0 дауыс
941 көрілді

ҚТЛ-ға түсу үшін Қазақстан тарихынан қандай сұрақ келеді? Мысалы: Ұлы отан соғысы қашан басталды? деген ба немесе тас дәуірі, үйсіндер, сақтар, темір дәуірі туралы сұрақтар келе ме? 

1 жауап

0 дауыс

ҚТЛ-ға түсу үшін сұрақтар арнайы дайындалады. Оны ғаламторда жарияламайды. Бірақ сұрақтар мектеп бағдарламасымен дайындалады. Мына сұрақтарға дайындалсаңыз болады.

Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі 
А) Қола дәуірі 
В) Темір дәуірі. 
С) Рулық тайпалық кезең. 
D) Андронов кезеңі 
Е) Тас дәуірі 
Дұрыс жауап: E

Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесі 
А) Рулық 
В) Тайпалық 
С) Қауымдастық 
D) Көшпелілер 
Е) Тобыр 
Дұрыс жауап: E

Алағашқы адамдардың тобырдан кейінгі топтасу жүйесі 
А) Тайпалық 
В) Малшылар қауымдастығы 
С) Тері илеушілер мен егіншілер ұйымы 
D) Өндірістік ұжым 
Е) Рулық 
Дұрыс жауап: E

Алғашқы адамдардың рулық қауымнан кейінгі қалыптасу жүйесі 
А) тобыр 
В) терімшілер 
С) аналық ру 
D) аталық ру 
Е) тайпа 
Дұрыс жауап: E

Қоғамда алғашқы ірі еңбек бөлінісін туғызған жағдай 
А) терімшіліктің дамуы 
В) аңшылықтың тууы. 
С) тобырдың қалыптасуы. 
D) темірді пайдалану 
Е) шаруашылықтың егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі. 
Дұрыс жауап: E

Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы: 
А) кроманьон. 
В) синантроп. 
С) неандерталь. 
D) тік жүретін адам. 
Е) епті адам. 
Дұрыс жауап: E

Ең ежелгі "епті адамның" мөлшермен өмір сүрген мерзімі. 
А) 1 млн жыл бұрын 
В) 500-200 мың жыл бұрын 
С) 100-35 мың жыл бұрын 
D) 40-35 жыл бұрын 
Е) 1 млн. 750 мың жыл бұрын 
Дұрыс жауап: E

Ең ежелгі адамның еңбек құралы 
А) Садақ 
В) Бумеранг 
С) Болас 
D) Найза 
Е) Үшкір тас 
Дұрыс жауап: E

Ежелгі "Тік жүретін адам" өкілі 
А) "Епті адам" 
В) Неандертальдық 
С) Кромонондық 
D) "Саналы адам" 
Е) Синантроп 
Дұрыс жауап: E

Толық нұсқасын мына сілтемеден қарай аласыз.

Ұқсас сұрақтар

...