін. Алла сендерге ауырлық емес, жеңілдік тілейді..!»[6]. Тағы бір аятта: «Өз-өздеріңді қауіп-қатерге итермелемеңдер», - дейді.

Осы және басқа аяттарды негізге ала отырып ғалымдар: «науқас кісінің ораза тұтпауы кейде уәжіп, кейде мубах/рұқсат болады. Егер науқас кісінің ораза ұстауы өлімге алып келер болса, бұл адамның оразаұстамауы уәжіп (міндет). Ал егер ауыз бекітуі сырқатын арттырар болса немесе жазылуын баяулатар болса бұл жағдайда ораза ұстамауына рұқсат»[7], - деп үкім шығарған. Ендеше, ораза ұстай алмайтындай сырқат болсаңыз сізге ораза ұстау парыз емес. Бірақ науқасыңыздан айығып, ауыз бекітуге шамаңыз келген кезде тұтпаған күндеріңізді қаза етіп өтейсіз. Бұл кәффарат (арасы үзілмей ұсталатын) өтеміне жатпайтындықтан, бөліп-бөліп тұтсаңыз болады. Ал, бұған да денсаулығыңыз жарамаса, онда оразаның әр күніне пидия[8] төлейсіз. Пидия төлеуге де шамаңыз жетпесе, Алла мейрімді, кешірімді. Пендеге күші жетпейтін нәрсені міндеттемейді.

4. Рамазан айында төсек қатынасына түсуге бола ма?

Рамазан айында тек күндіз ғана, яғни ауыз берік кезінде төсек қатынасына түсуге рұқсат жоқ. Кешке ауызашар уақытынан кейін төсек қатынасына түсуге рұқсат. Бұның оразаға тиетін кесірі жоқ. Бұл жайында Жаратушы Иеміз Алла Тағала былай дейді: «Сендерге оразаның кешінде әйелдеріңе жақындасу рұқсат етілді. (Өйткені, бір-біріңді қорғауда) олар сендерге киім, сендер де оларға киім іспеттісіңдер...»[9].

Ауыз берік бола тұра күндіз бұл әрекетке әдейі барған жандар рамазаннан кейін 60 күн үзбей кәфарат қазасын өтеуі тиіс.

5.Сілекей не түкірік жұтса, ораза бұзыла ма?

Аузы берік кісі аузындағы сілекейін не түкірігін жұтса және жұтынса оразасы бұзылмайды. Адам сіңбірігін ішке тартып, жұтса да, ораза бұзылмайды.

6. Рамазанда беттен сүйсе, ораза бұзыла ма?

Аузы берік кісінің беттен сүюі оразаны бұзбайды. Себебі, Пайғамбарымыздың (с.ғ.а) ауызы берік бола тұра әйелдерін сүйетіндігі Айша анамыздан жеткен[10].

Бұл жерде ескере кететін жағдай, егер әйелін сүйгенде шәует бөлініп кетпейтініне және жыныстық қатынасқа түсіп қоймайтынына сенімді болса, онда сүюіне рұқсат. Ал оған сенімсіз болса – мәкрүһ[11].

7. Аузы берік адамға өзен-көлге түсуге бола ма?

Ораза кезінде салқындау, жеңілдеу мақсатында өзен-көлге т.б жерлерге шомылуға немесе ғұсылдануға болады. Бұл оразаны бұзбайды[12]. Тек, ауыздан не мұрыннан ішке су кетіп қалмауын байқау керек. Әбу Дәуідтің сүнанында риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыздың (с.а.у) аузы берік бола тұра ыстықтағандықтан немесе қатты шөлдегендіктен басына су құйғандығы айтылады[13]. Шомылу барысында құлағына кірген су да оразаны бұзбайды дейді ғалымдарымыз[14].

8. Ораза кезінде система салдыруға бола ма?

Кей жағдайларда табиғи жолдармен қоректене алмайтын кісілерге денені азықтандыру үшін инъекция (денеге дәрі жіберу) жасалып жатады. Сондықтан да, қазіргі таңдағы ғалымдарымыз мұндай ине салу немесе система алу оразаны бұзады дейді. Ал, одан өзгелері азық болмағандықтан әрі табиғи жолдармен асқазанға түспегендіктен оразаны бұзбайды деп отыр[15]. Ендеше, ем үшін салғызатын ине салу мен система алу оразаңызды бұзбайды. Алайда, оразадан әлсіреген денеге қуат беретін дәрі егуге аузы берік кісіге рұқсат жоқ. Ондай дәріні тек ауыз ашқаннан кейін ғана егуге болады.

9. Сағыз шайнау оразаны бұза ма?

Сағыздың дәмінен ауызда тәтті сұйықтық пайда болып, ол асқазанға түсетіндіктен, ораза бұзылады. Әрі бұл азық қатарына жататындықтан, бұған кәфәрат қазасын өтеуіңізге тура келеді. Яғни, сағыз шайнап, тәтті сұйықтықты жұтқан адам рамазан айынан кейін екі ай үзбестен ораза ұстайды. Бұл жаңа сағыз үшін. Ал, бұған дейін шайналған, тәтті дәмі қалмаған ескі сағызды шайнауға келетін болсақ, бұл мәкрүһ болып саналады.

