0 дауыс
700 көрілді
Ұйымның реорганизациясы, яғни қайта құрылуы және оның нысандары жайында қысқаша мәлімет керек еді. Жауаптарынызға рахмет))

1 жауап

0 дауыс

Адамзат қоғамының әрбір адамы әзінің бүкіл өмірін ұйымдарда өткізеді, ұйымдармен ұшырасады, ұйымдарға тәуелді болады. Адам ұйымда дүниеге келеді, тәрбиеленеді, өзінің мұқтажын қанағаттандырады, оны соңғы сапарға ұйым шығарып салады деген пікірлерде әділдік бар сияқты.

Ұйымдар өте күрделі және сарқылмайтын таным объектісі. Олардың мұндай алуан түрлілігі ұйымдар үшін адамзат қоғамының барлық негізгі белгілері тәндігімен түсіндіріледі. Мысалы, ұйымның да нақты шекарасы, әлеуметтік жіктелісі мен статустар иерархиясы, орталық билігі, мақсатқа бағытталған қызметі, ұйым мүшелері арасында бүкіл қарым-қатынастар жиынтығы бар. Демек, ұйым күрделі әлеуметтік организм іспетті. Сондықтан да ұйымның көп жақтығы оларды зерттеуге көптеген ғылымдар өкілдерінің - психологтардың, экономистердің, әлеуметтанушылардың, басқару саласы мамандарының, инженерлердің көңілін аударып келеді. Белгілі ғалымдар М. Вебер, Т. Парсонс, Р. Мертон, П. Блау, Д. Скотт, М. Крозье, Р. Лайкерт, Г. В. Осипов, А. И. Пригожин және т.б. бұл мәселеге назар аударды. Ұйымның мәні, олардың пікірінше, әлеуметтік топтың мүшелері арасындағы бүкіл әлеуметтік қатынастар.

Адамдардың ұйымдасқан қызметі — олардың өмір сүруінің маңызды алғышарты. Бастапқыда адамдар өз өмірін ұтымды, яғни алға қойған мақсатына сәйкес ұйымдастырады. Көптеген жағдайда мақсатқа жетудің тәсілдері бірнеше немесе кептеген адамдардың күштерін біріктіріп қолдануға негізделген, өйткені көптеген қажеттіліктерді бір адамның өзі әрекет етуші өзге де индивидтердің қатысуынсыз жүзеге асыра алмайтын еді. Тіптен алғашқы қауымдық коғамда адамдардың қызметі әр түрлілігімен ерекшеленгеннің өзінде де күнделікті өмір барысында тайпаны аман сақтап қалу үшін күштерді біріктіру кажеттілігі анық сезілді. Бұл процесс қоғамның басқа түрлерінде одан әрі ұлғая берді.

Әлеуметтік қауымдастықтың формасы ретінде құрылған ұйым барлық жерде де бар. Адамдар әр қилы типтегі ұйымдардың құрамында жұмыс істейді, ұйымдастырылған қоныстарды мекендейді, сауда ұйымдарынан өмірге қажетті дүниенің бәрін сатып алады, оқиды, дем алады және басқа да қажеттіліктерін ұйымдар арқылы жүзеге асырады. Сондықтан қоғамның пайда болуын және әмір сүруі мен дамуын оның ұйымдық формаларын зерттемейінше түсіну өте қиын.

Ұйым ұғымы әлеуметтік объектілерде үш мағынада қолданылады:

1.    Коғамда белгілі бір орны бар және шектелген кызмет түрлерін атқаруға арналған институттық сипатта қолдан жасалған ұйымдар. Бұл тұрғыдан алғанда «ұйым» белгілі статусы бар әлеуметтік институт ретінде көрінеді және автономды объект ретінде қарастырылады, яғни кәсіпорындар, өкімет билігіне ие болған органдар, ерікті одақтар және т.б. ұйым мағынасында жеке атауларға ие болады.

2.    «Ұйым» ұғымы белгілі бір ұйымдастыру кызметін білдіруі де мүмкін, мұндайда кызмет түрлерін бөлу, тұрақты байланыстар орнату, үйлестіру және т.б. жұмыстар ұйымдастырылып, колға алынады. Мұндай ұйым белгілі бір объектіге мақсатты түрде ықпал етеді. Демек, ұйымдастырушы адам мен ұйымдастырылатын контингент бола алатындар процесс ретінде байқалады. Осыған орай «ұйым» термині «басқару» ұғымына сәйкес келеді.

3.    «Ұйым» ұғымы сонымен бірге қайсыбір объектінің реттелу деңгейін сипаттайды. Осы ұғым арқылы әр объектіге қажетті ерекшелік болып саналатын бөлімдерді бір тұтас орталыққа шоғырландыратын тәсіл ретіндегі белгілі бір құрылым, құрылыс және байланыс типі белгіленеді. Бұл тұрғыдан алғанда объектіні ұйымдастыру — сол объектінің қасиеті, атрибуты. Мәселен, ұйымдасқан және ұйымдаспаған жүйелер, коғамның саяси ұйымдары, тиімді және тиімсіз ұйымдар және т.с.с. жөнінде әңгіме қозғалғанда осы мазмұндағы терминдер қолданылады. «Формальды» және «формальды емес» ұйымдар ұғымдары тек осы мағынада ғана айтылады.

