0 дауыс
690 көрілді
тиімді ЖК ашу үшін рет ретімен не істеу керекБірінші Цонға барып тіркелемін бе алде Банкке бару керек өтініш сіздерден ретімен кайда барамын не істеймін соны айтсаңыздар рахмет

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

“Өз кәсібімді ашамын” деп, бір тоқтамға келгеннен кейін, көпшілігі “ЖК ашқан дұрыс па, әлде ЖШС ашуым керек пе?” деп ойланып жатады. 

Осыған қатысты халыққа қызмет көрсету орталығының, салық басқармасы кеңесшісінің, сондай-ақ бухгалтердің кеңесіне жүгіндік.

Жеке кәсіпкерлік өз бетінше қызмет ететін бір ғана жеке тұлғадан құрылады.

Артықшылығы:

  • Тегін әрі жылдам тіркеуге болады (шамамен 20 минутта жеке кәсіпкерлігіңізді аша аласыз).
  • Мемлекеттік реттеуге аз ұшырайды. Декларацияны (кәсібіңіздің есебін) жылына екі рет қана тапсырасыз.
  • Тым көп құжаттар жүргізуді қажет етпейді.


Жеке кәсіпкерлікті қалай ашамын?

Жеке кәсіпкерлікті халыққа қызмет ету орталығынан немесе үйіңізде отырып-ақ egov.kz порталынан, сондай-ақ elisence.kz сайты арқылы аша аласыз.

  • Тіркелу үшін өзіңізбен бірге төлқұжатыңыз болса жеткілікті.

Құжаттар тапсырылғаннан кейін, салық басқармасынан жеке кәсіпкерлікті растайтын талон мен хабарлама беріледі. Сонымен, сіз жеке кәсіпкерліктің иесі болып шыға келесіз.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

!!! Жеке кәсіпкерлік бір ғана тұлғадан тұруы міндетті емес
0 дауыс
Иа ЦОНға барып аштырасың. ЦОНға барсашы түсіндірəп
...