Егер сағызды ораза кезінде ауыздағы жағымсыз иісті кетіру мақсатында шайнағыңыз келсе, бұдан басқа тәсілдерге жүгінуге кеңес береміз. Атап айтсақ, сағыздың орнына мисуак немесе тіс пастасын қолдансаңыз болады. Тек тіс пастасының көбігін жұтып қоймауды қатаң қадағалаңыз. Ал егер байқаусызда ішке кетіп қалған болса, онда сол күнгі орзаның қазасын ғана өтейсіз. Кәфәрат керек емес. Себебі, тіс пастасы азыққа саналмайды.

10.Оразада тіс пастасын қолданса бола ма?

Ораза ұстаған адам ауызын тазалауын болады. Тіпті Пайғамбарымыз (с.а.у.) : «Аузы берік кісінің тіс тазалағышы ол – мисуак», [16]- деген. Десе де, шариғатта аузы берік кезде себепсіз бір нәрсенің дәмін тату не шайнау- мәкрүһ, яғни ұнамсыз іс [17]. Бұған байланысты кей ғалымдар тіс пастасын қолданарда ішке кетіп қалмауын қадағалағанмен, оның дәмі, бәрібір, ауыз қуысында ұзаққа сақталып қалады. Сондықтан ораза ұстаған адамға тіс пастасы да мәкрүһ деген пікірде [18].  Алайда «оны қолдануға рұқсат. Тек ішке кетіп қалмауына көңіл бөлсін» деген ғалымдар да жоқ емес [19].  Ендеше, ішке кетіп қалу ықтималдығы болғандықтан, ауызы берік кезде тіс пастасын қолданбаған абзал. Ал, қолданғысы келген кісілер, ішке кетіп қалмау жағын қатаң ескергені жөн. Себебі, ол ішке кетіп қалса, оразаны бұзады.

11. Крем жағу оразаны бұза ма?

Терідегі ұсақ тесіктер арқылы ет пен терінің арасына сіңетін заттар оразаны бұзбайды. Мысалы, крем жағу, май жағу, судың ішінде ұзақ тұру, жараның бетіне дәрі таңу т.б. Тек крем не майды жаққан кезде тым қалындатпаған жөн. Себебі, қалың жағылған крем не май дәрет алғанда суды теріге жеткізбеуі мүмкін. Ал теріге су тимеген соң дәрет дұрыс болмайды.  

12. Жүкті әйелге ораза ұстау керек пе?

Шариғатта құрсақтағы немесе емізулі балаға зияны тиеді деп қауіптенген (жүкті не емізулі) анаға Рамазан оразасын  тұтпай, кейінге қалдыруына рұқсат[20].  Сахаба Әнәс бин Мәликтен риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у): «...Күмәнсіз Алла тағала сапардағы адамға намазды қысқартып, ал оразаны жолаушыға және жүкті әйел мен емізулі әйелге міндеттемеді...»[21], - деді.

13. Намазы жоқтың оразасы қабыл ма?

Намаз оқымайтын кісі, рамазан айында ораза ұстаса, ұстаған оразасының сауабын алады. Алайда, намаз оқымай жүргені үшін де үлкен күнәға батады[22]. Өйткені, намаз мұсылмандығымыздың белгісі.  Ардақты Пайғамбарымыз бұл жайында: «Шындығында, мұсылман мен кәпір және мүшриктердің  ара жігін айырар белгі  - намаз оқу[23]», - дейді. Сондықтан да, жора-жолдастарыңыз оразамен қатар намазға да бастағандары жөн.

14. Жұмысы ауыр кісіге ораза ұстамауға бола ма?

Оразаның өзінде нәпсімізге қиын келетін тұсы бар. Ораза мәнінің бір қыры да нәпсімізді басып, ноқталап, құлқынымыздың аш көздігін Алла ризашылығы үшін тәрбилеуде жатыр десек қателеспеспіз. Ендеше, жұмыс барысында ораза ұстау өлімге алып келетіндей қауіп тудырмаса немесе денсаулығымызға айтарлықтай нұқсан келтірмейтін болса,[24] яки бас айналып, құлап қалатындай күйге түспесеңіз, аздап қиналатынымыз үшін Алланың бұйрығынан бет бұрғанымыз жөн болмас. Алла Тағала құдси хадистің бірінде: «Адам баласының барлық амалы өзі үшін жазылады. Алайда, оразаның жөні бөлек. Оның қарымын тек Мен беремін. Өйткені, ол тек менің разылығым үшін ішіп-жеуден бас тартты. Ораза ұстаған адамның екі қуанышты сәті бар: біреуі ауызашар уақыты, екіншісі Аллаһ Тағаламен қауышар сәті. Ораза ұстаған адамның аузынан шыққан иіс Мен үшін жұпар иісті мисктен артық»[25], – деген.

15. Ине салса ораза бұзылады ма?

«Ине салса, ораза бұзыла ма?» дегенге келер болсақ, Имам Юсуф пен Имам Мұхаммәдтің (р.а.) тұжырымы бойынша «денедегі және бастағы «терең жараны» сұйық дәрімен емдесе де, ораза бұзылмайды. Себебі, дәрі ішке (азық секілді) табиғи жолдармен бармағандықтан, ішке түсуі екіталай»[26] дей отырып, ішке бір заттың табиғи жолдардан (ауыз, құлақ, мұрын, тік ішек) басқа жолдармен баруы оразаны бұзбайды деген. Ендеше салынатын ине де, «табиғи емес» жолдармен ішке баратындықтан, бүгінгі ғұламаларымыз ол да оразаны бұзбайды дейді.[27]

16.Тіс жұлдыру оразаны бұза ма?