Әлеуметтік объект ретінде ұйым қандай жағдайда пайда болады? Әлеуметтік қауымдастықтың формасы ретіндегі ұйымдардың құрылуының екі механизмі бар: олар қайсыбір ортақ мақсаттарға көп жағдайда тек индивидуалдық мүдделер арқылы жетудің мүмкін екендігін мойындағанда немесе индивидуалдық мақсаттарға тек ортақ мақсаттарды алға тартып, ұсыну мен соған жетудің мүмкіндігі анықталғанда ғана нақты белгілі болады, қалыптасады. Бірінші жағдайда еңбек ұйымдары (кәсіпорындар, мекемелер), екінші жағдайда акционерлік коғам және бұқаралық одақтық ұйымдар деп аталатындар құрылады. Сөйтіп, мақсаттың ортақтығы әлеуметтік ұйымдардың анықтаушы белгісі ретінде қалыптасып, пайда болады.

Иерархия мен басқару қажеттігін ұжымдық мақсатқа жетушілік қана тудыра алады.

Ұйымдардың әлеуметтік қасиеттері мыналар:

—    ұйымдар қоғамдық міндеттерді шешу, мақсатқа жету құралы ретінде құрылады, сондықтан оларды зерттегенде мынандай проблемалар бірінші қатарға қойылып, баса назар аударылуы тиіс. Атап айтқанда, олардың мақсаттары мен қызмет түрлері, жұмыс нәтижелерінің тиімділікке жеткізуі, қызмет көрсетушілердің дәлелді себептері мен ынталандырылуын анықталуы керек;

—    ұйымдар адамдар қауымдастығы, ерекше әлеуметтілік құрылым ретінде, яғни әлеуметтік топтардың, статустардың, нормалардың, лидерлік қатынастардың, топтасу мен шиеленістердің жиынтығы ретінде қалыптасады;

—    әкімшілік және мәдени факторлармен детерминдендірілген ерекшелігі болмайтын байланыстар мен нормалардың құрылымы ретінде объектіленеді. Бұл тұрғыдан алғанда иерархиялық жолмен құрылған және сыртқы ортамен өзара әрекеттегі агрегирленген тұтастық ұйымдардың талдау тақырыбына айналады. Ал мұндағы негізгі мәселелер - тепе-тендік, өзін-өзі басқару, еңбек бөлінісі, ұйымның басқарылуы.

Бүкіл осы сапалардың салыстырмалы түрдегі өз бетінше дара көрінісі болады. Олардың арасына қатаң шек қойылмаған, олар бірінен екіншісіне жиі ауысып өтіп отырады. Сонымен бірге ұйымның кез келген элементтері, процестері және проблемалары осы үш өлшемнің әрқайсысында болуы тиіс, өйткені олар әр түрлі сипаттар арқылы көрінеді. Мысалы, индивид ұйымда бір мезгілде қызметкер, тұлға және элемент жүйесі бола алады. Ұйымның бөлімдері функционалдық бірлік, шағын топ және жүйекше болып бір-бірінен ажыратылады.

Ұйымдық формалардың тиімділігі синергия (гректің sunergia — ынтымақтастық) тиімділігінің пайда болуы арқылы түсіндіріледі. Әлеуметтік ұйымдарда оған катысушы индивидуалдық күштерінің жиынтығынан артық энергия байқалса, онда бұл қосымша энергияның артық жұмсалғанын білдіреді. Және де бұл құбылыс ұйымдардың өзінде басқарылады және оны күшейтуге, түрін өзгертуге де болады.

Әлеуметтік ұйымдар энергиясының арту процесі бірнеше сатыдан тұрады. Қалың бұқараның, яғни аса көп күштің бір мезгілде, бір бағытта жұмыс істеуі елеулі тиімділікке жеткізеді. Бұл дегеніміз — адамдардың жұмыста бірлесіп күш жұмсауының тиімді екендігінің айғағы. Осы жерде адамдар бірлесуінің екінші тиімдісі деп аталатын — қатысушылардың психологиялық өзара әрекеті, «бізді» сезінуі, өзара салыстыру, жарысу, топтық бақылау пайда болады.

Ортақ жұмысты қарапайым түрде бөлшектеу формасының өзі тиімділікті арттырады, мысалы, қарбызды жағадан бажыға тиеу жұмысын сол затты қолдан қолға беру арқылы жүргізу әркімнің жағадан баржыға дейін өзі тасығанынан әлдеқайда тиімді. Ынтымақтастықтың мұндай түрін К. Маркс аралас еңбек деп атаған. Алайда, бұл жерде де алдыңғы жағдайдағы секілді бүкіл қызметкерлер бір ғана операцияны жүзеге асырады.

Тиімділіктің жаңа, биік деңгейін мамандық бойынша ұйымдастырылатын еңбек бөлінісі арттырады. Қызметкер мамандану арқылы езінің дағдыларын жетілдіріп, қайсыбір өндірістік операцияны орындауда аса зор нәтижелерге қол жеткізеді. Еңбек бөлінісі еңбектің бөлшектенуіне жол ашады, мәселен, ине жасауға арналған сым өндірісте бірнеше жұмысшылардың қолынан өтеді. Техниканың дамуына байланысты мамандану одан әрі тереңдеп, операцияларды орындау қысқарады, яғни бір операция үшін бір ғана қозғалыс жасалынады, мысалы, басқару пульт інде оператор тек кнопканы ғана басумен айналысады. Сөйтіп, барлық жұмыспен машинаның айналысуы арқылы процесс те, жұмыс та аяқталады. Бұл, түптеп келгенде, техникалық және технологиялық бірліктің сенімділігі мен өзіндік құнының төмендеуін және дайын тауардың арзандығын қамтамасыз етеді. Алайда, осы тораптағы жұмыс аяқталып, тиімділікке қол жеткенімен, енді жаңа торап құрылып, өмірге жолдама алады (тейлоризм, мейоизм және т.б.). Сонымен, ұйымдық тиімділік құпиясының түп-төркіні индивидуалдық және топтық күшті біріктіру принципінде жатыр: мақсаттың ортақтығы, еңбек бөлінісі және т.б.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

...