0 дауыс
1.1k көрілді
Тылсым дүниенің сырлы әлеміне эссе керек тезірек.

1 жауап

0 дауыс
Өткен ғасырдың елуінші-тоқсаныншы жылдары аралығында қазақ жырына қазына қосып, елді елең еткізіп, топ жарған тұлғалы ақындардың ең басында сырлы өлеңнің сұңқары Сырбай Мәуленов тұрды. Сол бір жылдарда Сырбай лирикасының сырлы әлемімен тыныстап, өмір сүрген өлең сүйер қауым жарқыл қаққан найзағайдай жалынды жырлардың жаңғырығын әлі күнге дейін естен шығармай жадында сақтап келеді.

Оның жастық шағы, бозбала кезеңі бүкіл халықтың басына түскен ауыртпалық – сұрапыл соғыспен тұспа-тұс келді. Сол соғыстың алдында ол Қостанай өңіріндегі боздала – «Жаркөл» стансасынан Отан алдындағы борышты міндетін атқару үшін әскерге алынып, Дондағы Ростовтан бір-ақ шыққан болатын. Сол кездің өзінде-ақ болашақ ақынның жыр жолдары жас жүрегінде ұшқын ата бастап еді:

– Он сегізде әскермін,

Ростовта келемін.

Күздің желі ұшырған,

Жаздың жасыл желегін.

Көзден ұшты кешегі,

Аққу сынды айқай жаз.

Донда толқын көшеді,

Сол толқынға айтам наз.

Дабыл жиі қағылып,

Оятады ұйқымнан.

Тек түсіме енеді.

Алыстағы үй – туған.

Аптада бір келеміз,

Казармаға қонақтай.

Шығармақшы бізді Отан,

Шынықтырып болаттай.

Бұл – 1940 жылдың қазан айында Дондағы Ростовта жазылған өлең.

Ақынның өзі айтқандай, «болаттай шыныққан» бозбала Отан алдындағы міндетті әскери борышын абыройлы атқарып елге оралған бетте, жайнаған жаз айында ойда-жоқта сұрапыл соғыстың от-алауы бұрқ ете қалады.

Міне, осы сәттен бастап, бейбіт өмірдің бей-жай күйін, алаңсыз кескін-келбетін кестелеп, өз өлеңіне арқау етіп жүрген жас ақынның жырлары туған елден қан майданға аттанған алғашқы сәттен бастап-ақ, мүлде бөлек күй кешіп, ерекше бұлқынысқа ие болады.

Қоңырау қағылып,

Жылжыды эшелон.

Сағымды жамылып,

Қалды артта неше жон.

Қалды артты туған үй,

Қара түн жасырып.

Дауыл боп тула күй,

Жарқыра жас үміт.

Мен енді жауынгер,

Қатерге буған бел.

Батысқа жол тарттым,

Сен үшін, туған ел.

Бұл 1942 жылдың қоңыр күзінде, «Жаркөл» стансасында қан майданға аттанып бара жатқанда жазылған жыр.

Алғашқы адымнан бастап мазасыз күй кешіп, тұтана бастаған жырдың алау-оты бара-бара ақ жалынға айналып, көңілінің көгінде тынымсыз нажағай ойнап жатты.

Барған бетте от пен оқтың ортасынан бір-ақ шығып, қан майданға қапысыз араласып кеткен ақынның бұдан былайғы жырларының бәрі де жалынды, дабылды, зеңбіректің үніндей ызалы да ызғарлы.

Қып-қызыл боп тұтылып,

Бұлтқа кірді азалы ай.

Қара аспанда қанжардай,

Жарқылдады нажағай!

Бұл жас жауынгердің қан майданның ортасынан туған сол кездегі сұрапыл соғыстың жанды суреті, жалынды жүрек үні. Осыдан бастап, өмірінің соңына дейін Сырбай өлеңдері қызыл шоқтай жанып, алаудай жалындап, үзілмес жырға, сөнбес нұрға айналды.

«Жаркөлден» жол тартқан эшелон оны Волхов майданынан бір-ақ шығарды. Осы сәттен бастап, ақынның өлең-өмірі Волхов даласымен біте қайнасып, қан майданның қатал суреті, қаһарлы бейнесі бір сәт қағас қалған емес. Көзі көрген оқиға – көңіл-күй сезімдері жан түкпірінде шиыршық атып, от-жалынмен араласып, өлең болып өріліп, жыр болып төгіліп жатты.

Шаршаған жол батып,

Волховтың батпағында.

Жатыр бие толғатып,

Зеңбіректің арт жағында.

Фугас бомбасы,

Жерді өртеген қиын күнде.

Тіршілік жолдасы

Бүлкілдейді биенің бүйірінде.

Адамдай жапа шегіп құса-мұңнан

Сәби бір үн сағынған.

Жалын тарап, көзіне үнсіз қарап.

Солдат оның сипайды құрсағынан.

Шашыраған көк жалынан бүркіп темір,

Орманның іші үрейлі.

Ал оттың ортасында –

Шіркін өмір,

Құлын боп кісінейді!

Мұндай мұңлы сурет, талайлы тағдыр қалайда қайталанбайды. Бұған дейін адамзат баласының басынан сұмдық-сұрапыл, сойқанды соғыстың сан түрі жүректі тітіркенткен шығар. Майдансыз-соғыссыз кезең, адамзат баласының бейбіт дүниесі бір қалыпты болады деп, ешкім де кепілдік бере алмайды. Болашақтағы соғыс үні бұдан да үрейлі, бұдан да қатал, бұдан да қаһарлы. Адамзат баласы «басқа бермесін» деп тілейтісайтиғыстың жолы – басқа жол, қысқа жол.
Толығырақ мына сайтта:
https://egemen.kz/article/syrly-alem

Ұқсас сұрақтар

...