Егер адам ораза кезінде тіс жұлдыртатын болса, онда оның оразасы бұзылмайды. Тіс жұлғаннан кейінгі аққан қанның ішке кетіп қалмауын байқау керек. Егер тісінен аққан қанды жұтып қойған жағдайда тек сол күнгі оразаның қазасын өтейді[28]. Тіс жұлғанда салынатын ине де, «табиғи емес» жолдармен ішке баратындықтан, бүгінгі ғұламаларымыз ол да оразаны бұзбайды дейді.

17. Ескі оразадан қарызы бар адам не істейді?

Ханафи мәзхабы бойынша өткен оразадан қалған қарыз күндерді осы келе жатқан рамазанға дейін өтеу шарт емес. Өйткені, Алла Тағала Құран Кәрімде: «Кімде-кім сырқаттанса немесе жолға шықса (аузын ашуға рұқсат) басқа күндері қазасын өтесін»[29], – дей отырып, Алла Тағала қаза ету уақытын шектемей, жалпылама айтып отыр. Сондықтан да, келесі рамазан айына дейін өтеу міндет емес. Десек те, оразаның қазасын тездетіп келесі оразаға дейін өтеп тастағаныңыз абзал[30]. Қазірден есептесек, Рамазан айының кіруіне бірнеше күн бар. Осы күндерді пайдаланып өткен жылдан қалған оразаңыздың қазасын өтеп алғаныңыз жөн. Ал Рамазанға дейін өтеп үлгермейтін болсаңыз, онда оны рамазаннан кейін де өтей аласыз. Кейбіреулер «өткен оразалардың қазасын алдағы Рамазанның оразасымен қатар ниет етіп өтеуге бола ма?» деген де сұрақ қойып жатады. Дінде бұған рұқсат жоқ. Қазаға ораза жеке ұсталады.

18. Рамазанда қан алдыру оразаны бұза ма?

Ораза ұстаған адамнан қан алдыру оразаны бұзбайды. Өйткені, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.у) аузы берік бола тұра қан алдыртатын болған. Сахих Бухариде риуаят етілген хадисте сахаба Абдулла ибн Аббас (р.а.) былай дейді:«Алланың Елшісі (с.ғ.у.) аузы берік бола тұра хижама[31] жасататын»[32].

Әйтсе де, аузы берік адам қан алдыртқанда әлсіреп, ораза тұтуы қиындап кететініне көзі жететін болса, оған қан алдыру мәкрүһ болып саналады. Бұл жайында сахаба Әнәс ибн Мәликтен (р.а.) бір кісі: «Сендер аузы берік кісіге қан алдыруды (хижама) құптамаушы ма едіңіздер?» – деп сұрағанда, сахаба: «Егер әлсіздік тудырған болса, біз оны құптамайтынбыз»[33][3] – деген екен.

19.Ұшақтағы адам ауызашар уақытын қалай анықтайды?

Ұшақтағы адам жергілікті ораза кестесін емес, күннің батуын негізге алады. Мысалы, жергілікті кестеде «сағат осыншада ауызашар» дегенімен, ұшақтағы адамға күн әлі батпаса, ол кісі кестедегі уақытқа емес, күннің батуына қарайды[34]. Кесте уақыты жердегі ораза ұстаушылар үшін арналған. Өйткені, Құранда айтылғандай, сәресіні ішуді тоқтату уақыты таң қылан бере бастауымен, ауызашар уақыты күннің батуымен білінеді[35]. Бұл жолаушы кезде оразасын бұзғысы келмегендер үшін. Ал, жалпы дініміз сапарда ауыз ашуға рұқсат етеді. Тек рамазан айынан кейін сол күннің қазасын өтеуді ұмытпауы керек.

20. Жолаушы міндетті түрде аузын ашуы керек пе?

Жаратушы Иеміз Алла тағала ораза кезінде пенделеріне кейбір жағдайда ораза ұстамауға рұқсат еткен. Сол рұқсаттардың бірі - жол жүргенде ораза ұстамау[36][1]. Бұл дегеніміз: ауызы берік адам өзінің тұрақты жерінен ең кемі 85-90 шақырым ұзақтықтағы жерге жолға ниеттеніп шықса, ол кісіге ораза ұстамауына рұқсат етіледі. Бірақ – міндет емес. Яғни, кімде кімнің жолаушы кезінде оразаға қауқары жетсе, аузын ашқаннан гөрі оразасын жалғастыра бергені абзал.

Ендеше, сіз де: «жол жөнекей ораза ұстауға күшім жетеді», - десеңіз ауызыңызды ашпағаныңыз дұрыс.

21. Оразада етеккірі тоқтаған әйел не істейді?

Оразаның күндізінде (сәресінің уақыты өтіп кеткен соң) етеккірі тоқтаған әйел сол күні ауыз бекітпейді. Ауыз бекітетін болса, ораза тұтқан болып есептелмейді. Рамазаннан кейін сол күнді де, алдыңғы тұтпаған кұндерімен қосып қазасын өтейді. Сәресіге дейін хайызы тоқтаса, оразаға ниет етіп ауызын бекітеді.[37]

22. Құсса ораза бұзыла ма?

Ораза кезінде аузы берік кісі «еріксіз» құсса ораза бұзылмайды. Ал ауызды толтыра әдейі құсу оразаны бұзады. Ондай жағдайда Рамазан айынан кейін сол күнді қайта тұту керек. Кәфарат қазасы керек емес. Ауыз толы болмаса бұзылмайды.

