0 дауыс
Неге ЭЦҚ-ны Интернет арқылы, ХҚКО-на бармай-ақ алуға болмайды?
19.08.2014 707 қаралым

1 жауап

0 дауыс

Біз бұл рәсімді жеңілдету мәселесін бірталай қарастырдық, алайда «дұрысы» мен «бұрысын» ақылға салып, бүгінгі күнгі әрекет етуші рәсімді қалдыруға шешім қабылданды. ЭЦҚ-ны беруде барлық рәсімді Интернет арқылы беру мақсатқа сай емес, өйткені беделіне дақ түсіру қаупі артады. Ұлттық куәландырушы орталықтың операторы ЭЦҚ алуға өтінішті өтініш берушіні өзі бергеніне көзі жетуі керек. Егер де өтініш берушінің Ұлттық куәландырушы орталыққа өзінің жеке келу қажеттілігін алып тастаса, онда қастық ойлаушыларда Сіздің атыңызға қол алу, оларды өз мақсатына пайдалану - Сіздің атыңыздан мемлекеттік органдарға сұрау жіберу мен Сіздің жеке ақпаратыңызды алу мүмкіндігі болады.

19.08.2014
127,960Сұрақ
322,891Жауап
153,169Пікір
73,011Қолданушы