0 дауыс
640 көрілді
Сәлеметсіздерме! Мен Еске Алу видеосын жасағым келеді. Мен видеомантажды шамалы Adobe Premiere Pro арқылы жасаймын. Фотолардан слайдты қандай жақсы программамен жасаған дұрыс? Еске Алып жатқан адамның видеосы мен фотосы жүретін жеріне дейін қандай видеолар салған дұрыс? Еске Алуды қалай жасаған дұрыс ойларыңызды айтсаңыздар? Еске Алу жасаған Еске Алыпжатқан адам жайында адамдар естелік айтып видеоға түскенде звукты жазып алатын қандай апараттар керек айтсаңыздар?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Кейбір жағдайда, белгілі бір видеоға өзгертулер енгізіп, қажет емес жерін алып тастауға тура келеді, яғни монтаж жасау керек. Бұл қазіргі уақытта, үлкен мәселе емес, себебі оған арналған көптеген бағдарламалар бар. Солардың ішіндегі ең тиімді деген 3 түріне тоқталайық.

AVS Video Editor – әртүрлі видеоларға өзгерістер енгізіп, монтажын жасауға арналған, өте ыңғайлы бағдарлама. Дизайны өте ыңғайлы және ең керекті деген функциялары бар. Кез-келген адам бұны тез меңгере алады. Жеке өзім бұны, тәжірибе жүзіне қолданамын және бұл маған біраз тапсырманы шешуге көмектеседі.

Adobe Premiere Pro – видеомонтаж жасайтын, профессионалдардың арасында өте танымал. Бұл бірінші атап өткен бағдарламаға қарағанда күрделі, дегенмен өте бай функционалды, осы мүмкіндігінің арқасында әртүрлі фильмдерден бастап, видеоларға монтаж жасау үшін кеңінен қолданылады.

Sony Vegas Pro – қалаған аталған бағдарламалардан асып түспесе кем түспейтін, өте танымал видеоредакторларың бірі. Интерфейсі өте ыңғайлы етіп жасалған, соның арқасында, қажетті құрал-жабдықтармен оңай жұмыс жасауға болады.

Мына сілтемеден видеомонтаж сабақтарын көре аласыз.

...