Бұл жайында имам Тирмизиден жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.у.): «Еріксіз құсық келген кісі (оразасын) қазасын өтемейді. Ал әдейі құсқан болса (сол күнгі оразаның) қазасын өтесін»[38], - дейді[39].

23. Тарауих намазын тек ораза ұстағандар ғана оқиды ма?

Тарауих намазы ораза айында оқылатын құлшылық түрі. Пайғамбарымыз (с.а.у) оразада бұл намазды үнемі оқығандықтан үкімі - «бекітілген сүннет».  Аталмыш намазды оразаны тұтқан да, тұтпаған да оқыса сауапқа кенеледі.

Тарауих намазын оқудың сауабы жайында Алланың Елшісі: «Кімде кім, Рамазанда сауабын үміт ете отырып, Алла разылығы үшін Тарауих намазын оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі»[40], - деген.

[1] Мұхаррам айының оныншы күні.
[2] Сахих Бухари, Китабус Сиям, 1824-хадис
[3] Бақара – 187 аят.
[4] Әл-Асқалани, Фатхуль Бари, Бабу Уақтиль Фәжр: 550 хадис түсіндірмесі.
[5] Бақара сүресі, 286 аят.
[6] Бақара сүресі, 185 аят
[7] Әл-Кәсәни, Бәдә’иғ – 2/609 бет.
[8] Шариғатта ауруларының айығуы үміт етілмеген жандар мен ораза ұстауға шамасы жетпейтін  қарт кісілер (ұстамаған оразасын қаза ете алмаса) рамазанның әр бір күні үшін бір кедейді тамақтандырады. Бұны «фидия» дейді. Фидияны ақшалайда беруге болады.   Бір кедейді отыз күн таңда және кешке тамақтандыру немесе алпыс кедейді бір күн таңертең яки кешке тамақтандыру жеткілікті. Фидия беруге шамасы келмесе Алладан кешірім тілейді. М.Исаұлы, Қ.Жолдыбайұлы, Ислам Ғылымхалы – 329 бет. Алматы.
[9] Бақара сүресі, 187 аят.
[10] Бухари, Китабус саум – 1827.
[11] Хидая – 1/310 бет.; Әл-Айни, Биная - 4/44 бет.
[12] Фатауаль Исләмия, Даруль Ифта әл-Мысрия, 1/100 бет.
[13] Әбу Дәуід, Китабус Сиям, 2365-хадис. Сахих.
[14] Фатауаль Һиндия – 1/224 бет.
[15] Мәжмәғуль Фиқһиль Исләми әд-Дуәли, 1997ж, 28 тамыз – 03 шілде аралығында берілген 91-96 қаулысы.; Din Isleri Yuksek Kurulu, Oruc. 42-s. Ankara. 2010 sene
[16] Ибн Мәжә
[17] М.Исаұлы. Қ.Жолдыбайұлы, Ғылымхал  - 319 бет.
[18] Таһмаз, Әл Фиқһул Ханафи – 1/422-424 бет.
[19] У.Зухайли, Фатауа муғасыра – 34 бет.
[20] Әл-Кәсәни, Бадаиғ – 2/614 бет.
[21] Ибн Мәжә – 1667.
[22] а) У.Зухайли: Фатауа Муғасыра – 32 бет. Дамаск.; б) http://qaradawi.net/
[23] Муслим, Иман – 134.
[24] Имам Мухаммад Әбу Захра, Фәтәуә: Сиям.
[25] Бухари, саум, 2; Муслим, Сиям, 152.
[26] Әл-Кәсәни, Бадаиғ – 2/607 бет.
[27]
[28] Ибн Ғабидин – 3/368 бет.
[29] Бақара сүресі, 185-аят.
[30] Бахрур Раиқ – 2/499-бет.
[31] Емдік мақсатта қан алдыру.
[32] Бухари, Саум, 1837-хадис.
[33] Бухари, Саум, 1838 – хадис.
[34] Доктор Проф. Али Жума: http://www.dar-alifta.org/ViewFatwa.aspx?ID=859; Diyanet fetvalari fetva nom. 83.
[35] Бақара сүресі, 187 аят.
[36] Құран Кәрім, Бақара сүресі – 184 аят.
[37] Бадаиғ – 2/597 бет.
[38] Тирмизи сүнәні, Китабус Саум, 720-хадис.
[39] Әл-Мәйдани, әл-Лубәб – 1/166 бет; Мәрғинани, Әл-Хидая – 1/312 бет.
[40] Сахих Муслим – 759 хадис. Имам Науаи шархы.

