Жаңалықтар | 34.5k қаралды
34.5k қаралды

Алматы қаласы үшін 2018 жылғы Ораза кестесін қайдан жүктеуге алуға болады? Имсак - ауыз бекіту уақытымен қоса Бамдат (таң) намазының да алғашқы уақытын аңғартады. Кестедегі «Таң» уақыты болса – Бамдат намазының ықтиятты уақытын көрсетеді. Жаз айларында таң және құптан уақыттары кірмейтін қалалардың имсак уақыттары жұлдызшамен белгіленген. Осы секілді жаз айларында таң және құптан уақыттары кірмейтін күндерге Рамазан айы сәйкес келсе, тек сол күндерде уақыттары кіретін, оңтүстікте орналасқан жақын бір қаланың кестесіндегі имсак уақыттарын пайдалануға болады. Алматы қаласы 2018 жыл ораза кестесі керек еді?

4 жауап

Ассалаумағаликым ораза уақыті ауыстіма ? Қайсы куннен бастап ауыз бекітемыз ?

ҚМДБ Ғұламалар кеңесі шариғи үкім мен отандық астрономиялық ғылыми зерттеу нәтижесін негізге ала отырып: «17 мамыр – рамазан айының бірінші күні», – деген шешім қабылдады. Бұл туралы Бас мүфти Серікбай Ораз мәлімдеді.

“Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Оразаны айдың тууына қарап бастап, айдың тууына қарап аяқтаңдар. Егер ай көрінбесе, шағбан айын отыз күнге толтырып, бастай беріңдер», – деген. Демек, мұсылман жұртшылығы рамазаннан бұрын болатын шағбан айының жиырма тоғызы күні кешке қарай жаңа айдың (рамазанның) тууын күтулері керек. Жаңа ай көрінсе, онда келесі күні ораза ұстайды. Егер көрінбесе, сол айды отыз күнге толтырып, оразаны бастайды. Бірқатар мұсылман мемлекеттерінің ғалымдары осы хадисте айтылған шағбан айының 29-ыншы күні 15 мамырға, ал 30-ыншы жұлдызы 16 мамырға сай келетінін мәлімдеуде. Демек, астрономиялық есептер 16 мамырда жаңа айдың туылатынын көрсетуде. Ал 17 мамыр – рамазан айының алғашқы күні болып есептеледі” делінген хабарламада.
Толық мәліметті мына сілтемеден көре аласыз.
Менин ораза устау туралы сурагым бар еди. Менде Казир бронхит,Анда Санда тамагымды какырык жыбырлатады. Сол кезде тукирип тастаймын. Осындай жагдайда устаса болады ма?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ораза айы басталатын уақыттың өзгеруіне байланысты ораза және намаз кестесінің жаңа нұсқасын бекітті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл Рамазан айы 17 мамырда басталып, 14 маусымға дейін жалғасады. Маусымның 10-нан 11-іне қараған түн – қасиетті Қадір түні. Ораза айт 15 маусымда, ал Құрбан айт 21 тамызда басталады.

ҚМДБ Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері 300 теңге болып бекітілді.

Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.

Қазақстанның барлық қалаларындағы ораза кестесін мына сілтемеден көре аласыз.

Ұқсас сұрақтар

117,915 сұрақ
304,128 жауап
153,312 пікір
65,852 қолданушы