0 дауыс
2.5k көрілді
Қазақтың тұңғыш бард ақыны кім?

Бардтық өлеңдерді білесізбе?

"Тұңғыш рет" ХХ ән кеші" атты бард жанрын насиxаттау бағытындағы жоба жайлы естуіңіз барма?

⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️

Т І Р К Е Л Е М І З

Instagram: @tungyshret

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Бардтық әуендерді басқаша авторлық музыка деп те атайды. 

Жалпы бұл бағыт жиырмасыншы ғасырдың орта тұсында пайда болды. 50-60 жылдарда ерекше қарқынмен дамыған бұл жанр көбіне жастар арасында кең танымалдылыққа ие болған.  Айта кетелік, Кеңес одағының идеологтарының бұл мәдениеттің пайда болуына ешқандай қатысы жоқ. Бәрін жасап шығарған сол кезеңдердегі талапты да, талантты жастар. Нақтырақ айтсақ, Мемлекеттік Мәскеу университеті мен Ленин атындағы педагогикалық университеттің студенттерінің қосқан үлесі зор. 

Березовский, Сухарев, Розанова, Визбор, Ким, Якушев секілді музыканттарды аға-әпкелеріміз жақсы біледі.  Ал 60-70 жылдары бұл жанрдың басты тұлғалары Высоцкий, Галич, Туриянский, Берковский, Никиткин, Городницкий, Щербаков, Кунин, Мирзаян, Бережков секілді ұзын сонар таланттар еді.  Көптеген бардтар музыкаларында Ұлы Отан соғысындағы батырлардың ерлігі мен қарапайым халықтың өмірлік мәселелерін сөз қылуды мақсат тұтты. Мәселен, Окуджаваның "Қош болыңдар, балалар!", Высоцкийдің "Жігіттеріміз аттанды" атты әндері осыған дәлел.  Шыны керек, бардтар өздерін бұлай атағаннан гөрі, авторлық музыканттар деген сөзді дұрыс көреді. 

Қара гитарасын құшақтаған болмысы бөлек қазақ ақыны Табыл Досымовтың «Гурий Назаров ақсақалдың рухына ашық хат», «Биіктік», «Шайырдың шабытсыз шағы» сынды туындылары қазақ тыңдармандары үшін тың жаңалық, тосын құбылыс ретінде қабылданды.

«Маңдайға жазған болмыстың заңы:

Қазаққа ғана қазақ қас.

Сондықтан зармен табақтас бол да,

Азапты мініп тозаққа ас.

Тезегің қурап, текті ерің тулап,

Итжеккен асып кеткенде,

Теңселген елге сен төре болдың,

Тексізден туған тезекбас!

Сол бір тексіздер дастархандарды,

Теуіп бір кетсе төрден кеп.

Жарамсақ қулар жүйіткіді талай,

Мәскеуден ұшқан орден боп…

«Қара «ЗИМ»-дердің ала шаңдағын,

Шампуньмен жуып тазартып,

Төрелерге арнап құлын сойғандар,

Тірі жүр, әлі өлген жоқ…», – деп жырлаған Табыл ақынның жеке пікіріне құлақ түрсек, бардтық өнер қазақ топырағы үшін де жат емес көрінеді. Егер де көне кельт жыраулары өз жауынгерлерін рухтандыру мақсатында жырласа, «Қайран да менің Еділім» деп күңіренген Қазтуғаннан марғасқа Махамбетке дейінгі қолынан найзасы түспеген батыр жырауларымыздың қай туындысын алсақ та, ерлік пен өрліктің сарыны есіп тұрған жоқ па?! Алмағайып заманда өзінен күші басым жауға қарсы тұрған ерлердің еңсесі түспеуі үшін қасиетті қара сөздің киесі басым болды.

Жалпы, жұрт арасында «бард» деп сөзін де, әнін де өзі шығарып орындайтын әншіні атайды» деген жаңсақ ұғым бар. Сөз жоқ, бард ақын – өз туындысының сөзінің де, сазының да егесі. Бірақ, олардың ерекшелігі әннің сазынан гөрі, сөзіне мән беруінде жатыр. Заман өзгеріп, дүние ауысқан сайын, бардтық әндердің де тақырыбы алмасып келеді. Алғаш өмірге белгілі бір дәстүрді насихаттау мақсатында келген бұл туындылар кейін ерлікті үндейтін дауылпазға айналды. Бүгінгі күнде бард ақындар қарапайым пенде байқай қоймайтын, байқаса да шегіне жеткізіп айта алмайтын қоғамның қасіретін жырлайды. Қалай айтқанда да, жеті шекті аспаппен орындалатын бұл шығармаларды жігеріңді шыңдап, жебедей шындықты жетеңе жеткізе сөйлететін, жеңіске бастайтын туындылар деп ұғыну керек.

Мәліметтер ашық ақпарат көздерінен алынды.

+1 дауыс
Менің ойымша қазірше айтқандағы Бард ақын дегеніміз бұрынғы жыраулар, өз айтарын, өз ойын өз ырғағымен қаймықпай жеткізетін ақындар, Әрине Табылды Досымов

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
3 жауап
...