0 дауыс
728 көрілді
Ағылшын тілін өз бетіммен үйренгім келеді. Қандай кеңестер, кітапттар бар?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Ағылшынша оқып, жаза алатындар көп, алайда көбі дұрыс дыбыстай алмайды немесе естіген кезде дұрыс түсінбей қалады. Не істеу керек? Ағылшын тіліндегі аудиоларды жиі тыңдау керек. Назарларыңызда ағылшын тілінде сапалы аудио ұсынатын сайттардың тізімі.

Ағылшын тілінде оқу және жазуды үйренуге кітап оқыған көп көмегін тигізеді. Ал, ағылшынша сөйлеу мен естіп, түсіну үшін аудио-подкаст тыңдаған тиімді.

Effortless English Podcast

  • Жазылу: сайтRSSiTunes.
  • Ағылшын тілі: америкалық
  • Жаңартылу уақыты: әртүрлі
  • Effortless English («Ағылшынша еш қиындықсыз») оқыту әдістемесінің авторы Хорджтың (A. J. Hoge) айтуынша, тіл үйренудің ең тиімді тәсілі – ережелерді кітаптан оқып, сөздері жаттау ғана емес, оған басыңмен берілу. Оның барлық сабақтары осы әдістемеге негізделген.

    Сайтта ақылы түрде ағылшын тілінің курстарын оқуға болады. Ал, видеолардан тіл үйренуге қажетті кеңестерді тыңдайсыз.

    The English We Speak

    • Жазылу: сайтRSSiTunes.
    • Ағылшын тілі: британдық.
    • Жаңартылуы: аптасына бір шығарылым
    • Бұл сайттың жүргізушілері ағылшын тіліндегі “сленг” сөздерді талқылап, мағынасын түсіндіреді. Clickbait деген не? To Have an Axe to Grind фразасы қай кезде қолданылады? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын The English We Speak сайтынан таба аласыз.

      Аудио-шығарылымдар өте қысқа. Ұзақтығы бар-жоғы 2-3 минут.

      6 Minute English

      • Жазылу: сайтRSSiTunes.
      • Ағылшын тілі: британдық.
      • Жаңартылуы: аптасына бір рет
    • Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.
0 дауыс
1)  ең алдымен ағылшын тілінің фонетикасын үйрен өйткені ол қазақтыкі сияқты емес ғо сөздер жазылғандай оқылмайды мысалы feature және future деген сөздердің жазу жүйесінде бірдей емес екенін көру бәрімізге ыңғайлы бірақ оқыған кезде дауыстары өте ұқсас болғандықтан шатастырып кету мүмкін осыған ұқсас тағы көптеген мысал келтіруге болады
2) плей стордағы тіл үйренуге арналған  бағдарламаларды жүктеп ал мысалы duolingo , mondly сияқты. . .
3) Қазақша субтитр арқылы ағылшын тілінде киноларды көр

4)  ағылшын тілін жетік білген достарың бар болса практика жасау үшін олар мен сөйлесе бер
5) өкінішке орай ақы төлемей бір тілді үйрегуге болмайды арзан болуы үшін қайда болсаң  ол қаладағы жақын курстарға қосыла бер тіл үйрегуге үлкен мүмкіндік тудырарына күмән жоқ
6) әсіресе осы соңғы жазғаным кеңес есіңізде болсын бір тілді үйренем десең өзіңе сенімді бол ,  ешқашан үміт үзбе әріне мен табысқа жете алам деуші бол ол сенің үйрену қабілетіңді арттырады
...