0 дауыс
4.9k көрілді
Қазақстанда қанша əуежай бар? Толық аты? Қайда орналасқаны қажет?

1 жауап

0 дауыс

Қазақстанда 22 ірі әуежай бар, оның 14-і халықаралық рейстерге қызмет атқарады.

 Әуежайлардың көбісінің қызметі аса жүкті емес, республиканың аэронавигациялық тасымалдау қоры қазіргі таңда өз мүмкіндігінің бестен бір бөлігінде ғана қолданылуда. Осы сала үшін Еуропа және Азия арасындағы транзиттік жүк және жолаушы тасымалы аса маңызды. Air Astana Қазақстанның ең ірі әуе компаниясы болып табылады.

Соңғы ірі инвестициялық жобалар:

  • Астана қаласындағы жаңа әуежайлық комплекстің құрылысы;
  • Атырау қаласының әуежайындағы жаңа ұшу-қону жолағының құрылысы;
  • Алматы әуежайындағы жаңа заманауи жолаушы терминалының құрылысы;
  • Ақтөбе әуежайының ұшу-қону жолағының жөнделуі;
  • Ақтау әуежайының ұшу-қону жолағының жөнделуі;
  • Ақтау әуежайындағы жаңа заманауи жолаушы терминалының құрылысы.

Қазақстандағы әуежайлық ақша жиналымы мен әуе билеттерінің бағалары Ресей мен Батыс Еуропа елдерніе қарағанда жоғары емес, бұл елдегі әуе көлігінің дамуын тежеуде.

Ақпарат қазақша уикипедия сайтынан алынды.

...