ҚМДБ Ғұламалар кеңесі шариғи үкім мен отандық астрономиялық ғылыми зерттеу нәтижесін негізге ала отырып: «17 мамыр – рамазан айының бірінші күні», – деген шешім қабылдады. Бұл туралы Бас мүфти Серікбай Ораз мәлімдеді.
“Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Оразаны айдың тууына қарап бастап, айдың тууына қарап аяқтаңдар. Егер ай көрінбесе, шағбан айын отыз күнге толтырып, бастай беріңдер», – деген. Демек, мұсылман жұртшылығы рамазаннан бұрын болатын шағбан айының жиырма тоғызы күні кешке қарай жаңа айдың (рамазанның) тууын күтулері керек. Жаңа ай көрінсе, онда келесі күні ораза ұстайды. Егер көрінбесе, сол айды отыз күнге толтырып, оразаны бастайды. Бірқатар мұсылман мемлекеттерінің ғалымдары осы хадисте айтылған шағбан айының 29-ыншы күні 15 мамырға, ал 30-ыншы жұлдызы 16 мамырға сай келетінін мәлімдеуде. Демек, астрономиялық есептер 16 мамырда жаңа айдың туылатынын көрсетуде. Ал 17 мамыр – рамазан айының алғашқы күні болып есептеледі” делінген хабарламада.
Толық мәліметті мына сілтемеден көре аласыз.