Абдусамат Қасым
Жақсы Жауап
ораза кезынде журып журген кызбен жакындасып койса ораза бузылады ма?
Белгісіз
Харам іспен айналыспау керек. Пайдалы іспен айналыссан болғаны. Саған пайдасы болса болды.
Харам іс қандай ол сонда№
Пайдасыз іс.
кешириниз менин сурагым Ораза  айында кұлак тесуге бола ма
Кайырлы кун! Баршаларынызга Ораза айы кабыл болсын.менин сурагым аузыма тукирик кайта кайта толып кете береди жутпауга тырысамын бир реки рет жутып та койдым,ораза бузылмады ма,жане ауыз бекитули кезде тек жутынуга болама?
Жоға бұзылма

Ораза ұстаушыға 15 кеңес

Аллаһ тағала бізге оразаны ол арқылы Өзіне құлшылық жасауымыз үшін парыз еткен. Оразамыз қабыл болып, пайдасы тию үшін мына нәрселерді орындауымыз керек:

 

Намазға ұқыпты болу. Намаз – дініміздің тіректерінің бірі, оны тәрк ету күпірлік саналады. Кейбір ораза тұтушылар болса, намазға немқұрайды қарайды.Көркем мінез-құлықты ұстану. Күпірліктен, дінге тіл тигізуден және ораза екенімізді міндет қылып адамдармен жаман қарым-қатынас жасаудан сақтануымыз керек. Ораза мінез-құлықты бұзбай, керісінше оны түзейді, ал күпірлік адамды діннен шығарады. Аллаһ елшісі с.а.с. «Кімде-кім өтірік сөз бен оған амал қылудан тыйылмаса, Аллаһқа оның жеп-ішуден тыйылуының қажеті жоқ[1]»,-деп айтқан (әл-Бұхари).Қалжыңдап болса да жаман сөздер айтпау. Әйтпесе түтқан оразамыз зая кетеді. Аллаһ елшісінің с.а.с.: «Қайсыбіріңнің ораза тұтатын күні болса, онда бұзықтық істемесін[2], айғай-шу шығармасын[3], ал егер біреу оны балағаттаса немесе оған соқтықса: «Мен ораза тұтқан адаммын» десін»,-деп айтқанын әрдайым есте ұстау қажет (әл-Бұхари, Муслим).Қылтамақ, асқазан жарасы сияқты көптеген кеселдерге себепші болатын темекіні тастауға ораза кезді пайдаланып қалу керек. Ерік-жігерді жинақтап, ұстамдылық танытып, темекіні күндіз шекпегендей түнде де шекпеу қажет. Сонда денсаулығымызды сақтаймыз және ақшамызды да ысырап қылмаймыз.Ауыз ашарда тамақты шектен асыра қарпымау. Бұл оразаның пайдасын кемітеді, әрі денсаулыққа зиян тигізеді.Адамның мінез-құлқын бұзып, оразаға кереғар келетін телебағдарламалар мен фильмдерді қарамау.Ұйықтап қалып, сәресі мен таң намазын жіберіп алмас үшін түнде ұзақ отырмаған жөн. Іс-амалдарды ерте таңда орындаған жақсы. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Аллаһым! Үмбетім үшін ерте таңдарын берекелі еткейсің!» – деген (Әбу Дауд, әт-Тирмизи, Ахмад; сахих хадис).Пайғамбар (с.а.с.) құптан намазынан кейін әңгіме-дүкен құрып отыруды ұнатпайтын. Ол кісі (с.а.с.) ерте жатып, ерте тұратын.Туған-туыстар мен мұқтаждарға садақа беруді көбейту, ағайындардан хабар алу және араздасқандармен татуласу.Аллаһты жиі еске алу, Құран оқу, оны тыңдау, мағынасына ой жүгірту, оған амал қылу, пайдалы дәрістер тыңдау үшін мешітке бару және Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сүннеті бойынша рамазаниың соңғы күндерінде мешітте иғтикафқа отыру.Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннетіне сай ауыз ашу. Аллаһ елшісі (с.а.с.) «Қайсыбірің ауыз ашатын болса, кепкен құрмамен ауыз ашсын, өйткені онда береке бар. Егер кепкен құрма таппаса, сумен (ашсын), өйткені ол-таза» (әт-Тирмизи). «Адамдар ауыз ашарды асықтырған сайын игілікте болады[4]»,-деген (әл-Бұхари, Муслим). Аллаһ елшісі (с.а.с.) ауыз ашарда: «Аллаһумма ләкә сумту уә ъалә ризқикә әфтарту, зәһәбәз-замә-у уәбтәлләтил-ъуруқу, уә сәбәтәл-ажру инша Аллаһ[5]»-деп айтқан (Әбу Дауд).Сәресіні ішу. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сәресі ішіңдер, өйткені сәресіде береке бар»,-деген (әл-Бұхари, Муслим).Оразаның үкімдерін білу үшін ол жайлы жазылған кітаптарды оқу. Ол кітаптардан ұмытып тамақ жеп, су ішіп қою оразаны бұзбайтыны, түнде жүніп болу ораза тұтуға кедергі жасамайтыны және т.с.с. нәрселер баяндалған.Рамазандағы оразаға ұқыпты қарау және балаларға шамалары жеткенше ораза түтуды үйрету. Рамазан айы күндерінде себепсіз ауыз ашып, оразаны бұзудан сақтану. Өйткені әдейі бір күн ауыз ашқан кісі және рамазан айында күндізгі уақытта әйелімен жақындасқан адам шариғат белгілеген тәртіп бойынша кәффарат амалдарын өтейді .Рамазан айында оразаны тұтпай жүруден сақтану лазым. Тұтпаған күннің өзінде оны адамдарға жарияламау қажет. Өйткені ораза ұстамау Аллаһқа қарсы келу, Исламға ат үсті қарау және адамдар арасында ұятсыз қылық болып табылады. Ораза тұтпаған адамға айт мерекесі де жоқ. Өйткені айт оразаның аяқталуы мен құлшылықтардың қабыл болуына байланысты ұлы қуанышты білдіреді, ал ораза тұтпаған адам бұл қуаныштан мақрұм қалады.

