0 дауыс
6.7k көрілді
Қаздар қайтып барады әнгімесіне композициялық талдау жасау?

1 жауап

0 дауыс

Әңгіме құрылысына талдау жасау:

Экспозицияда қандай тілдік көркемдік құралдар қолданылған? Олар қандай қызмет атқарып тұр?

Бұл шығармада экспозиция қандай қызмет атқарып тұр? Қандай бояу басым? Ол нені білдіреді? Қия жартасты жарып шыққан қарағайлар нені білдіреді? Шығарманың экспозициясы қандай әдіспен берілген?

Басталуы

Басты кейіпкер Байтас қартпен қалай танысамыз?

Байтас қартты осыншама өлермендікпен жетелеп келе жатқан қандай күш?

Шығарма жазғы жәрмеңкесі тарқаған қоңырқай күз мезгілін суреттеуден басталады.Жазушы қоңыр, сары түсті көп қолданады.Мысалы…

Күзгі өкпек желге шыдай алмай, өсімдік атаулы дір-дір қағады.Осы суреттер арқылы елге деген сағыныштан жаны тоналған Байтас қарттың ішкі жан дүниесін суреттейді. Табиғаттың түлей күшіне қайсарлықпен қарсы тұрған қарағайлар – Байтас қарттың әйтеуір елге бір жетемін деген үзілмейтін үміті, мәңгі солмайтын арман-мақсаты… т.б.

Тау іші. Иен жайлау.-атаулы сөйлем...

Сопыдай күбірлейді.нардың жалғыз өркешіндей, жараның орнындай-теңеулер… эпитеттер… Суреттеу, авторлық баяндау, портреттеу, кейіпкердің ішкі толғаныстары арқылы Байтас қарттың образын былайша аша түседі…

(Кітаптан тауып оқу немесе баяндау әдісімен Байтас образын ашу )

Жолдағы кедергілер — алып шыққан сусынының таусылуы; сілесі қатып, табаны ойылып қалжырап шаршауы; бір жағынан ұйқының қысуы т.т. Жолда қандай қиындықтарға тап болды?

Дамуы

Шиеленісуі

Қасқырмен аңдысуы қалай суреттеледі?

Алладан тілеген ақырғы тілегі қандай?

Туған жерге жетсем деген ой қандай оқиғалардан кейін келді?

Қасқырмен аңдысуын — баяндау әдісі арқылы сұрау

Алладан тілеген ақырғы тілегін әңгімелей отырып, Байтас қарттың осы жолға шығу себебін анықтау.

Проблемалық сұрақ: Ата мен немере арасындағы диалог не үшін алынған?

Диалогты сұрай отырып, негізгі авторлық идея осы шағын эпизотта жатқанын ұқтыру.

Шарықтау шегі

Шекара бағандарының тұсына келген кездегі қарттың іс-әрекеті, сезім күйі?

Әңгімеде ұлттық менталитетімізге тән қандай белгілер бар?

Қарттың жан дүниесіндегі болып жатқан сезімдерді өз жүректерімен сезіне отырыпәңгімелеу

·Үлкенге тән тәубашылдық.

·Ата-бабаның аруағын сыйлау, құран бағыштау.

·Туған жер топырағынан тұмар тағу, топырақ тартады деген наным-сенім

·Өлгенде де туған жердің топырағы бұйырсын деген тілек.

·Атамекен, туған жерге деген шексіз сүйіспеншілік т.б.

    Шешімі

    Қазақтардың шекара асып елден кету себебін тарихи деректерге сүйене отырып, мұғалімнің көмегімен толықтыра әңгімелеу.

    Мәліметтер ашық ақпарат көздері арқылы дайындалды.

    ...