Жалпы ән туралы | 144 қаралды
144 қаралды
Қандай адамдар музыканы көп тыңдайды?

1 жауап

Ғалымдар бізді таң қалдырудан шаршамайды. Адамдардың сүйіп тыңдайтын музыка түрі интеллектің дәрежесі мен адам мінезіне тікелей әсер етеді екен.

Мәселен, классикалық музыкаға құмар жандар ұялшақ, ал ауыр рок ұнататындар мейірімді болады екен. Бір қарағанда ылғи мұңайып жүретін рок сүйгіш жандар зерттеу нәтижесінде ең мейірімді мен ақылды адамдар қатарында болды.
Блюзді өзіне сенімді, өнер сүйгіш, жұмсақ, сабырлы, көңілді адамдар тыңдайды.
Джаз музыкасын сенімді, шығармашылыққа құмар, батыл, достары көп, байсалды адамдар, интровертер тыңдайды.
Классикалық музыканы жоғары талғамды, өзіне сенімді, өнер сүйгіш, тыныш, кейде тұйық адамдар, интровертер тыңдайды.
Рэп — қарым-қатынасқа оңай түсе алатын, көңілді адамның сүйікті музыка түрі.
Опера жоғары талғамды, жұмсақ, шығармашыл адамдардың көңілінен шығады. 
Кантри және вестерн музыка түрін еңбексүйгіш, көңілді жандар ұнатады.
Би музыкасын сүйіп тыңдап, арасында билеп те кететін жандар шығармашыл, басқалармен тез тіл табысады.
Рок музыкасын өзіне онша сенімді емес, шығармашыл, көпшіліктен гөрі жалғыздықты таңдайтын, жұмсақ, сабырлы адамдар тыңдайды.
Поп музыкасын еңбекқор, көңілді, жұмсақ, сенімді адам таңдайды.

Мәліметтер ашық ақпарат көздерінен алынды.

118,327 сұрақ
305,127 жауап
153,293 пікір
67,483 қолданушы