Оразада сакал-муртты алуга болама?
ораза айында ауыз бекитктерге тырнак немесе шаш алуга болама?

1. Ауыз жабатын кезде күні бойы ағзаны қоректендіріп тұратын тағаммен тамақтану керек. Рамазанның басты тағамы – құрма.
2. Ауыз ашатын кезде денеде ұзақ тұрмайтын қуырылған тағамнан көрі ағзаны көбірек қуаттандыратын, құрамында көмірсутек көп жеміс-жидек, дәнді-дақыл, құрмамен қоректену керек. Сондай-ақ арпа не фасоль секілді дақылдардан жасалынған сорпа ішкен де пайдалырақ.
3. Күндіз шама келгенше көлеңкені паналаған дұрыс. Қолыңыздан келсе, сыртта істелетін жұмыстарды бөлме / кабинет / офис ішінде жасалатын жұмысқа ауыстырған абзалырақ. Ораза кезінде ағза сусызданатын болғандықтан, шөлден қаталамауды ойластыру қажет.
4. Ауыз ашқан соң мүмкіндігінше сұйық көбірек ішу қажет. Суды молырақ пайдаланса да дұрыс. Күні бойы су мөлшері азайған ағзаның қажет көлемде қайтадан ылғал мөлшерін қалпына келтіру қажет. Сол кезде ертесіне де ауыз бекіту оңай болады.
5. Дене жұмысымен айналысуды азайту абзалырақ болады.
6. Бұл өмір адам мен шайтанның арпалысы болғандықтан, кімнің әрекеті күшті болса, сол жеңеді. Сондықтан Аллаһ Тағала осы айды Мұхаммедтің үмметіне (с.ғ.у) рақым етіп сыйлады. Ендеше Аллаһ Тағалаға деген құлшылық-ғибадатымызды арттыра түсуіміз қажет. Намазымызға мән беру керек. Намазды дұрыстау керек.
7. «Ұмытылған» Құранды қолға алу керек. Күніне құрығанда бір аят та болса оқу керек.
8. Пайғамбарлардан басқа адамдардың барлығы күнә жасайды. Ендеше, өзің білетін күналарды жасауды қой, қоюға тырыс.  Тәубе ет. Шындығында Аллаһ тағала – Тәууәб (тәубелерді қабыл етуші).
9. Мұсылман бауырларыңмен байланыс жаса. Біреуден екі, екеуден үшеу жақсы. Ислам – жамағат діні. Жалғыздың досы – шайтан болады.
10. Дұға жасауды ұмытпау қажет. Қол жайып, тілек сұрағанға Аллаһ Тағала жауап беретінін ұмытпау. Пайғамбарымыздың с.ғ.с. жасаған дұғаларын пайдалану.
11. Садақа беруді ұмытпа. Шындығында садақа тозақтан алыстатады.
12. Ата-анаға мейіріммен қарап, ағайын-тумамен байланысты күшейту қажет.
13. Өзің білгенді өзгеге де айтып, үйретіп, Алланың тура жолына шақыру…

Толық ақпарат мына жерде.

Сонымен агентке кіруге, махаббат жайлы айтуға, телефонмен көп сөйлесуге болама болмай ма? айтындаршшш
Болмайды. Мүмкіндігінше шыдай тұр. Оразаны сен шын ниетіңмен ұстан!
Айдархан , Оразаны пайдалы іспен өткіз саған агент,махаббат пайда береме жыл бойына солармен уақытыңды өткізесің ғой яғни 11 ай  1 ай оразада солардан тыйылуға болмайма, өзіңе қияметте қажет сауапты жинап алатын сезон ғой бұл ораза,  бұл күнге жеткен бар жетпеген бар, сахабалар Ораза жақындағаннан қуанатын ораза біткенде жылайтын сен болсаң агент махаббат дейсің мынауың ұят
мЕн емес ораза ұстап жүрген.......... Болашаықта алла өмір берсе ұстаймынба деп едімғо....... мұсылман баласы болғасын аллаға 1 табан жақын болу керекқой
Ораза деген не?
Ораза — арнайы ниет ете отырып таңның атысынан кештiң батысына дейiн iшiп-жеуден, нәпсi қалауларынан тыйылу. Оның уақыты Құранда былай көрсетiлген: “Таңнан қара жiптен ақ жiп (қараңғылықтан сәуле) ажыратылғанға дейiн iшiңдер, жеңдер, сосын оразаны кешке дейiн ұстаңдар”. “Кiм Рамазан айында болса ораза ұстасын”.

Бұл айда не iстеу керек?
Аллаһ Тағаланы көбiрек еске алып, одан кешiрiм тiлеу, мүмкiндiгiнше жұртқа жақсылық жасап, мейлiнше iзгi iстi көбiрек iстеу, жиiркенiштi қылықтар мен жамандықтардан, күнә атаулыдан барынша бойды алыс ұстап, кедей-кембағал, жарлы-жақыбайларды мүсiркеп қол ұшын беру, садақа үлестiру, көбiрек ғибадат-құлшылық жасау, қаза намаздарды өтеу, нәпiл ғибадаттарды арттыру, Құран оқу, ауыз бекiткен жандарға ауызашар беру Рамазан айында Пайғамбарымыз (с.а.у.) әдет еткен әрi сүннет болып табылатын ең негiзгi iстер қатарына жатады. Рамазан айы — мүминдердiң кiсiлiгi мен парасаттылығын шыңдайтын иләхи рақымға толы берекеттi ай. Ораза ұстауға ниет еткен жан аузына ғана ас кiрмеуiн қадағалап қоймай аузынан жаман сөз шықпауына да барынша мұқиятты болғаны жөн. Өсек-аяң, өтiрiк айтудан, бiреудi орынсыз ренжiтуден абай болған дұрыс. Бұлар оразаның қадiр-қасиетiн қашырумен қатар ауыз бекiтушiнiң ниет еткен сауабын азайтады. Бұл қасиеттi айды бiзге нәсiп етiлген соңғы Рамазан айы деп бiлiп, қал-қадарымызша, шамамыздың келгенiнше оның берекетi мен сауабына қол жеткiзуге тырысуымыз керек.

