0 дауыс
Үлгі: Әй - шақыру, назар аударту, бері қарату мәнінде жұмсалған.       
Әй, андағы албастыңды арсылдатпай әрі кет! (А. Қаб.). Ә, гәп мұнда екен ғой! деп ойлады Гияс қазының осы алдын ала ескерген әккілігіне таңырқап (М. Сқ.). Ойпырым-ай, ең болмаса бізбен бірге оразаңды ашпайсың ба? - деді Ұлтуған өңі сынық, қабағы қатыңқы отырған еріне (Н.Әбутәлиев). Жүрегім, ойбай, соқпа енді! Бола берме тым кулкі (A.). Апыр-ай, - деді Ақан іштей, - мына казак-орыстарды тек жамбасына салақтатып қылыш таққан әумесер, ұрда-жық әпербақандар ма десем, тұла бойы тұнып тұрған өнерлі жігіттер екен-ау! (С. Ж.). - Е-е-е, сенің (Ғ. М.). - Уа, пәлі! - деді Есенбай бек, әлде кекеткені, әлде қостағаны белгісіз (М. Мағ.).
26.04.2018 1.4k қаралым

1 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Ә, гәп мұнда екен ғой! деп ойлады Гияс қазының осы алдын ала ескерген әккілігіне таңырқап (М. Сқ.)

Ә - көндігу, ойлану мақсатында айтылған одағай.

Ойпырым-ай, ең болмаса бізбен бірге оразаңды ашпайсың ба? - деді Ұлтуған өңі сынық, қабағы қатыңқы отырған еріне (Н.Әбутәлиев). 

Ойпырым-ай - ренжу, ашыну мақсатында айтылған көңіл-күй одағайы

Жүрегім, ойбай, соқпа енді! Бола берме тым кулкі (A.Қ). 

Ойбай - шошыну мақсатында айтылған одағай түрі.

Апыр-ай, - деді Ақан іштей, - мына казак-орыстарды тек жамбасына салақтатып қылыш таққан әумесер, ұрда-жық әпербақандар ма десем, тұла бойы тұнып тұрған өнерлі жігіттер екен-ау! (С. Ж.). 

Апыр-ай - таңғалу мақсатында айтылған одағай.

- Е-е-е, сенің (Ғ. М.).

Е-е-е  - жабырқау, көңіл-күйі болмау мақсатында айтылған одағай.

 - Уа, пәлі! - деді Есенбай бек, әлде кекеткені, әлде қостағаны белгісіз (М. Мағ.).

Уа, пәлі - кекету, мазақтау мақсатында айтылған одағай.

27.04.2018
үздік деді

Ұқсас сұрақтар

127,959Сұрақ
322,886Жауап
153,169Пікір
73,003Қолданушы