0 дауыс
1.7k көрілді
Экстремист деген кім? Толық түсіндіріп бере аласыз ба?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Экстремизм (фр. extremismeлат. extremus) — «шеттеу» яғни орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету деген мағына береді) — жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы дегенді білдіреді.

Экстремизмнің пайда болу себебі, адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа бейімделген көзқарасынан пайда болады. Яғни, тек менің ғана пікірім болуы керек деген сияқты. Бұл ең алғашқы этаптары болып саналады. 

Экстремизмнің тағы бір көрінісі басқа біреуді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмейтін адамдардан шығады. Лаңкесшілер дұрыс бағытқа жол көрсететін адамдардың кеңесіне мүлдем құлақ аспайды. Олар өздерін ең таза кіршіксіз деп санап, басқаның барлығын адасушыларға жатқызып, жөн білетін адамдарды мойындамайды. Міне, осының салдарынан әлемде түрлі төңкерістер мен қантөгістер орын алуда.1

"Экстремизм» сөзінің ең жақын синонимі «радикализм». Бұл сөз де жанама түрде мейлі дінде, мінез-құлықта, пікірде болсын, қалыпты, дұрыс деп қабылданған деңгейден ауытқу. Экстремизм жалпы түрде ешбір мөлшерді, тәртіпті мойындамайтын, өзінің шектен шыққан пікірі мен іс-әрекеттері арқылы ерекшеленген адамдарды білдіреді.

Саяси ортада пайда болган Экстремизм - саяси Экстремизм, ал діни ортада пайда болган Экстремизм - діни Экстремизм деп аталады. XXI ғасырдың соңғы жылдарында діни жағдайлармен байланысқан Экстремизм қанатын кең жайып келеді. Алайда бұл Экстремизмнің пайда болу сахнасы саяси орта болғандықтан, шын мәнінде діни Экстремизм бола алмайды. 

Экстремизмнің пайда болуы. Экстремизмнің бірінші белгісі адамның надандыққа, көрсоқырлыққа негізделген өз көзқарасы, пікірінің орындалуын табанды түрде талап етуі. Мұндай адамдар басқа көпшіліктің қажеттіліктері мен ақиқи жағдайын түсінбейді немесе түсінгісі келмейді. Олар, жөн білетін, дұрыс багыт көрсете алатын адамдардың ешқайсысын мойындамайды. Өзіне сын көзімен қарау деген түсінік олар үшін жат. Олардың түсінігінде тек олар ғана тура, басқаның барлығы да адасушылар. Сондықтан да олар басқаларды әділетсіз, эрі қатігез деп айыптауды өзіне міндет санайды, өздерін кіршіксіз, таза Пайғамбардың орнында көреді. Сондықтан, аяғы эртүрлі қақтығыстарға алып баратын жалған пікірлер таратып, мэжбүрлеу арқылы осы пікірлерді мойындайтын, шариғатқа, заңға қайшы келетін қадамдар жасайды. 

Экстремистердің пайда болуының екінші себебі, олардың ешбір қажеті болмаса да эр істе шектен тыс шығып кетуге бейім тұруы. Басқаларды да осыған итермелейді. Нәтижесінде адамдар арасындағы қалыпты қарым-қатынас бұзылып, қоғамдағы үйлесімді тіршілік арнасынан ауытқып, әлеум.толқулардың тууына себеп болады.

Экстремистік көріністің үшінші түрі, сырт көзге байқалмайтын, адамдарға деген күдік пен сенімсіздіктен туады. «Күдікшіл адамдардың басқалар туралы жаман ойлайтын себебі, оның санасы басқаларды өзіне жау көрді» - дейді психотерапевт мамандары. Яғни, бір адам, екінші бір адам жайында бір нәрсе айтқан болса, онда ол өзі жайында не жақсы, не жаман нэрсені айтқан болып шығады. Жалпылама алынған «Кінәсі дәлелденбеген - кінәсіз» деген қағидаға қарсы келіп, экстремистер басқаны жылдам кінәлай отырып, тез үкім шығарады. Олар адамға қай уақытта күдікпен қараса, сол сәтге сол адам кінәлі болып шыға келеді. Неге күдіктенгенін талдап жатпайды, «ол кінәлі», деген қорытындыға келеді. Түзеуге, тәубеге келуге болатын пендешілік амалдарды сонша қиындатып, адамдарды кінәлі дәрежесінде көрулері оп-оңай.

Мәліметтер kk.wikipedia.org сайтынан алынды

...