0 дауыс
718 көрілді

Троян вирусын түбімен қалай өшіріп тастауға болады?Қайта-қайта шыға береді антивируспен тексерсем де. Білетіндеріңіз айтып жіберіңіздерші!

1 жауап

0 дауыс

Трояндық вирустар программалардың ішінде тығылып тұрады және көбінесе компьютерге жүктелетін программалар. Олар мәліметті жою, өзгерту мен көшіруге, бұғаттауға әкеліп соқтырады.

Қалай жоюға болады?

Компьютерге вирус енгенін сезсеңіз, мына ережелерді мұқият орындаған абзал:

  1. Алдымен аспай – саспай, ойланып іске кіріскен жөн екенін ұмытпаңыз.
  2. Дегенмен, бір әрекет бірден орындалуы керек – вирустың зиянды әрекеттерін әрі жалғастырмас үшін компьютерді бірден өшіру қажет.
  3. Егер компьютерге «жұққан» вирус түрін емдей алатын детектор – программаларыңыз болса, дискілерді тексеру мақсатында соларды дереу іске қосыңыз.
  4. Біртіндеп вирус жұғуы мүмкін болған барлық дискілерді тексеріп шығу қажет.
  5. Егер дискіні барлық файлдарыңыздың архивтік көшірмелері болса, онда дискіні қайта форматтап, мәліметтеріңізді бұрынғы қалпына келтіруге тырысыңыз.

Енді компьютерге вирус жұқтыру мүмкіндігін азайтатын және жұққан жағдайда оның зиянкесті әрекеттерін барынша азайтатын шараларды қарастырайық, оларды бірнеше топтарға жіктеуге болады:

  1. Информацияны әркімнің жиі пайдалануын шектеу және оның көшірмесін сақтау.
  2. Сырттан келген мәліметтерді мұқият тексеруден өткізу.
  3. Вирустан «емдеу аспаптарын» дайындап қою.

Мәліметтер ашық ақпарат көздерінен дайындалды.

...