0 дауыс
3.4k көрілді
Мен аудан орталығында ойын орталығын ашайын дегем, яғни Play Station 4.

Заңды түрде ашуға қандай құжаттар және ережелерді ұстану керек?

ИП,налог

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Сізге мысал ретінде антикафе ашудың бизнес жоспарын ұсынамыз.

Жобаның талдауы:

Инвестициялық жобаның мақсаты: антикафе ашу

Өнім: Қызмет көрсету саласы

Жобаның орташа құны: 7 416 000 теңге

Өтелу мерзімі: 1,5 жыл

Негізі, антикафелер кем дегенде үш бөлмелі болады.

  1. Қарым-қатынас бөлмесі. Бұл жерде ойындар ойналады, достармен пікір-талас ұйымдастырып, кеңес өткізуге болады.
  2. Ойын және шағын кинотеатр бөлмесі. Бұл бөлмеде ойын-сауық жасау үшін бәрі бар. Play Station, Xbox, кино көруге арналған үлкенірек экран және т.б. Сондай-ақ, музыкалық аппараттар да осы бөлмеде болады.
  3. Оқу бөлмесі. Жоба бойынша оқуға арналған Kindle атты планшеттер алынады деп жоспарланған. Бұл жерде кітапхана жасалады. Сонымен бірге, бір шығарманы талқылау мақсатында әдеби кештер жасауға болады. Аталған бөлменің атмосферасы ерекше болары анық.

Енді бастапқы шығындармен таныстырайық:жоба құны

Пайда мен залалдар туралы есепке көз жүгіртейік:

бап

Қызмет көрсетуден түсетін табыс: Күніне 35 клиент келеді деп есептесек, 35*1000=35 000 теңге, айына 35 000*30 күн=1 050 000 теңге. Жылына 1 050 000*12 ай=12 600 000 теңге.

Жалпы және әкімшілік шығыстар

ыңын

Әлеуметтік салық

Жоба бастамашысы өзі үшін екі айлық көрсеткіш (АЕК) және әрбір қызметкер үшін бір АЕК мөлшерінде салық төлейді. Яғни, шамамен бұның көрінісі мынадай: 1 852 теңге АЕК * 2 * 12 ай + 1852 теңге АЕК * 2 қызметкер * 12 ай = 88 896 теңге. Міндетті зейнетақы жарналарын қоспағанда (3 720 мың теңге * (1-10%)* 5 %= 167 400 теңге) әлеуметтік аударымдар еңбекақы сомасының 5 %-на тең.

Әлеуметтік салық көлемі: 133 344 теңге

Әлеуметтік аударымдар: 167 400 теңге

Еңбекақы төлеу жүйесі:

ыңын

Салықтар және бюджеттік төлемдер

Жоба аясында пайдадан 3 % бойынша салық салу жүйесі негізінде корпоративтік табыс салығын төлейді, яғни 378,0 мың теңге (12,6 млн теңге*3 %).

Жобаның негізгі экономикалық көрсеткіштері:

  • жобаның жалпы инвестициялық көлемі – 7 416 000 теңге;
  • жылдық пайда – 4 396 800 теңге;
  • жобаның өтелу мерзімі – 1,5 жыл.

Жобаға ақшаны қайдан таба аламын?

Жобаны қаржыландыру бойынша, өзіңіздің жеке қаражатыңыз болмай, бірақ бизнесті бастауға ниетіңіз болса, қосымша капитал тартудың бірнеше жолы бар.

Еуразиялық даму банкі (ЕДБ) арқылы несие алуға болады. Қаржы есептері пайыздық мөлшерлемесі 14%, өтеу мерзімі 18 ай, өтеу мерзімі жарты жылға кешіктірілетін, содан кейін ай сайын тұрақты төлеп тұратын қарыз алу қажеттілігін айқындап отыр.

«Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасын іске асыру аясында несиелендіру. Бағдарлама ауылдық жердегі тұрғындар үшін өз ісін ұйымдастыруға бюджет қаржатын бөлуді қарастырады.

Керек құжаттар:

Мамандардың түсіндіруінше, серіктестікті тіркету үшін алдымен аталған нысан орналасатын мекенжайдағы Халыққа қызмет көрсету орталығынан кеңес алған жөн. Заңды тұлғаларды тіркеуге алу үшін талап етілетін құжаттар төмендегідей:

– бекітілген нұсқадағы өтініш;
– құрылтайшы бекітіп, нотариуспен куәландырылған жарғы (қазақ және орыс тілдерінде, 3 дана);
– заңды тұлғаның мекенжайын анықтайтын куәлік;
– нысанды тіркету үшін белгіленген мөлшерде ақы төлегенін растайтын түбіртек;
– жеке куәлік немесе төлқұжат;
– салық төлеуші ретіндегі куәлік.

...