+1 дауыс
14.6k көрілді
Қолдағы тыртықты қалай кетіруге болады?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазіргі заманда медицина алға жылжып, қарыштап дамыды дегенімізбен, әлі күнге дейін осы тыртықтар мен кесіктерді қалпына келтіретін әдіс тапқан жоқ. Алайда біз оңай әдісті білеміз. Оның көмегімен тыртықты толық кетіруге болмас, дегенмен оның көлемін азайту мүмкін. Сонымен тыртықтың орны тез жазылуы үшін ең әуелі не істеу қажет? Егер үй жағдайында жарақат алсаңыз, дереу қайнаған таза сумен шайыңыз. Сондай-ақ, мұндай жағдайға көшеде ұрынып қалсаңыз жақын жердегі дүкенге барып, таза газсыз минералды су сатып алыңыз. Жарақатты жуып болған соң қан тоқтатутың жолдарын қарастырыңыз. Содан соң таза майлық немесе қол орамал алып, қан тамырларын қысу үшін жақсылап жараның аузына басыңыз. 5 минуттан кейін тромб қалыптасып, қан тоқтайды. Йод пен жасыл дәріні жолатпаңыз. Олардың орнына 3% сутек тотығын пайдаланыңыз. Одан кейін жарақаттың жан-жағын жақындастырыңыз. Бұл алдағы уақытта тыртықтың білінбей бітіп кетуіне көмектеседі.
Енді ісіктің алдын-алуға тырысыңыз. Ісік қаншалықты аз болса, қабынудың күші бәсеңдейді. Ісікті басудың ең қарапайым жолы – жарақаттың алғашқы минуттарында салқын компресс басу. Бұл әдіс өз нәтижесін 6-8 сағаттан соң береді.

Толық ақпарат.

+1 дауыс
Денедегі тыртықтан қалай құтыламыз?

Жұмыр басты пенде болғандықтан күнделікті өмірде әр қандай оқыс оқиғалар орын алып қалу мүмкін. Бұған ешкім кепілдік бере алмайды. Кейде мұндай жағдайлар адам өміріне қауіп төндірсе, кейде жеңіл жарақатпен құтылып, Аллаға шүкіршілік айтып жатамыз. Дегенмен, теріңе түскен, яғни денеңдегі сызаттар қалып қойып, кейде содан өзімізді ыңғайсыз сезінеміз.
Әрқайсымыз түр-тұлғамыздың сымбатты болуын қалауымызбен қатар, денемізде ешқандай тыртық, оғаш белгілер болмаса екен дейміз. Денедегі әр түрлі  кесіктер мен тыртықтар деп терідегі жараның орынында қалыптасып өзінен өзі жалғасқан жерін айтамыз.  Ал, денедегі жараға операцияның орнын, күйік шалған, іріңдеген жерлерде қалған белгілерді жатқызамыз.  Әрине, тері жазылады, бірақ міндетті түрде тыртық қалып қояды. Жазылу процесі кезінде құрамында көптеген қан тамырлары бар жаңадан қалыптасқан жалғастырғыш тері қабаты дұрыс өспейді, терінің мұндай шошайған қабаты – эпидермис. Тыртық қандай көлемде болатыны жарақатқа байланысты. Өйткені, тыртық жарақаттың ортасында қалыптасады. Жарақаттың жазылуының өзі бірнеше уақытқа созылуы мүмкін. Мұның бәрі оның көлемі мен ауырлығына байланысты.
Әлбетте ең әуелі өзіңнің аман-есен қалғаныңа қуанып, жарақаттың орнына онша мән бермейсің. Бірақ, егер сіз халық алдына шығатын, көпшіліктің ортасында жүретін қызметте болсаңыз, сырт келбетіңіздің дұрыс болғанын қалайсыз. Мұндай адамдар –  бизнесмендер, офис қызметкерлері, тележурналистер, әртістер, халықпен жұмыс істейтін менеджерлер, қарамағында қызметкерлері бар бастықтар. Қазіргі уақытта барлық қызметте жақсы түр-әлпетті, әдемі келбетті талап етеді. Ал, әйелдер жайында сөз мүлде басқа. Себебі қандай әйел болмасын сырт келбетіне аса мән береді.
Қазіргі заманда медицина алға жылжып, қарыштап дамыды дегенімізбен, әлі күнге дейін осы тыртықтар мен кесіктерді қалпына келтіретін әдіс тапқан жоқ. Алайда біз оңай әдісті білеміз. Оның көмегімен тыртықты толық кетіруге болмас, дегенмен оның көлемін азайту мүмкін. Сонымен тыртықтың орны тез жазылуы үшін ең әуелі не істеу қажет? Егер үй жағдайында жарақат алсаңыз, дереу қайнаған таза сумен шайыңыз. Сондай-ақ, мұндай жағдайға көшеде ұрынып қалсаңыз жақын жердегі дүкенге барып, таза газсыз минералды су сатып алыңыз. Жарақатты жуып болған соң қан тоқтатутың жолдарын қарастырыңыз. Содан соң таза майлық немесе қол орамал алып, қан тамырларын қысу үшін жақсылап жараның аузына басыңыз. 5 минуттан кейін тромб қалыптасып, қан тоқтайды. Йод пен жасыл дәріні жолатпаңыз. Олардың орнына 3% сутек тотығын пайдаланыңыз. Одан кейін жарақаттың жан-жағын жақындастырыңыз. Бұл алдағы уақытта тыртықтың білінбей бітіп кетуіне көмектеседі.
Енді ісіктің алдын-алуға тырысыңыз. Ісік қаншалықты аз болса, қабынудың күші бәсеңдейді. Ісікті басудың ең қарапайым жолы – жарақаттың алғашқы минуттарында салқын компресс басу. Бұл әдіс өз нәтижесін 6-8 сағаттан соң береді.
Ал, жараңыз тым ауыр және терең болған жағдайда міндетті түрде дәрігер шақыртыңыз. Олар сіздің жарақтыңызды тігіп, қанды тоқтатуға көмектеседі. Және тыртықты емдеуді келесі күннен бастап кетіңіз. Бұл сіздің ұзақ уақытыңызды алуы мүмкін. Дегенмен, жараны қабындырып, бір нәрсе жұқтырып алмау үшін осының бәріне шыдауға тура келеді. Денедегі кесіктің қай түріне болмасын күн сәулесінің тікелей түсуі, түрлі оқыс жарақаттардың зиянды екенін ескертеміз. Тіпті күннен қорғайтын жақпа майды да пайдалансаңыз болады.
0 дауыс
Болады лазермен тегістеп орнында қалдырмай жазып береді.Брак, шығындалуыңа тура келеді....
0 дауыс
Лазер-пазер. Осы ақылдарыңды 5 жыл бұрын айтқандырыңда ғой )))

Ұқсас сұрақтар

...