Сәресiде берекет бар
Әнас ибн Маликтен келген хадисте хазiретi Пайғамбарымыз (с. а. у.) былай деген: “Сәресi асты жеңдер, сәресiде берекет болады”.
Бұл жердегi берекет сәресi уақытында ұйқыны қиып тұрып, сол уақытта дұға оқып, Аллаһты еске алуда. Неге десеңiз, сәресi уақытында дұға оқып, Жаратушыны еске алудың сауапты iс екендiгi Құранда да мадақталған. “Ол мүминдер сәресi уақытында кешiрiм тiлейдi” аятының астарында сәресi уақытында ояу болу керектiгi меңзелiп тұр. Сәресi тамағын iшу күндiзгi қым-қуыт тiршiлiктi қиындықсыз атқарып, құлшылығын орындауда адамға күш-қуат, әл-дәрмен бередi.

Оразаның пайдасы
Ауыз бекiтiп ораза ұстаудың сауап тұрғысынан да, денсаулық тұрғысынан да пайдасы зор. Айталық, ораза ем ретiнде iшек ауруларына, iш қатуға қарсы қолданылады. Оразада кейбiр терi аурулары жазылып, асқазан мен iшек жұмысына тоқтау салып, олардың белгiлi бiр уақыт аралығында тынығуы қамтамасыз етiледi. Ораза адамның iшкi мүшелерiне жиналатын майларды ерiтiп, метоболизмдi жандандырады. Бүйрек, бауыр, қуық, сусамыр (қант диабетi), жүрек пен тамыр ауруларына қарсы төзiмдiлiктi арттырады. Ол үшiн сәресi мен ауыз ашар уақыттарда тым көп ас жемеу керек.
Адамдағы шайтани әрi нәпсiқұмарлық сезiмнiң оянып, қозуы жыныстық гармондардың әсер күшi мен олардың мөлшерiне байланысты. Ораза әлгi түрдегi гармондардың қандағы мөлшерiн азайтатындықтан ол адамдағы құмарлық сезiмдi басады.

Оразаның дұрыс орындалу шарттары
1. Хайыз бен нифастан таза болу. Хайыз бен нифас (етеккiр, бала босанған әйелдiң жатырынан қан келу кезi) жағдайындағы әйелдер уақыты өткеннен кейiн оразаның қазасын өтейдi. Адамның түнде немесе күндiз жүнiп, (бой дәретсiз) күйiнде болуы, ораза ұстауына кедергi емес. Бiрақ, мүмкiндiгiне қарай, ауыз бекiтпес бұрын, ғұсыл алу (бастан-аяқ шомылу) — абзал.
2. Ниет: Барлық оразаға жүрекпен ниет ету жеткiлiктi. Бiр адам түн жарымында ертеңгi күннiң ораза екенiн бiлiп, бұл айда ораза ұстайтынын жүрегiмен сезсе немесе сәреге тұрса, бұл iсi ораза ұстауға ниет саналады.
Барлық оразаға түнде немесе таң уақыты кiрмей тұрып ниет ету — абзал. Рамазан оразасына ниет етерде әрбiр күнiне жеке-жеке ниет ету шарт. Себебi, әрқайсысы өз алдына жеке ғибадат. Бұл — ғалымдардың басым көпшiлiгiнiң пiкiрi.

Аузы берiк кiсiге мәкрүһ және мәкрүһ емес нәрселер
1. Себепсiз бiр нәрсенiң дәмiн тату немесе шайнау — мәкрүһ (тыйым салынады). Бұл оразаның бұзылуына себеп болуы мүмкiн. Бiрақ, көп кiсiге пiсiрiлген тамақтың дәмiн қадағалау үшiн, тамақтың дәмiн көрiп, түкiрiп тастауға болады. Дәмiн татқан уақытта тамаққа кетпеуi шарт.
2. Дәрет алған кезде аузына, мұрнына суды көп пайдалану — мәкрүһ.
3. Шайналып тәттiсi кеткен ақ сағызды шайнау — мәкрүһ. Ал, жаңасын шайнауға мүлдем болмайды.
4. Аузы берiк адам әлсiреп өзiн сақтай алмайтындай болса, қан алдыруы — мәкрүһ. Егер көтере алса, мәкрүһ емес. Ең жақсысы, күн батқан соң қан алдыру.
5. Рамазанда қатты ыстықтап салқындау үшiн ауыз бен мұрынды сулау және суық сумен жуыну — Әбу Юсуф бойынша, мәкрүһ емес. Өйткенi, мұндай уақытта адамға жеңiлдiк туады. Фәтуа осы үкiмге берiлген.
6. Өзiне сенiмсiз аузы берiк адамның әйелiн сүюi — мәкрүһ. Өзiне сенсе, мәкрүһ емес. Хадисте Пайғамбарымыздың (с. а. у.) зайыбын сүйгенi және әзiлдегенi жайлы айтылады.
7. Аузы берiк жанның гүл мен әтiр секiлдiлердi иiскеуi және сүрме жағуы — мәкрүһ емес.

