0 дауыс
22.3k көрілді
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың "Кім жазықты? "романындағы Әжібайға тән қасиеттерді қазіргі жастардың бойындағы мінез-құлық қасиеттерімен талдап беріңіздерші?

1 жауап

0 дауыс

Романның негізгі тақырыбы – әйел теңсіздігі, өз заманының әлеуметтік мәселесі.  

Шығарма желісі бойынша Әжібай – Тасболаттың кенже баласы. Ол байлықтың арқасында бірнеше әйел алды. Әмеңгерлік салтымен, әке ұйғарымымен алған алғашқы әйелі – жеңгесі – Жаңыл, жасы 18 – де, ал Әжібай бұл кезде 13 – те еді.  Арада 3 - 4 жыл өтіп, Әжібай 18 – ге толады. Арақ пен темекіге бірдей үйір болады. Үйде сырдаң, түзде мырзаң күй кешеді. Қала қызы Аппақайға көзі түсіп, сөз салады. Қызды қарата алмай жүргенде, үйінің жағдайы нашарлайды. Әжібайдың онымен ісі болмайды. Әке мен бала арасында ұрыс болады. Елге мазақ болады. «Өз әйелдеріңді сүймесең, қалаған қызыңды айт, алып беремін, малым жетеді», - деп әкесі ұлына тағы екі әйел алып береді. Бірақ ел кезуін қоймайды. 

Сонымен:

Әжібайдың бірнеше әйел алуы, сүймегеніне жастай үйленуі, ол – әкесінің Әжібайдың жеке басының құқығына қол сұғуы деп дәлелдеймін. Ал әйелдерін ұрып соғуы, баласына әкелік мейіріммен қарамауы, ол сол кездегі жастардың баласын ата – әже бауырына салуы десем, «әйелді бастан» деген қазақтың ата салты себепкер болып тұр. Әжібайдың шаруашылыққа қарамауы байлардың құл, күң ұстауы дер едім. Әжібай өз басы әйел құмар емес, қай кезде де жастар үйлену мәселесін өз құқықтары бойынша шешу керек. Ол қазақтың салты бойынша әке – шешенің сөзін жерге тастамады, сондықтан үйленді. Бұл жерде де ол кінәлі емес.
Тасболат ұрпағының бұзылуына сол кездегі солар жасаған орта, дәуір, қоғам жазықты деп танимын. Қазақтың ескі салт – дәстүрі жазықты.

Мәліметтер ашық ақпарат көздерінен алынды.

...