0 дауыс
12.6k көрілді
8 наурызға анама не сыйласам болады? Сатып ала алмаймын, ақшаны анамның өзі ұстайды. Өзінен сұрау ыңғайсыз емес пе? 8 наурыз жақындап қалды. Қолдан жасалған гүл мен ашықхаттан басқа не бар?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

8 наурыз күні құттықтауымыз керек алғашқы адам – анамыз. Өйткені бұл мереке абзал аналарға арналған. Егер анаңыз жаныңызда болмаса, сағат тілі түнгі он екіні соққанда, телефон шалыңыз. Жылы лебізіңізді айтып, жүрегіңізден шыққан тілегіңізді ақтарыңыз. "Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада" демекші, бұл күні анаңызға жақсылап көңіл бөлуге тырысыңыз. Күйбең тірлікпен анамызға қатты сөйлеп қалып жатамыз. Сондай сәт үшін анаңыздан кешірім сұрауыңызға болады. Оған қатты жақсы көретініңізді айтудан тартынбаңыз, егер айта алмасаңыз, хат түрінде жазып жіберіңіз. Одан бөлек, анаңызды қуантатын сыйлықтар сатып алыңыз. Қалтаңызға қарай, киім-кешектен бастап, шипажайға жолдама, тұрмысқа қажетті заттар сыйлауыңызға болады. Мысалы, төсек-орын жабдығы, үй киімдері, әмиян, иіссу, мәзір жазылған кітап, т.б. Міндетті түрде гүл сыйлауды ұмытпаңыз. Бөлме гүлі де – жақсы сыйлық.


https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/8_nauryiz_2017/44270/

0 дауыс

8 наурыз мерекесі жақындап қалды. Ал сіз жақындарыңызға не сыйлаймын деген оймен бас қатырып жүрсіз бе? Ендеше. нәзікжандыларды қуантуға болатын мерекелік сыйлықтар тізімін ұсынамыз.

Көктемнің көркі – гүл. Нәзікжандыларға гүл сыйлау ешқашан сәннен шықпайды. Әйел заты үшін сыйлыққа гүл алу әркез жағымды. Алайда, мереке қарсаңында гүлді басқа сыйлыққа қосымша ретінде ұсынған дұрыс. Қоғамда гүл сыйлаудың түрлі әдептері қалыптасқан. Мысалы, гүлді тақ санмен сыйлау керек. Гүлдің түсіне де қатысты пікірлер бар. Ақ түс – сезімді, қызыл – махаббатты, сары түс – сыйластықты білдіреді. Сондай-ақ, қазір гүл құмырасымен ұсынылатын “тірі” сыйлықтар сұранысқа ие. Себебі, гүлшоқтарын сыйлау тым қарапайым болып көрінуі мүмкін. Қазір нарықта “Әйел бақыты”, “Жасмин”, Гардения” гүлдері танымал.

Қыздар қауымы суретке түскенді жақсы көреді. Қыдырғанда да, тамақ ішкенде де, сіз берген сыйлықты да суретке түсіретін қыздар да бар. Жеке фотографы болудан шаршасаңыз, мереке қарсаңында кәсіби маманның көмегімен фотосессия жасап беріңіз. Нағыз маманның объективінің алдында кез-келген бойжеткен өзін фотомодель сезінеді. Уақыт өткен соң ол суреттерге қарап, мерекелік сыйлықты қуанышпен еске алатын болады.

Қыздарға техника сыйлауға болмайды дегенді қайдан естідіңіз? Керісінше, мұндай сыйлықты кез-келген ару алақайлап қабылдайды. Гүл, ыдыс-аяқ сияқты дәстүрлі сыйлықтардан жалықсаңыз, жаңашылдыққа бет бұруға болады. Қанша дегенмен, XXI ғасыр ғой.

Мереке қарсаңында ұялы телефон, жаңа ноутбук, тіпті болмаса, қысқа толқынды пеш немесе жұбайыңыз бен анаңызға, әпке-ұарындастарыңызға шаңсорғыш, үтік, шаш кептіруге арналған құрал сыйлауға да болады. Бірақ, олардың қандай техниканы қажет етіп жүргенін алдын-ала сұрап, біліп алғаныңыз абзал.

                                         Толық нұсқасын мына сілтемеден оқуға болады. 

...