0 дауыс
736 көрілді

Жеке тұлғаның атындағы ЭЦҚ-мен қол қойылған құжатты баспадан шығарғанда QR кодын қалай шығаруға болады?

Мына суреттегідей етіп шығаруым керек:

1 жауап

0 дауыс

ЭСҚ пайдаланушысына ашық және жабық криптографиялық кілттер беріледі.

Құпия кілттің көмегімен электрондық құжаттарды шифрлеу жүргізіледі және электрондық сандық қолтаңба қалыптасады. Құпия кілт пайдаланушыда қалады және оған дискета, смарт-карта немесе флеш-карта арқылы тасымалдауға берілуі мүмкін. Оны басқа да жүйені пайдаланушылардан құпия сақтау керек.

ЭСҚ шынайылығын тексеру үшін ашық кілт қолданылады. Қазақстан Республикасы Куәландыру орталығында ашық кілттің дубликаты бар, ашық кілттердің тіркеу куәліктерінің кітапханасы құрылған.

Куәландыру орталығы ашық кілттерге тіркеу және бұрмалау мен жасанды түрлерін жасаудан  сенімді сақтауды қамтамасыз етеді.

Ашық кілт тек жабық кілтпен бірге ғана жұмыс істейді.

ЭСҚ-ны онлайн алудың алгоритмі

ЭЦҚ алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталығының – www.pki.gov.kz сайтына кіру керек. ЭЦҚ алу үшін мынадай қадамдар жасау керек:

1 қадам. Цифрлық қолтаңба жүйесі жұмыс жасау үшін тиісті бағдарламаны орнату.

2 қадам. ЭЦҚ алуға өтінім беру. Өз деректеріңізді, ЖСН (жеке куәлік штрих-коды астындағы нөмір) толтырған соң, сіздің тапсырысыңызды жіберетін тетікті басамыз. Одан кейін сіздің тапсырысыңызға нөмір белгіленеді, оны ХҚО-да тіркету керек. Болмаса сол сайттағы сіздің деректемелеріңіз бен нөміріңіз бар дайын сауалнаманы көшіріп алсаңыз да болады.

3 қадам. Сайттағы деректер өңделгеннен кейін, екі күн ішінде онлайн тапсырыста жазылған электронды поштаға сертификаттар келеді.

ЭЦҚ пайдаланушының электронды поштасына екі сертификат пен ашық және құпия кілт келуі керек.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқуға болады.

Кешірініз, ЭЦҚ қалай алуды сұраған жоқпын. Менде ЭЦҚ бар. Принтерден шығарғанда ЭЦҚ иесі жайлы мәліметтер QR код деп аталатын екі өлшемді штрих код арқылы беріледі. Міне, сол кодты қалай шығаратынын таба алмай отырмын.
...