0 дауыс
1.3k көрілді
"Көңіліңде тұру керек бір адам"  деген əннің сөзі керек еді?

Баян Нұрмышева орындайды?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Бір адам. 
Көңілім бір құлаған 
Көз алдымда тұрады ылғи бір адам 
Алыстама, жақындама кім білсін 
Бір адам жүрегімде жүр алаң 
Көрінеді ол нұр шашырап өңінен 
Демаласың соның ғана демімен 
Сеніменен бір жүзеді теңізде 
Аспанғада бірге ұшады сенімен 
Сәл мұңайсаң, сәл мұңайсаң сол келеді жүгіріп 
Жұлдыздармен бірге саған үңіліп 
Сырласады, мұңдасады өзіңмен 
Қоңыр түнде құшағыңа тығылып 
Сенен басқа білмейді оны жан адам 
Көрмейді оны, сезбейді оны даладан 
Оның жайын білем деген жан болса екен 
Сұрасын тек жұлдызбенен, ауадан 
Мен білмеймін тазамысың күнәдан 
Тіршілік деген бұрталаңда бұралаң 
Өміріңде аңсап қана жүретін 
Көңіліңде тұру керек БІР АДАМ... 

...