+1 дауыс
9.6k көрілді
Қанның вена қан тамырымен ағуы

1 жауап

0 дауыс

Вена қантамырлары (лат. vena - қантамыр, сіңір) — мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға және т. б. қаныққан қанды жүрекке тасымалдайды. Артерия қантамырларына ұксас веналардың да кабырғасы 3 кабаттан тұрады. Артерияларға қарағанда веналардың бұлшықет қабаты нашар жетілгендіктен, қабырғасы жұка, жұмсак, серпімділігі аз болады. Вена қантамырларының бір тобы терінің астына жақын орналасқандықтан, тарамдалған көк түсті тамырлар жай көзге айқын байқалады. Әсіресе қарт адамдарда бадырайып анық көрінеді. Артерияларға қарағанда веналарда қан козғалысы баяу.

Вена қантамырлары орналасқан орнына байланысты теріге жақын жатқан және тереңде жатқан деп екі топқа бөлінеді. Веналық қантамырларымен канның ағуына сол қантамырлардың жанындағы бұлшыкеттердің жиырылуы да көмектеседі. Денеден жиналатын вена қаны, алдымен ұсақ вена қантамырларына жиналады. Ұсақ вена қантамырлары өзара қосылып, ірі вена қантамырларын түзеді. Ең соңында бүкіл денеден жиналатын вена қантамырлары жоғары және төменгі қуысты вена қантамырларына айналады. Бұл екі вена қантамырлары вена қанын оң жақ жүрекшеге әкеледі.

Өкпеден келетін 4 өкпе вена қантамырлары сол жақ жүрекшеге артерия қанын тасиды.

Вена тамырларының ерекшелігі - ішінде жарты ай тәрізді қақпақшалары болады. Ол қақпақшалар қанның жүрекке қарай қозғалуына әсер етпейді, тек кері ағуына кедергі жасайды.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 10.04.2021 Тазалық сұрақ қойды
...