0 дауыс
2.3k көрілді
Операциядан қалған тыртық бар еды

1 жауап

0 дауыс

Жарақаттанған терінің орнында тыртық қалуы мүмкін. Тыртықтың формасы мен көлемі денеге түскен жарақатқа байланысты. Ол терінің үстіңгі бетіне немесе тереңірек түсуі мүмкін. Көбіне тыртық теріні тартып тұрады да шұңқыр пайда болады. Ондай тыртықтартың түстері де әртүрлі болып келеді. Егер ол жаңадан түссе қызғылт, содан кейін бара-бара қоңырқай тартады. Уақыт өте келе олар түссіз немесе ақ түсті болады. Тыртықты терілер өзгеше келеді. Жұқа, жылтырап тұрады. Тыртық теріде түк болмайды. Онда сондай-ақ не май, не тер бездері болмайды. Бірақ онда жүйке мен тамырлар бар.

 

Тыртық ұзынша, дөңгелек, шұңқырлау, тор, тіпті жұлдызша секілді болып келеді.

 

Тері ауруларынан (безеу, сүйел т.б.), сондай-ақ терінің жарақаттануынан (күйген, үсік шалған, т.б.), кейде инфекциялық аурудан (шешек, қорасан, т.б.) кейін де тыртық қалады.

 

Безеу салдарынан тыртықтар негізінен бетке, әсіресе беттің ұшына түседі. Олар тартылып тұрады. Формасы да, көлемі де біркелкі болмайды. Бет кәдімгі қабығы аршылған ағаш секілденіп кетеді. Беттің үсіп, күюі салдарынан түсетін тыртық біркелкі және көлемді болып келеді.

 

Косметикалық көзқараспен қарағанда шешектен кейінгі тыртық көп қиындық тудырады. Жазылған шешектің тыртығы көбіне бетте қалады. Олардың формасы әртүрлі. Мәселен, дөңгелек, сопақ, көпбұрышты болып келеді. Көлемі де әрқалай. Тіпті бір адамның бетіне түскен тыртықтың өзі бір біріне ұқсамайды.

 

Ол тыртықты жазу оңай емес. Сондықтан үзбей массаж жасап, дарсонвализация (өте жоғары жиілікті тоқ) қолданылады. Осылай емдеген кезде ғана тыртық жұмсарып, созылады, қан айналысы жақсарады, тіннің қоректенуі артады. Бұл емді тек дәрігер ғана жасайды. Кейін де дәрігерден міндетті түрде қосымша кеңес алып тұрған жөн.

 

Пластикалық массаж да жақсы көмектеседі. Массаждың әсерін тиімді ету үшін 10-15 минут дарсонвализация жасайды. Бұл өте жақсы процедура. Бір күн массаж жасап, екінші күні оны маскамен ауыстыруға болады. Емдік курсы 20-30 реттен тұрады. Бір жарым екі айдан кейін емді тағы да қайталау қажет.

 

Егер дәрігерге көрінуге мүмкіндік болмаса бет терісін пемзамен сүртеді. Оны екі ай үзбестен сүрту керек. Ол үшін бетті сабындап, соның үстінен бір кесек пемзамен дөңгелете отырып сүртеді. Жатарда крем жағады.

Ұқсас сұрақтар

...