0 дауыс
6.0k көрілді
Серпін бағдарламасымен оқып жатырмын. Аяқтаған соң жұмыс істеу міндетті ме?

1 жауап

0 дауыс

«Серпін-2050»  жобасы бойынша оқитындар мен  жалпы  білім беру  гранттарын иеленгендердің арасындағы ұқсастық пен айырмашылық неде?

- Ұқсастық – жоғары білім грантын иеленгендердің шәкіртақымен, темір жол арқылы барып-қайтатын жол шығындарының өтелуінде. Ал айырмашылығы – «Серпінмен» оқуға  түскен жағдайда қосымша  екі үлкен кепілдік бар. Біріншісі, жатақханамен оқуды бітіргенге дейін толық қамтамасыз етіледі. Жалпы грантпен оқуға  түскендерде ондай кепілдік жоқ.   Екіншісі, егер оқу бітірген соң сол өңірде қоныстанып қалған жағдайда, жұмыспен толық қамтамасыз етіледі. Яғни,  алдағы күндерде қиналмай-ақ жұмыс тауып, өздерінің әлеуметтік  жағдайларын жақсартуға  мүмкіндік бар.

«Серпінмен» колледжге түскендердің басқа колледж гранттарынан айырмашылығы, бізде жылына 2 рет жол шығындары төленеді және қыстық киімдер алуға 60 мыңнан астам теңге бөлініп,  барлығына 3 мезгіл ыстық тамақ беріледі. Мұнда да оқыған өңірінде қоныстанып қалған  түлектерді  жұмыспен қамту жан-жақты қарастырылған.   Жоғар оқу  орыны болсын, колледж болсын  жоба бойынша  жастарға дуальді білім беру, болашақ жұмыс берушімен тікелей байланыс орнатып,  тәжірибелерді сол мекемелерде өту арқылы  келешекте жұмыс таңдау мүмкіншіліктерін беру талабы қойылған. 

Оқу бітірген соң өз туған жерлеріне кеткісі келетін жастарға жол ашық. Ұстамаймыз. Бірақта болашақтарына жауапкершілікпен қараған жастар дұрыс шешім қабылдайды деп сенемін. Бәрін  жастардың өздері шешеді. Дегенмен, «Серпінмен» оқуға түсіп, кейін өз облыстарына қайтып келу, бұл  гранттарға қол жеткізе алмай жүрген  құрбыларының орындарын иеленіп кетумен бірдей. Өйткені,  жоба бойынша оқып,  барған жерінде қалғысы келетін жастар көп.  Сондықтан, «Серпінмен» оқып, кейін  туған жерлеріне қайтқан жастардың әрекеттерін азаматтыққа  сын ретінде қабылдаймын.

 («Серпін-2050»  әлеуметтік жобасы республикалық үйлестіру кеңесінің төрағасы - Мұрат Әбеновтің сұхбатынан)

...