Оразаны не бұзады?
1. Бiле тұра бiр нәрсе iшiп-жеу;
2. Жыныстық қатынас жасау;
3. Әдейiлеп құсу;

Оразаны не бұзбайды?
1. Ұмытып iшiп-жеу немесе бiлмей жыныстық қатынаста болу. Пайғамбарымыз (с. а. у.) былай дейдi: “Аузы берiк адам ұмытып iшiп-жесе, оразасын бұзбай толықтырсын. Өйткенi, оған жегiзген де, iшкiзген де Аллаһ Тағаланың өзi”. Ұмытқан адам есiне түскен кезде дереу тоқтатуы керек.
2. Бiр адам таңертең жүнiп болып тұрса және кешке дейiн де осылай жүнiп күйiнде жүрсе, оразасы бұзылмайды. Бiрақ, әлбетте, намаз оқу үшiн ғұсыл алу парыз, Аллаһ Құранда: “Егер жүнiп болсаңдар, толық тазаланыңдар”, — дейдi.
3. Қан алдыру және сүлiк салдыру оразаны бұзбайды. Пайғамбарымыз (с. а. у.) қажылықта аузы берiк кезiнде қан алдырған.
4. Құлаққа су кiру, бұлық ағу оразаны бұзбайды.
5. Көзге, құлаққа дәрi тамызу немесе көзге сүрме жағу оразаны бұзбайды.
6. Мисуак оразаны бұзбайды. Өйткенi, мисуак қолдану — сүннет. Тiптi, тiс пастасын қолдану да оразаны бұзбайды. Бiрақ iшке кетiп қалса бұзылады. Ең абзалы таң намазы кiрмей тұрып жуу.
7. Тiс жұлдыру оразаға кедергi жасамайды. бiрақ жұлдырған уақытта ауыздағы қанды яки дәрiнi жұтпау шарт.
8. Ауыз бен мұрынға су алып шайқау оразаны бұзбайды. Бiрақ тамаққа кетпеуiн қадағалау қажет.
9. Тамаққа түтiн немесе топырақ, шаң, ұнның тозаңы, қардың ұшқыны, жауынның тамшылары ерiксiз кiрсе, оразаға зиян бермейдi. Бiрақ оларды әдейi iшiне тартса, ораза бұзылады.
10. Түкiрiк немесе мұрынды тарту арқылы бiр нәрсе тамаққа кетсе, ораза бұзылмайды.
11. Тiстердiң арасында қалған тамақ қалдықтары ноқаттан кiшкене болса, оны жұту оразаны бұзбайды. Гүл, әтiр секiлдi жақсы иiстердi иiскеу оразаға зиян бермейдi.
12. Ерiксiз құсу (ауыз толы құсық болса да) оразаға кедергi жасамайды. Және оның ерiксiз iшке қайта кетуi де қауiптi емес.
13. Салқындау үшiн жуыну, жүзу немесе ылғалды бiр көйлек кию оразаны бұзбайды. Бiрақ аңдаусызда су жұтып қоймас үшiн мүмкiндiгiнше суға түспеген абзал.
Ассаламу Алейкум жамагат.....сурагым келгени,озим оразаны биринши рет устап отырмын сондыктан коп нарсени биле бермеймин....мен Намаз окымаймын,бирак ораза устаганым дурыс па?уй ишиндеги адамдар гайбат создер айтады,мен соны озим байкамастан иштей кайталап коямын,ол оразаны бузама?авыз ашарда дуганы окыган соп курмамен ашып,ары карай бирден тамак ишип кетем ол дурыс па?жане де оздериниздин акылдарынызды косып кетсениздер...?
1. Намаз оқымасаңыз да ораза ұстауға болады. Бірақ, жалпы намаз оқымау ол да күнә.
2. Ғайбат айту оразаны бұзбайды, бірақ оразаның сауабын ала алмайсыз. Ондай адам аштық пен шөлден басқа ештеңеге қол жетгізе алмайды.
3. Бірден ішіп кету денсаулығыңызға зиян болуы мүмкін.
4. Оразаның кезінде көбірек сауапты істер жасауға тырысу керек!
ғайбат сөздер деген не?
Біреуді сыртынан жамандау.
аа түсінікті

рамазан айында шаш киюга бол ма?

Салеметсіздерме? Менің аузым берік еді яғни қарвз күндерімді өтеудемін. Мен официант болып жумыс істеймін. Сұрайын дегенім арақ шарапты ұстауға, кұюға болама?
оразада қандай киім киген жөн ?
Ассаламагалейкум мусылман бауырлар!менин сурагым ораза устамай-як кандай истер истеген жон рахмет
Ораза кезінде қас жұлуға бола ма?
Ассалаумагалейкум ораза устап журмын , устап журып темекы шексе болама?
Салеметсиз . Ораза кезынде журып журген кызбен жакындасып койса ораза бузылады ма? Калай отеуге болады ?
118,273 сұрақ
305,003 жауап
153,298 пікір
67,298 қолданушы