0 дауыс
5.1k көрілді
Оразаны кешіктіріп ұстауға болады ма?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Құран кәрім Рамазан айында түсті. Қадір түні осы айдың ішінде. Рамазан айында ауызды шам уақыты кіруімен көп кідірмей ашу, сәре тамағын да имсак (фәжр) уақытына жақындатып кеш жеу сүннет. Расулуллаһ бұл екі сүннетті орындауға қатты мән беретін. Ауыз ашуға асығу және сәре тамағын кешіктіру бәлкім адамның төмендігін, әлсіздігін, ішіп-жеуге және барлық нәрсеге мұқтаж екендігін көрсетуде. Ғибадат ету дегеніміз де осы. Құрмамен ауыз ашу сүннет. Ауыз ашқанда «Зәхәбәз-зама-у уәбтәлләтил уруқ уә сәбәтәл-әжр иншаллаһу та’ала» дұғасын оқу, тәрауих намазын оқу, хатм оқу маңызды сүннет болып табылады.

Бұл айда әр түні жаһаннамға түсетін мыңдаған мұсылмандар кешіріледі, азат болады. Бұл айда жаннат есіктері ашылады. Жаһаннам есіктері жабылады. Шайтандар шынжырлармен байланады. Рахмет (мейірімділік) есіктері ашылады. Аллаһу та’ала бұл қасиетті айда Оның мәртебесіне лайықты түрде құлшылық етуді және Раббымыздың разы болған ұнатқан жолымен жүруімізді бәрімізге нәсіп етсін! Амин. (Мәктубат 1-том. 45-хат)

Рамазанда жұрттың көзінше ашықтан тамақ жеген адам бұл айды құрметтемеген болады. Намаз оқымайтын адамдардың да ораза тұтуы және харамдардан тыйылуы керек. Бұлардың оразалары қабыл болады және имандарының бар екендігі осыдан белгілі болады.

Рамазан айында ораза тұту үлкен сауап. Үзірсіз (себепсіз) ораза тұтпау үлкен күнә болады. Хадис шәрифте: «Рамазанда үзірсіз бір күн ораза тұтпаған адам, оның орнына бүкіл бір жыл ораза тұтса да, әлгі бір күннің сауабына қауыша алмайды.» делінген. (Тирмизи)

Рамазанда ораза тұту туралы айтылған хадис шәрифтердің біршамасы мынадай:

«Рамазан айы мүбәрәк ай. Аллаһу та'ала сендерге Рамазан оразасын парыз етті. Ол айда рахмет (мейірім) есіктері ашылады, жаһаннам есіктері жабылады, шайтандар байланады. Ол айда мың айдан да құнды бір түн бар. Ол түннің (Қадір түнінің) жақсылығынан мақрұм қалған адам, бар жақсылықтан мақрұм қалды деп саналады.» (Нәсаи)

Толық мәлімет muslim.kz сайтынан алынды.

0 дауыс
Ия ұстауға болады
0 дауыс
Я болады шаруалары болса егер

Ұқсас сұрақтар

+3 дауыс
7 жауап
0 дауыс
1 жауап
...