+4 дауыс
517 көрілді
Мен өз ағайымды ұнатамын. Ал оның сабақтары бітті, енді болмайды, не істесем екен? Ол да мені ұнататын сияқты. Бірақ біз ешқашан өзге тақырыптарға бармайтынбыз. Тек сабаққа қатысты нәрселер ғана. Меніңше бізге уақыт жетпей қалған сияқты. Одан қол үзгім келмейді, не істесем болады?

1 жауап

+8 дауыс
 
Жақсы жауап
1. Ағайыңыз үйленген ба?
2. Сіз қайда оқисыз?
3. Ағайыңыздың сізге деген сезімін қайдан біліп жүрсіз?

Сізге айтар кеңесім сезіміңіз алдай көрмесін, сезім дегенге қатты беріліп қиналып, азаптанудың, қайғырудың мүлде қажеті жоқ. "Бұйырған кетпейді, қуған жетпейді" - дейді емес па атам қазақ. Ол сізге және сіз ол үшін жаралған жан болсаңыз әлбетте барлығы ойлағандарыңыздай болады. "Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды", "От жанбаса түтін қайдан болар" деген ойға сүйенсек, сіздердің сезімдеріңізге әлдебір себеп болған ұқсайды. "Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді" - демеуші ма еді. Мүмкін сіз қас қабағыңызбен, көз қиығыңызбен әр мезетте білдіріп жүрген боларсыз. Сонда да жауапты ағайыңыздан күткен абзал.

Біз психолог айтқан екен: "Махаббат - ол да бір психикалық аурудың түрі" - деп соған байланысты болар сіздің мұнша күйзелісте жүргеніңіз. Сізге ең дұрысы жеңілдеп, аспандағы айға қол созып қиналғанша, өзіңізге сабыр ұялатқайсыз. "Любовь зла, полюбишь и козла" - дейді орыс халқы. Әрине бұл әжуа не болмас келемеж емес деп түсінгейсіз. Егер сіз мектеп оқушысы болсаңыз, сізге айтар кеңесім одан да сабағыңызды жақсылап бітіріп жоғарғы оқу орнына дайындалып басқа да мақсат - мұраттарға жетуге талпынғайсыз.

Бұл тек өз пікірім ғана.
1) Ол туралы бәрін біліп алғанмын. Ол үйленбеген.
2) Мектеп емес және вуз емес, ашейін бір курс қана. 2 айлық-3 айлық боладығо,сондай бір курс.компьютерлік оқу
3) жалпы 3 ші сұрағың біртүрлі екен, адамның сөйлеуінен, қарым-қатынасынан білуге боладығо. мен бірдеңе түсінбесем,жетіп келед қасыма,басқаларына 2-3 сұрағаннан кейін барады. Соткам шырылдап, шығып сөйлесейін десем,жібередіғо, бірақ біртүрлі қарайды. Бір сөзбен айтқанда, человек всегда же чувствует когда кто-то к нему или к ней не равнодушен (не равнодушна),

мен мектеп оқушысы емеспін, вузда оқим,.  бірақ  бұл ағайымның менің вузыма түк қатысы жоқ. және ол ағай дейтіндей үлкен ағай емес, группадағы балдар кадімгі құрдасындай амандасады,
Осы кезде ұлы ақын, қазақ ағарту саласының басты өкілдерінің бірі Абай атамыздың өлеңін жаза кеткенді жөн көрдім.

Ғашықтың тілі — тілсіз -тіл

Ғашықтың тілі — тілсіз -тіл,
Көзбен көр де, ішпен біл.
Сүйісер жастар қате етпес,
Мейлің илан, мейлің күл.
 
Ол тілге едік ондайлы,
Қарыпсыз біліп сондайды,
Біліп-ақ, ұғып қоюшы ек,
Енді ішіме қонбайды.
 
Яғни ендігі харакет тек ағайыңыз жақтан болғаны абзалырақ. Қойылған сұрақтарыма жауап жазғаныңызға көптен - көп рахмет. Белгілі бір пікір айтпас бұрын нақты жағдай қандай екенін білгім келген.

Барлығын айта келе тағы да бір өлеңді қалдыруды ұйғардым:

Сағаттың шықылдағы емес ермек

Сағаттың шықылдағы емес ермек,
Ћәмиша өмір өтпек — ол білдірмек.
Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,
Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.
 
Сағаттың өзі — ұры шықылдаған,
Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған.
Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті,
Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман.
 
Өткен өмір белгісі — осы сыбдыр,
Көңілді күнде сындыр, әлде тындыр.
Ақыл анық байқаған қылығыңды,
Қу шыққансып қарасып босқа бұлдыр.
 
Күн жайылып ай болды, он екі ай — жыл,
Жыл жайылып, қартайтып қылғаны — бұл.
Сүйенген, сенген дәурен жалған болса,
Жалғаны жоқ бір тәңірім, кеңшілік қыл.
 
Барлығына да уақыт емші. Тек ұшқын сезім болмаса дағы.
Ойыңызбен бөліскеніңізге коп рахмет!
Әрқашан дайынбыз.
Ағайым звондады, дәл осы сәтте өзімді керемет бақытты сезініп тұрм, сізбен бөліскім  кеп кетті...
Мен де сіз үшін қуаныштымын. Бақытты ғұмыр кешуді Алла тағала нәсіп етсін. Жаңа жыл сізге табысты жыл болсын. Бақыты болыңыз!!!
Сізге де Жаңа жылда жаңа табыстар тілейм! Езуіңізден күлкі кетпесін! Алланың нұры жаусын!
...